1

Тема: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Қазақ тілі мен әдебиетісабағында оқушылармен жүргізілетін топтық жұмыс түрлерінің тиімділігін
акмеологиялық тұрғыда айқындау мәселесіне  байланысты тіжірибемен бөліссеңіздер құрметті тыңдаушылар!

2

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

ия, ЖББ мұғалім ушін міндеттелген тапсырмаларды орындау оңай жұмыс емес. Бұл орайда менөз тәжірибемде сабакты топка бөліп окытуды әдетке айналдырдым. Топка бөліп оқыту оқушының жаңа ақпаратты меңгеруіне де тиімді екеніне көз жеткіздім.

3

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Еркинова С пишет:

ия, ЖББ мұғалім ушін міндеттелген тапсырмаларды орындау оңай жұмыс емес. Бұл орайда менөз тәжірибемде сабакты топка бөліп окытуды әдетке айналдырдым. Топка бөліп оқыту оқушының жаңа ақпаратты меңгеруіне де тиімді екеніне көз жеткіздім.

4

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Біз осы жылдың көктемінде ЖББ бойынша тренеріміз Ж Арысбаеваның оқытуымен біліктілік арттыру курсынан өттік.Курс барысында оқытудың  жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу 
арқылы  Қазақстанның  ұлттық 
білім  беру  жүйесіне 
арналған  орта  білім 
мазмұнын жаңарту бағдарламасымен таныстырды, орыс тілінде оқытатын
мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және
критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан Арыс қаласына қарасты ЖОм және НОМ мұғалімдерінің педагогикалық
шеберлігін жетілдірді. Топтық оқытудың тиімділігін курс барысында "Қаздар" бейне ролигі арқылы тренеріміз жүрегімізден орын алды.

5

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Дөненбай Ағжан пишет:

Біз осы жылдың көктемінде ЖББ бойынша тренеріміз Ж Арысбаеваның оқытуымен біліктілік арттыру курсынан өттік.Курс барысында оқытудың  жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу 
арқылы  Қазақстанның  ұлттық 
білім  беру  жүйесіне 
арналған  орта  білім 
мазмұнын жаңарту бағдарламасымен таныстырды, орыс тілінде оқытатын
мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және
критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан Арыс қаласына қарасты ЖОм және НОМ мұғалімдерінің педагогикалық
шеберлігін жетілдірді. Топтық оқытудың тиімділігін курс барысында "Қаздар" бейне ролигі арқылы тренеріміз жүрегімізден орын алды.

6

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Коооп рахмет "Өрлеу", рахмет сизге тренер Жаркынай апайым менің!

7

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Көптілділік - кез-келген қоғам,кез-келген формация үшін тұйықтан шығуды, интеграцияны негізгі ұстаным етіп алған
бағытты айқындайтын жол деп танылған. Бүгінде көптілділік мәселесі білім беру
жүйесінде қолға алынып, мектептегі оқу пәндерін екі немесе одан да көп тілде
оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік
ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін ең басты
қажеттілік болып отыр. Осыған орай, орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту қоғам алдында үлкен жауапкершілік. ЖББ аясында қойылған талап, міндеттерді жүйелі түрде жүргізуді әдетке айналдырып, заманауи педагогикалық-инновациялық технологияларды қолдану қажет!

8

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Қайырлы күн қымбатты әріптестер! мен бұл желіге кіріп, көтерілген мәселені оқып жай отыра алмадым. Сабебі, мен де сиздер сияқты тіл маманымын, бірақ ЖББ оқымағанмын. Менің өз зерттеуімнен түйгенім,мұғалімсабақтың мазмұнын ашуды қамтамасыз ететін вербальды әдістерді қолдану арқылы
көздеген мақсатына қол жеткізуі қажет. Дұрыс қолданылған сұрақ немесе
стратегия,  түрлі әдіс-тәсіл өз нәтижесін
берері сөзсіз, алайда дәстүрлі сабақ немесе 
мұғалім қолданысқа ендірген жаңа педагогикалық сабақ бір үлгісі
барысында да дұрыс және шебер қолданбау оқу үдерісіне айтарлықтай оң ықпал
жасамауы мүмкін. Қазақ тілі және әдебиеті пәнін оқыту үдерісінде оқушылар мен
мұғалімдерге көптеген анықтамалар мен ережелермен жұмыс жасауына тура келеді.
Оқушы санасына анықтамаларды жаттату және оның мағынасын түсіндіру арқылы
сіңдіру кеңінен таралған әдіс, алайда, бұл тәсілдің күнделікті берер жемісі- жасанды
жаттандылық, қолдану іскерлігінің төмен қалыптасуы, логикалық талдаудың оқушы
бойында орын алмауы, ой қорытынды жасау 
қабілетінің тежелуі, алған ақпараттар легін шынайы өмірден алшақ деген
түсінік қалыптастырып, күрделі деп табылды.

