1,051

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Шындықты айту шексіздікке аттану,
Ал, өтірік өз ортаңнан жаттану.
Ең абзалы жалғандықтан жалт беріп, 
Мейірімді жүректерге қатталу.             Б.Заходер

1,052

1,053

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамар тату тұруға, негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге жоқ ...     Шәкәрім

1,054

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

                                                                                         Өкініш.
 Баласы нашар болып өскен бір әке ұлына әсер ететін барлық тәсілдері таусылған соң, есік алдына бір бағана көміп, баласының әрбір нашар ісі  үшін оған бір шегеден қаға беріпті. Біраз жылда бағана әбден шегеге толыпты. Балаға
бұл әсер етіп түзеле бастапты. Енді әке баласының әрбір жақсы қылығы үшін бір
шегеден суыра беріпті. Ең соңғы шегені суыратын мерекелік сәт келгенде бала жылап
жіберіпті. «Неге жыладың?» дегенде: «Шеге жұлынып таусылғанымен орындары
үңірейіп тұр ғой», - деген екен.

1,055

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ұлағат.  
  Адамдық ақыл-парасат, шариғат, хадистерден мың сұрақ қойып, кім шешсе, соған тұрмысқа шықпақ болған патша қыз Мәликенің барлық
сұрақтарына жауап берген Әбділдәға Мәлике басын иген. Соның бірі: «Өзінде бар, оны
беруге асықпайды, өзінде жоқты алуға өзгеге жұмсайды, ол қандай адам?», - деген сұрақ
еді. Оған Әбділдә: «Бұл ақырзаманның дүмше молдалары, олар халыққа насихат айтады,
бірақ сол насихатқа лайық қасиеттерді өзінің бойына сақтамайды»,- деп жауап берген
екен.
Екіншісі: - Шыққан тесігіне қайтып сыймайтын не?
- Бұл жаман сөз, ауыздан шықты, қайтып кіргізе алмайсың!

1,056

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Абайла – Әйелді жылатпа…
Өйткені Құдай оның көз жасын санайды.
Әйел еркектің қабырғасынан жаралған:
Аяғынан емес – қорланбау үшін,
Басынан емес – басынып кетпеу үшін.
Бірақ жанынан, жаныңа жақын болуы үшін,
Өзіңмен тең болуы үшін.

Қолтықтың астынан – қорғаулы болуы үшін…
Және де жүрек жағыңнан, сүйікті болу үшін.

1,057

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Шалғынға барып бір сәт асыр салып ойнаудан ешқашанда бас тартпа...

Нашар әдеттерден арылуға тырыс...
Жақсы кеңестерді тыңдаудан жалықпа...
Ылғи даяр жүр және күт. Мүмкін сенің іздегеніңнің өзі сені табар...

Өмірдегі кез-келген жағымды жаңалыққа дайын бол...
Қайда бара жатқаныңды бақылаусыз қалдырма...
Мақсатқа жету жолында тәуекел етуден тайынба...
Жағдай сені шатастырып жіберуіне жол берме...
Бір нәрселерге қызығудан өзіңді шектеме...

Шашың мен бойыңның күтімін ұмытпа...
КҮЛІП ЖҮР!!!

Күнің сәтті болсын!

1,058

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Әріптестер! Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін! Барлығы жақсы болады.Жақсы нәтиже шығарамыз! Біз біргеміз!Біз НҰРмыз!

1,059

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ 
                                                                             В.Г.Белинский

1,060

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ойлағаныңыз тек оң болсын, өйткені ойлағандарыңыз  сөздеріңіз болады.  Сөздеріңіз тек оң болсын, өйткені сөздеріңіз әрекетіңіз болады.  Әрекетіңіз тек оң болсын, өйткені әрекетіңіз әдетіңіз болады.  Әдеттеріңіз тек оң болсын, өйткені әдетіңіз құндылығыңыз болады.  Құндылығыңыз тек оң болсын, өйткені құндылығыңыз тағдырыңыз болады.

1,061

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Адам қасиеттері қолдың бессаусағындай: шындық, борыш, бейбітшілік, махаббат, күш көрсетпеу. Осы бес
саусақ бірге жұмылса, сіз қолыңызға кесені ұстай аласыз. Ал, жалғыз саусақпен
кесені ұстай алар ма едіңіз? Біз бес саусағымызды жұмылдыра білуіміз керек. Оны
ешқашан ажытарпаңыз. Адамның өмірі әрқашан бірлікте болуға тиісті, өйткені,
бірлік – өмір мақсаты. Бәрін үйден, отбасынан бастауымыз керек».(Саи Баба)

1,062

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

«Ең бастысы – жүрегің таза болсын;
Өмір – сенің мүмкіндігің, пайдалана біл;
Өмір – сұлулық, сүйсіне біл;
Өмір – арман,жүзеге асыр;
Өмір – парыз, орындайбіл;
Өмір – ойын, ойнай біл;
Өмір – байлық,бағалай біл;
Өмір – махаббат, ләззатала біл;
Өмір – құпия, сырын аш;
Өмір – қайғы, көтере біл;
Өмір – күрес, жеңебіл;
Өмір – бақыт, баянды ет».
         (Агнем Гонджа Бояджиу)

1,063

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

«Егер сіз өзіңізді танып, білсеңіз, өзгені де танып білу қиынға соқпайды.Мен адаммын, ол да адам. Бәрі қарапайым. Өз табиғатын шынайы білмейтіндер үнемі
әркімді бір сынап, кемсітеді, көңілін қалдырады. Бұл – дұрыс емес.Әр адам өз
бойындағы махаббат шоғын сөндіріп алмауы керек.

