951

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қорқақ-махаббатқа қабілетсіз, махаббат-ержүректің еншісі.М.Ганди

952

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Оқу- адамды білімді болуға, әңгімелесу- тапқырлыққа, естігенді жазып отыру дәлдікке тәрбиелейді. Ф. Бэкон.

953

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та бақытта қонады" деген сөзге сүйенсек,жағымсыз қылық-қасиеттер болса одан арылту қажет.

954

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бірлігі жоқ ұлыстың
Көптігінен не пайда?

Ұстары жоқ қылыштың
Өткірінен не пайда?
Бір-біріне от шашқан
Ерлеріңнен не пайда?
Құлқын үшін топтасқан
Ездеріңнен не пайда?
           Фариза Оңғарсынова

955

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Құндылықтар практикасының" аяқталуымен құттықтаймын! "Жүректен - жүрекке" деңгейіне сәттілік!

956

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Жер-ананың мен сүйікті перзенті,
Осалсың деп айта алады маған кім?!
Менің ізім жердің бүкіл келбеті,
Ажарымын дүниенің, адаммын!
Өкпелетіп көрген емес жер мені,
Жер-ананы өкпелетем неден мен.
Өз қолыммен салынған бар өрнегі,

Жыртығын да жамаймын өз денеммен.
                            Əбіш Кекілбаев

957

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Сәттілік бәріңе сәттілік,
Шабытпен шығарды әккі қып.
Өзіңді тануға жетелер,
Сәттілік - ақиқат әккілік, деп староста айтты деп түсініңіздер.

958

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Жүректен жүрекке кезеңге барлығыңызға сәттілік тілеймін!

959

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

«Күйме»мысалында «арбакеш – ақыл, екі ақбоз ат – сезімдер, күйме – дене, күйменің
ішіндегі иесі – жүрек» деп алсақ, ақыл жүректің айтқанын тыңдауы керек,
сезімдер өз бетімен кетпей, ақылға бағынуы керек. Сондықтан, адамдар жүректі
тыңдауды ұмытпауы керек. «Ақыл – дерексізұғым, оны нақтылап тұрған зейін, парасат, даналық, зерде, зеректік, пайым.
Ақылды саралап, анықтаушы - жүрек» деп, Абай атамыз текке айтпаған. Жүректі
тыңдаған адам ішкі тыныштыққа кенеледі екен.

960

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Шаңырақ шаттығы мен жарастығының негізінсүйіспеншілік құрайды. Яғни, бір үйде тұратын адамдардың бір – біріне деген
махаббаттары сол үйге жақсылықтар әкеледі. Сол себепті үйде сүйіспеншілік
болса, сыйластық та, адалдық та, мейірімділік те, береке де, бақ та, байлық та
болады.

961 (2015-12-08 18:21:04 отредактировано Дидар Бериковна)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бақыт
Толстойдан біреу «Адам қай кезде бақытты бола алады?», – деп сұрайды. Толстой: «Қолда барына қуанып, қолда жоқты ойламаған кезде», – депті.

962

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ұстазға жас жігіт келіп шәкірттікке қабылдауын сұрайды. - Ол саған не үшін керек? - деп сұрайды ұстаз. - Қайратты да қайсарлы болғым келеді. - Енді болмайсың ба! Айналаңа мейірімді, кішіпейіл және ілтипатты бол. Мейірім мен ілтипат арқасында елдің құрметін аласың. Ішкі дүниең тазарып мейірімге толады, яғни, жігерлі боласың. Ілтипаттың арқасында кішкентай да болса өзгерістерді байқайтын боласың да, көптеген қиындықтарды алдын ала болжай аласың, яғни, ұрысқақтығыстарға кірмей тұрып оларды жеңіп шығасың. Талас-тартыстардың алдын көре алатын болсаң, ешкім жеңе алмайтындай қайратты бола аласың. - Қалай сонда? - Иә, ешкім сені жеңе алмайтын болады, өйткені ешкіммен егеспейсің. Жігіт кетіп қалады. Бірақ бірнеше жыл өтіп, ұстазға қайтып келеді. - Не іздедің?  - деп сұрайды қария. - Сіздің аман-саулығыңызды және қандай да бір көмегім керек пе деп сұрайын деп келдім, - дейді. Сол кезде ұстаз жігітті шәкірттікке алады.