9

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Топтық  жұмыстан  барынша  көп  басымдылық  алу  үшін,  мұғалімдер мен  оқушылар барлығынан  хабардар  болуы  қажет  және  бақылау  мен  қарым-қатынас  жасау  барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсетуөте маңызды. Жақсы  ұйымдастырылған  топтық  жұмыс  оқушылар  арасында  әлеуметтік  өзара қарым-қатынасты,  тиімді  араласу  және  проблемаларды  шешу  дағдыларын  дамытуға ықпал  етеді.  Бұл,  өз  кезегінде  оқушыларды  өздерінің  оқуларына  белсенді  қатысуға итермелейді. Фактілер  бұл  үдеріс  кезең-кезеңмен  өтетінін  растап  отыр.  Айталық,  бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады. Менің тренер қойған сауал бойынша айтар пікірім осы!

10

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Қазбек, сиз ЖББ меңгермесеңізде жоғары деңгейде біледі екенсіз ақпараттарды. Сіз бағдарламаны меңгерсеңіз тіптен мектеп тренеры боларыңызға сенімдімін!

11

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Ұлы Абай: Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға,- деп бекер айтпаса керек. Еліміздің патриоты, көзі ашық, көкірегі ояу тұлға
ретінде алған саналы білімімен «Мемлекет маған не береді?»  деп қарап жатпай, керісінше  «Мен мемлекетіме не беремін деген»
мақсатыммен ұстаздық жолдағы қызығы мен шыжығына, қуанышы мен қиыншылығына  қажымай қайрат көрсетіп, ерінбей еңбек етіп,
ұлы Ыбырай атамыз салған даңғыл жолда өз қолтаңбамды қалдырсам екен деймін

12 (2017-10-03 10:33:20 отредактировано Садыкова Гулайым)

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Сабақ барысында топтық жұмыстың оң ықпалы өте көп, оқушылардың ынтымақтастығы, қарым-қатынасы жақсы дамиды.

13

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

ЖББ - заман талабына сай білім алушыны жетілдіруге мүмкіндік беретін бастама. Оқу мақсатынан алынып, блум таксаномиясына негізделген критериалды бағалау - баланы әділ де шынайы бағалауға негіз болатыны айғақ. Әрбір сабақтың өзіндік мақсаттары, білім алушының игеруі тиіс дағдылары болатыны өз ісінің маманы бола алған ұстазды қуантары хақ.

14

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Жарқынай апай білікті де білімді, өз ісінің маманы. ЖББ оқутыдағы берген ақпараттары мен игерткен білімдері мені тәнті етті. Түсінікті де жеңіл жүргізілген әрбір сабағы бізге азық болары даусыз. Тартымды да қызықты сабағыңызғы рақмет! Сізге шығармашылық табыс тілеймін!!!

15

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Топтық жұмыс арқылы білім алушылар бір-біріне көмектесе отырып оқиды. ЖАДА жүреді. Бір оқушы білмеген ақпаратты келесі оқушы біліп, талдау жұмыстары толыққанды жүреді. Өз басым топтық жұмыстың пайдасы мол деп білемін. Сондықтан сабақтарымды көбінесе топқа бөлу арқыы жүргіземін.