1,064

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  Бізше адам өмірін түзеуге, адамдар тату тұруға – адал еңбек, ақ жүрек,арлыақыл болуға керек. Дүниеде осы үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір
сүруге мүмкіндік жоқ.Әрине, адам оқып, білім үйренуі керек. Білім – ғылымсыз
өнер табылмайды. Сол алған білім – өнерлерін адал еңбекпен  жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса,
табылмайтын нәрсе жоқ.Сол тапқан байлықты барша адам баласына керегіне,
пайдасына жаратуы керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ
жүректен шығады.Ал, арлы да ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті,
мақтанды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір
сүріп, бірімен бірі тату тұруына сөз жоқ».
                                                   (Шәкәрім Құдайбердіұлы)

1,065

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Тиянақты  тәрбие мен қажетті  жаза, баланы  ақылды  қылар,
    Ал өз бетімен жіберілген бала, анасын  масқараға  қалдырар.
                                                                                     Даналық сөздерден.

1,066

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы түн тіледім!

Жымыңдап жұлдыз шығар күн батарда,
Ай шығар ұясынан күн батарда,
Қайырлы түн тілеймін шын жүректен,
Күліп оян ұйқыңнан таң атарда.

1,067

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бақыт  жайлы  пікір айтып, қызулы топ  таласты,Бірі айтады :  бақыт деген барлық ,байлық емес пеКерегінше  киіп, ішсең, «Бақыттысың »демес пеБірі айтады : Жоқ,  бақыт деген қолыңемес, мансап қой,Жұрттан гөрі  жүрсең ерек, соның өзіжақсы ат қой »Бірі айтады : « Бақыт деген  жүйрікмініп , той тойлау,Ісің болмай  күйбеңменен, қарынтойса, карт ойнау»Бірі айтады:  «Бақыт деген адал жармен перзент қой »Ынтымаққа  ырыс келген , ол да сағанкелмек қой  »Пікірлердің   таласына  осылай мен жолықтым ,Бақыт  адам   баласына келмей оңай , соны ұқтым,Безбеймін мен  байлықтан  да, баладан да , жардан да,Мансап  жетпес бар адамға , үлестіріп  алғанда.Үміт үзбей іздейді олар,таңдап сол бір уақытты.Оны алыстан іздемегін, жүректі тап бақытты ! – деп ақын атамыз айтқандай, бір-бірімізге  бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейіріміміз
сарқылмасын ! 

1,068

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  Қайырлы түн, әріптестер! Ұйқыларыңыз тәтті, әрқашанда істеріңіз сәтті болсын!

1,069

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

 Қайырлы таң, Әріптестер! Ұйқыларың қанда ма. Жақсы демалыс тілеймін! Сіздерге нұр жібердім!

1,070

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Банкте есеп-шотың бар делік. Сол шотыңа күн сайын таңертең 86400 доллар түседі және түскен ақшаны сол күні кешке дейін тиімді жұмсап бітіруің қажет.
Бір шарты тағы бар: ол ақшаны басқа банкке аудару мүмкін емес және түгесілмеген
жағдайда шоттағы сома келесі күні нөлге айналады. Ал енді не істейсің? Әрине, әйтеуір
сол ақшаны не болса да жұмсауға, өз игілігіңе пайдалануға тырысасың.
Бір сөткеде 86400 секунд бар. Мінеки, барлығымыз да “Уақыт” атты банкінің
тұтынушыларымыз.

1,071

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Күлімдеген күн мейірімді!
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
Таза мөлдір су мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы ана мейірімді!
Қадірлі әке мейірімді!
Әлпештеген әже мейірімді!
Еркелеткен ата мейірімді!
Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
Тату-тәтті достарым мейірімді!
Бір-бірімізден мейірім, сүйіспеншілігімізді аямайық!

1,072

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Кеш жарық құрметті әріптестер!

1,073

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  • Жеттім, толдым деген адамның дамуы тоқтап, міндетті түрде кері кетуі басталады. 

  • Махатма Ганди

1,074

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  • Адам бойындағы асыл қасиеттерді дамыту үшін алдымен батылдық керек. Батылдық болмаса, адам баласы қалайша ақиқат іздейді, қалайша махаббатты қорғайды?

  • Махатма Ганди

1,075

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Кішкентай баланың балға аллергиясы болады. Бірақ балаға атаанасы «бал жеме!» деген сайын, бала балды екі есе көп жейді. Денсаулығына уайымдаған ата-ана баланы үлкен бір ақсақалдың үйіне апарады да «Баламызға бал зиянды, бірақ қанша жеме десек те, тілімізді алмайды. Сіз айтсаңыз, бәлкім тыңдайды», - дейді. Ақсақал: «қазір ештеңе айта алмаймын, балаңызды 40 күннен кейін қайтып алып келіңіздер», - дейді де, үйге қайтарып жібереді. Қырық күн өтіп, ата-ана балаларын қайтып әкелген кезде, ақсақал баланы қолға алып көзіне қарайды да "бал жеме" деп ақыл айтады. Бала бірден басын иіп «Мен енді бал жемеймін» деп сөз береді. Таң қалған атаана ақсақалдан «Айтқаныңыз бір ауыз сөз ғана, неге 40 күн күттірдіңіз?» - деп сұрайды. Ақсақал: «Балаңызбен бірге келген күні таңғы асыма бал жеген едім. Сол кезде егер өзім жасаған нәрсені оған жасама деп ақыл айтқан болсам, бала мені де тыңдамас еді. Денемдегі бал толық жоқ болу үшін 40 күн күту керек-ті, сонда ғана ақыл айта алдым» депті.