1

Тема: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Сабағыңызда жиі қолданатын тиімді оқытудың әдістеріне тоқталыңыз?

2

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

"Сын тұрғысынана ойлау" бағдарламасының стратегияларын үнемі қолданамын. Сабағымда оқушылардың қызығушылығы артып, ынтасы артты. Ұлеке қазіргі курстан аларымыз көп. Сізге көп рахмет!!!

3 (2017-02-02 10:41:21 отредактировано Нұржанова Альдина)

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

ЖИКСО әдісі,постер қорғау,ыстық орындық әдістерін үнемі қолданамын. Оқушылар қызыға орындайды,өйткені балалар жаңа дүниені ,күніге жаңалық ашуға құмар.Сізден тағыда өзім білмейтін әдістерді үйреніп жатырмын үлкен рахмет!!! Еңбегіңіз жансын!!!

4

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Сабақта көптеген тиімді тәсілдерді үйрендік әріптестерімнің айтқан тәсілдерін сабақта қолданамын.

5

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Үй тапсырмасын тексеру барысында графикалық диктантты жиі аламын,постер әдісін пайдаланамын,тілек бұрқасынын пайдаланған ұнайды және Джиксо әдісін қолданамын.

6

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Мен өз сабағымда топтық жұмыс пен пікірталас және интербелсенді оқөу әдістерін жиі қолданамын. Осы әдістерді жиі қолдану арқылы оқушыларымды сын тұрғысынан ойландырып, өз ойын еркін жеткізетін дәрежеге қол жеткіздім.

7

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Сабақта тиімді қолданатын әдістерге мен көбінде бірлескен оқу мен белсенді оқытуды қолданамын. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына ең тиімді әдіс сын тұрғысынан ойлау мен жазу.Осы әдісті өз сабағымда қолданамын.

8

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Сабағымда "Кім жылдам?", "Аялдама" сияқты әдіс-тәсілдерді қолданамын. Оқушылар сабаққа қызыға қатысады. Осы әдіс-тәсілдер оқушылардың жылдам ойлауын арттыруға септігін тигізеді деп ойлаймын.

9

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Айжан, сіздің графикалық диктантты жиі әрі тиімді қолдану жолдарын әріптестеріңізбен бөліскеніңізге үлкен рахмет айтамын. Өйткені осы әдіс маған өте қатты ұнады. Тиімді әдіс тәсілдерді алдағы уақытта сізден көптеп үйренсем деймін.

10

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Сабағымның мақсатына жету үшін - тиімді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жүйелеп қолданамын. Яғни, бағдарламаның 7 модулін кіріктіріп түрлі әдістерді пайдаланамын. Сын тұрғысынан ойлауға негізделген әдістерді және оқыту мен оқудағы жаңа әдістерді көптеп қолданамын.

11

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

|Сабағымда \Аялдама. кім жылдам, ыстық орындық әдістерін қолданамын, және әріптесімнің графикалық диктант әдісі өте қатты ұнады. алдағы уақытты тиімді қолдануға тырысамын.

12

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Сабағымда   қолданатын  тиімді  әдістерім  "жұптық "  "жеке" жұмыстар.Топтастыру, Кім  жылдам, Ойлан,тап  әдістері.

13

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Мұғалім өзінің өтетін сабағының мақсатына жету үшін -бірнеше әдіс түрлерін қолданып ,оқушының білімге құштарлығын арттыра алады.Қазіргі таңда әдіс түрлері өте көп.Соның ішінде өткенді пысықтауда "Ыстық орындық","Белсенді оқу", " Бірлескен оқу" әдістерін сауат ашу пәнінде көптеп қолданамын. Математика сабағында "Джигсо" әдісімен түрлендірген ұнайды. Жалпы әр сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдаланамын.

14

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Кеше крустан көп нәрсе үйрендім. Өз сабағымда жұптық, топтық жұмыстарды жиі қолданамын. Сонымен қатар оқушыларды сыни тұрғысынан ойлауға көптеген әдіс тәсілдерді қолданамын. Мысалы "Кім жылдам?, " Аялдама", Шынжыр" "Кездесу" әдістерін жиі сабақта қолданамын. Кестеден сөз табу және осы сөзден сөйлем құрауды үнемі тәжірибемде қолданамын.Қазақ тілінде сызба арқылы сөйлем құрау, мысалдан ереже шығару, суреттерден мәтін құрауды оқушыларға жетік үйретемін. Оқушылар қызығып орындайды. Сөздік қоры, сауаттылығына әсері ерекше. Тақырыптық суреттерді бөлек  рет - ретімен қойып, осыған байланысты оқушылар жоспар құрып, мазмұндама, шығарма жазады.Өздері қалаған тақырыпқа байланысты мәтінге ат қояды.

15

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Мен өз сабағымда Джигсо әдісі, топтық жұмыс пен пікірталас  әдістерін жиі қолданамын. Осы әдістерді жиі қолдану арқылы оқушыларымды сын тұрғысынан ойландырып, өз ойын еркін жеткізетін дәрежеге қол жеткіздім.Сізге рахмет!!!

16

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Мен өз сабағымда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдщанамын. Оның ішінде  Джиксо әдісі, Желпуіш әдісі, миға шабуыл әдісі. Маған қатты ұнады.

17

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Мен сабақта Венн диаграммасын,Инсерт әдісін ,Джигсо әдістері өте тиімді деп ойлаймын.

18

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Сындарлы оқыту, белсенді оқыту, диалогтік оқу, бірлескен оқу.

19

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Белсенді оқу дегеніміз оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы білім деңгейі жоғарлауы

20

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

мақсатыма жету үшін "Қар лақтыру", "Семантикалық карта"т.б. әдістерді қолданамын

21

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Уажды  осыретын  жане ошыретын  фактор  болып болынеды

22

Re: Тиімді оқытудың әдіс-тәсілдері

Уажды осыретын жане ошырнтын  фактор  болып болып болынеды