1,026

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бір-біріне өкпелі екі достың бірі біраз уақыттан соң, досының есігін қағады: - Кім бұл? – деп досы іштен үн қатады. - Менмін, – дейді есікті қаққан. - Бұл жерде екеумізге орын жоқ, – дейді ол. Үміті өшпеген досы араға уақыт салып, есікті қайта қағады... - Кім бұл? – деп сұрайды іштегісі. - Сенмін, – дейді есікті қаққан досы. Артынша есік те ашылады. Біреудің жүрегін жаулап, сүйіспеншілігіне бөленгіңіз келсе, өзіңізді ұмытып, менмендігіңізді тастап, құрмет етуге, жақсы көруге, сүюге, ол тәрізді болуға тиістісіз.  Мәулана    Артында қалған көз жа

1,027

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ақшаға қатысты қытай мақалы
Ақшаға баспана сатып алуға болады, бірақ «үй» сатып ала алмайсың;
Ақшаға сағат сатып алуға болады, бірақ «уақыт» сатып ала алмайсың;
Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ жайлылық сатып ала алмайсың;
Ақшаға кітап сатып алуға болады, бірақ мəдениет сатып ала алмайсың;
Ақшаға дəрігерді сатып алуға болады, бірақ мықты денсаулық сатып ала алмайсың;
Ақшаға дəреже сатып алуға болады, бірақ құрмет сатып ала алмайсың;
Ақшаға қан сатып алуға болады, бірақ өмір сатып ала алмайсың;
Ақшаға құмарлық сатып алуға болады, бірақ махаббат сатып ала алмайсың.
   Сондықтан, әр нәрсенің қадірін білу маңызды екенін жас ұрпаққа ұғындыру керек.

1,028

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Сіздердің рухани біліміңіз артқан сайын, оны өз мәнінде тануға, өмірлік мәніне көз жеткізуге жетелейтін жағдайлар көбейе түседі. Кейде шарықтасаңыз, кейде құлдырау да болады. Бірақ, қандай жағдай болса да, осы жағдайлардың шегін білу, ақиқатты тану сізді алтындай жарқыратып, шыңдап, өмір мәнін түсіну арқылы нағыз бақытқа апаратын жолды көрсетеді. Дидар.

1,029

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бірдей төзіп ыстыққа да,СалқынғаЖер астында жатпай ма алтын көзден таса қалпында?Қашан қазып алғанша күтетінШындық кейде ұқсайды сол алтынға!Сен ақынсың өніп шыққан ертеңгеҚандай өрсі ұсынасың ертеңге?Қандай жеміс ұсынасың ертеңге?Ойлан, ойлан…Әділеттің қылышыЕнді сенің желкеңде,Енді сенің желкеңде!
                                            М.Шаханов

1,030

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Динара Сагимбекова пишет:

Сабырлылық– мінездің түп қазығы                                                                О. Бальзак

Сабырлылық адамға игілік шақырады.

1,031

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бекишева Жулдыз пишет:

Кеңпейілділік - адам бойындағы ізгі қасиетті білдіретін ұғым. Қазақ халқында айналасына жайлы, қолы ашық адамдарды алды кең, пейілі жомарт деп атайды. Кеңпейілділік пен бауырмалдық адамдарды татулыққа, бірлікке, ынтымаққа жетелейді.

Біздің рухани терең ойларымыз көбейген сайын бақыттың жанымызда жүргенін терең сезініп, әр сәтте оны көруге үйретеді.

1,032

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Индира Сейфуллина пишет:

Бақыт
Толстойдан біреу «Адам қай кезде бақытты бола алады?» деп сұрайды. Толстой: «Қолда барына қуанып, қолда жоқты ойламаған кезде», - депті.

Қанағансыз адам бақытты өмір бойы іздеумен өтеді де, қолындағы алтын уақыттан да айырылғанын байқамай қалады. Ар-ұждан үні оған бақыт сырын айтқанымен, менменшілдік ол үнді естуге кедергі болады.  Дидар Какенова

1,033

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бейбітхан Бердіхан пишет:

Қайырлы тан, әріптестер! 
Еңбек - бәрін жеңбек дегендей жұмыстарыңыз жемісті болып, ізгі мақсаттарыңыз жүзеге аса берсін.

Ізгі мақсатқа жеткізер жол адал жүректе. Дидар Какенова

1,034

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Галия Райымбекова пишет:

  Математика мұғалімі көзге көрінетін нақты формулаларды тақтаға жазып жатып; «Арамызда көзге көрінбейтін дүниелерге сенетіндер де бар
шығар?» - деді.
Бір оқушы орнынан тұрып:
- Әрине, - деп жауап қайтарады.
- Маған қара, адам көзге көрінбейтін, қолмен ұсталынбайтын заттардың
болмысына сеніп, ол жайлы сөз етсе, ол ақылдылыққа жатпайды, - деді.
- Апай, сіз балаңызды жақсы көрген кезде, мейіріміңіз қолға ұсталына ма, ал
бір кедейге садақа беріп тұрғаныңызда, оған деген жанашырлығыңызды шығарып,
үстелге қоя алар ме едіңіз? – депті

Математика пәнін өзін-өзі тану пәнімен интеграциялауға тамаша идея, рухани тұрғыда терең қорытынды қажет.