16

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Топтық жұмыс жүргізу арқылы білім алушыда тыңдалым, айтылым дамиды. Оқушы қысқа уақытта өз ойын айта отырып, сыныптасының пікірінде тыңдап қорытынды шығаруға талпынады. Топтық, жұптық, жеке жұмыстардың ішінде мен үшін тиімдісі топтық жұмысты жүргізу. Тұлғаларалық қарым-қатынас пен дағдыларды меңгертуде топтық жұмыстың көмегі зор.

17

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Оқыту мен оқудың тиімді жолдарында маңызды орын алатынның бірі - бірлескен оқу. Бірлескен оқу арқылы оқушы белсенді оқуға талпынары сөзсіз. Сабақ барысындағы түсінбей жатқан ақпаратты сыныптасынан сұрап алып, білімін толықтырып отырады. Мен топтық жұмысты жүргізбес бұрын әркез оқушыларыма топтық жұмыстың ережесін меңгертемін. Топтық жұмыстың ережесін меңгергенде ғана білім алушы топтық жұмыстың тиімділігін түсіне бастайды. Әріптестеріме де оқушыны алдымен топтық жұмыс ережесімен таныстырып алдуы ұсынамын.

18

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Табысты оқыту үшін топтық жұмыс тиімді деп ойлаймын. Өзінің ойын қысқа уақытта дәлелдеп, сыныптастарына дәлелдеу үшін білім алушының айтылым, тыңдалым, оқылым дағдылары толық дамиды. Ақпаратты қысқа да нұсқа етіп жеткізуге машықтанады. Білім алушыда көшбасшылық қабілет пайда болады.

19

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Менің ашық сабақтарымның 90 пайызы дерлік топтық жұмыс арқылы жүргізіледі. Топтық жұмыс арқылы мұғалім бір сабақта көптеген әдістерді қолдануға мүмкіндік алады. Топтар арасында бәсеке туып, оқушыларда қызығушылық пайда болады.

20

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Барлық оқушыны сабақ қатыстырып, белсенділігін жандандырып отыруда топтық жұмыс тиімді. Топтық жұмыс арқылы оқушыларым әркез жарысқа, білімін жетілдіруге, өзі меңгерген ақпаратпен тиімді бөлісуге мүмкіндік алды деп ойлаймын.

21

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Шағын топ, жұптар, үлкен топтар - барлығы да мен үшін тиімді. Жетістікке жетуіме толық мүмкіндік береді. Топтық жұмыстың арқасында оқушыларым белсенді әрі жинақы болып отырады. Осының арқасында ақпарат толық сіңіріліп, әр сабақ сайын білімі толығып отырады.  Оқушыларым жарыстарда жүлделі орындар алуда. Құрметті әріптестер сабақтарыңызда топтық жұмыс жүргізуге талпыныңыздар, тиімділігі мен пайдасы мол.

22

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

ЖББ меңгерту барысында топтық жұмыстың қаншалықты тиімді екенін және топқа бөлу, топ мүшелерін әділ бағалау, топтың тапсырмаларын керек кезінде күрделендіруді із жүзінде көрсете білдіңіз. Міндетті түрде сізден алған білімімді өз практикамда пайдаланамын. Рақмет сізге Жарқынай апай!

23

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Жаңартылған білім мазмұнына байланысты сабақ жүргізуде топтық жұмыс ұтымды болып табылады. Оқушылардың бірін-бірі сыйлауға үйретеді. Топтық жұмыстың берері мол.

24

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Мен үшін оқушыларымның танымдық қабілеттерін дамытып, дағдыларды меңгерту маңызды. Осы үшін әркез ізденіс үстіндемін. Топтық жұмыстың түрлері мен жүргізілу барысын үйреткен Жарқынай апай сізге рақмет!

25

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Жаңару үстіндегі Қазақстанға жаңа ізденіс пен жаңа бастамалар тән құбылыс. Білім саласындағы өзгерістер мені қуантуда. Казіргі заманда оқушыларға дайын білім беруден яғни «дәстүрлі» стильмен оқытудан алшақтау керек. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиектерін ашу керек. Сабақтың әрбір минутын тиімді пайдалану үшін сабақ жоспарын табысты болатындай етіп құру біздің міндетіміз, себебі мұғалімдер әрбір баланың болашағы үшін жауапты.