963

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Төрт түрлі нəрсеге үйретемін:Бірінші – кітапты түсініп оқуға;Екінші – адамгершілікті сақтауға;Үшінші – Отанға адалдыққа;Төртінші – əділдікке.Конфуций

964

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Жақсы кісі түсінуге тырысады, бірақ одан пайда іздемейді. Жай адампайда іздейді, бірақ түсінуге тырыспайды.Конфуций

965

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім.Сейіт Кенжеахметов

966

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Жақсы кісі деп сөзінен ісі көрінетін, айтқан сөзін кейіннен өзі ұстана-
тын кісіні айтады.
                      Конфуций

967

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Өзіңе сен, өзіңнің күшіне сең,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысың да сыйлайды, жақының да,
Өзіңді - өзің төменге түсірмесең.
                                                 Ә.Тәжібаев

968

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы кеш, құрметті әріптестер!

969

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Құрметті,әріптестер, "Жүректен жүрекке" үшінші кезеңге басқан қадамдарыңыз сәтті болсын!Емтиханды ойдағыдай тапсырып, қуанышты көңіл - күймен отбасыларыңызға аман - есен оралуларыңызға тілектеспін!

970 (2015-12-08 22:02:17 отредактировано Галия Райымбекова)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

 Математика мұғалімі көзге көрінетін нақты формулаларды тақтаға жазып жатып; «Арамызда көзге көрінбейтін дүниелерге сенетіндер де бар шығар?» - деді.
Бір оқушы орнынан тұрып:
- Әрине, - деп жауап қайтарады.
- Маған қара, адам көзге көрінбейтін, қолмен ұсталынбайтын заттардың болмысына сеніп, ол жайлы сөз етсе, ол ақылдылыққа жатпайды, - деді.
- Апай, сіз балаңызды жақсы көрген кезде, мейіріміңіз қолға ұсталына ма, ал бір кедейге садақа беріп тұрғаныңызда, оған деген жанашырлығыңызды шығарып,үстелге қоя алар ме едіңіз? – депті.

971

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Салеметсіздерме, әріптестер! 
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
                                                                                                             Ы.Алтынсарин

972

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне,
шәкіртіне деген сүйіспеншілікті
жинақтаса, ол нағыз ұстаз.
                                                        Л.Н.Толстой

Өте дұрыс айтылған. Біз, ұстаздар, өз шәкірттерімізге риясыз сүйіспеншілікпен қарауымыз керек. Сонда оқушыларымызда бойларына сүйіспеншілік құндылықтарын дамытып, дұрыс әрекет жасайды.

973

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

С. А. Назарбаева: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамныңміндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін»

974

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

«Егер кім де кім үйлесімді жан болғысы келсе, сүюді үйренсін;  егер кім де кім балаларды 
үйлесімді  тәрбиелегісі  келсе, оларды 
сүюге  үйретсін»
                                                          
                                           Януш Корчак

975

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Адамның ой зердесі қаншылықты терең болса, олсоншалықты нағыз тұлға. Қандай бір зат болмасын, әрқашанда - оның ішіндегі
маңызы сырт қабатынан көп болуы тиіс. Кейбір адамдар болады, қаржы
жетпегендіктен бітпей қалған, сыртқы беті ғана бар үйлерге ұқсайтын:
кіреберісіне қарасаң - зәулім сарай, ішіне кірсең - лашық. Бұл жерден баспана
табамын деу бекер, ортақ тілде сөйлесетін адам жоқ: аман-саулықтан соң сөзің
таусылады. Алғашқы сыпайылық пен ілтипат кезіндегі жылмаң қағып шүйіркелесу
біткен соң үндеместік орнайды - ой қозғайтын сөз болмағандықтан әңгіме тез
таусылады. Мұндай адамдар өздері сияқты тайыздарды тез аузына қарата алады,
бірақ терең зерделілермен ой теңестіре алмайды,