1,035

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Дайырова Айгуль пишет:

Екі жолдас орманда келе жатыр екен. Бірінің денсаулығы мықты, екіншісі аурудан жаңа тұрған әлсіз екен. Кенет алдарынан аю шыға келеді. Денсаулығы мықты жігіт зымырап ағаштың басына өрмелеп шығып кетеді. Екіншісі жүгіруге шамасы жоқ, өтірік өлген болып жерге жата қалады. Өйткені аю өлген адамға тиіспейді деп еститін. Жолдасы көзі бақырайып, ағаштың ұшар басынан қарап тұрады. Аю ауру жігітке қарай беттейді. Жігіт қорыққанынан дем алмай қалады. Жыртқыш бас жағынан ары-бері иіскелеп, өлген адам екен деп жөніне кетеді. Ағаштың басынан түскен жігіт ауру жолдасына: - Досым, аю құлағыңа не деп сыбырлады? - дейді. Сонда ол: - Басыңа күн түскенде қашып кететін достан қашық жүр деді, - деп жауап береді.

Адалдықтың ақ жолында жүргенге не жетсін. Дидар Какенова

1,036

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Галия Райымбекова пишет:

  Егер баланы міней берсең, ол сынауды, кінә тағуды үйренеді;
Егер баланы кемсіте берсең, қысылып ұялуды үйренеді;

Егер бала дүрдараз ортада өссе, бұзақылықты үйренеді;
Егер баланы үнемі ұялта берсең, ол үнемі өзін кінәлі сезінетін болады;
Егер бала ақ пейілді ортада өссе, сабырлы болуды үйренеді;

Егер баланы қолдай жүрсең, өзіне сенімді болуды үйренеді;
Егер баланы дәріптей жүрсең, алғыс білдіруді үйренеді;
Егер бала өз пікіріне құрмет көрсетілгенін көрсе, әділетті болуды үйренеді;

Егер балаға сеніммен қарасаң, адамға сенімі молая түседі;
Егер баланы мақұлдап, жасағанына оң баға беріп өсірсең, өзін сүйіп өседі;
Егер бала отбасы ішінде қолдау мен достық көрсе, өмірде бақытты болуды үйренеді.

Қысқасы, біз қандай болсақ, балаларымыз сондай болады

Мұғалімдер мен ата-аналармен тренингтер өткізгенде пайдалануға жақсы ойлар.

1,037

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бақытты өмірдің құпиясы
Шалғынға барып бір сəт асыр салып ойнаудан ешқашанда бас тартпа...
Нашар əдеттерден арылуға тырыс...
Жақсы кеңестерді тыңдаудан жалықпа...
Ылғи даяр жүр жəне күт. Мүмкін сенің іздегеніңнің өзі сені табар...
Өмірдегі кез-келген жағымды жаңалыққа дайын бол...
Қайда бара жатқаныңды бақылаусыз қалдырма...
Мақсатқа жету жолында тəуекел етуден тайынба...
Жағдай сені шатастырып жіберуіне жол берме...
Бір нəрселерге қызығудан өзіңді шектеме...
Шашың мен бойыңның күтімін ұмытпа...
КҮЛІП ЖҮР!!!
Күніңіз сəтті болсын!
Мырзагелді Кемел

1,038

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Баяғыда таудың қиясын мекендегенбір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі
бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың
қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын
уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге
қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -
Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы
білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық
жасайсыңдар?
Біріншісі айтыпты:
- Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен
сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел
аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.
     Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге
тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын
екіншісіне бұрылып: - Ал сен не айтасың, - депті.
     Екіншісі айтыпты:
- Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық
кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің
артыңда болады.
     Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде,
екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына
бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: - Ал, сен мені қалай
жарылқамақсың?
     Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:
 - Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа
амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге
менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені
әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын
айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз
балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.
      Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем
алып:
- Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ
туылғанына көзім енді жетті, - деген екен.

1,039

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы кеш, құрметті әріптестер!

1,040

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Шын білім...әрдайым ақиқат, анық болатын білім.
                                                   Әл - Фараби

1,041

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары да жоқ.
                                                Ғабиден Мұстафин

1,042

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы түн, әріптестер!

1,043

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы таң, әріптестер! Күндеріңіз сәтті өтсін!

1,044

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Адамдар мені түсінбесе қапаланбаймын,керісінше мен оларды түсәнбесем, қапаланамын. Конфуций

1,045

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді.
                                                                                                                                                                           В.Л. Сухомлинский

1,046

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Нағыз сүйіспеншіліктен құдіретті ештеңе  де жоқ.
                                                                                           И.Г.Эренбург

1,047

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің!
                                              Халық нақылы

1,048

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Дұрыс қанаттанған түзу ұшар, дегендей қазіргі таңда әр баланың рухани бай адам болуы үшін, ата - ана мен ұстаздардың ынтымақтасып жұмыс атқаруы аса маңызды.

1,049

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Кайырлы күн, үздіктер және құпия досым! демалыс күндеріңіз, жандарыңызға жайлы, отбасыларыңызға береке, риясыз сүйіспеншілік толы күн болсын!

1,050

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Еңбекпенен,өрнекпенен білім ойға тоқылса, жайнар көңіл, қайнар өмір ар ілімі оқылса.Ғалымдар ар-ождан ілімінәзірлеп, пән ретінде білім беру жүйесіне енгізіп балаға ар-ождан ілімін үйретсе
екен...    

 Кімнің арманы еді естеріңізге түсірсеңіздер?