1

Тема: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Қазақ тілі мен әдебиетісабағында оқушылармен жүргізілетін топтық жұмыс түрлерінің тиімділігін
акмеологиялық тұрғыда айқындау мәселесіне  байланысты тіжірибемен бөліссеңіздер құрметті тыңдаушылар!

27

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

ЖББ оқығаныма өте ризамын! Білім алушыларды бағалау мен белгілі бір нақты мақсаттың болмауы кейде тығырыққа тірейтін. Міне, мені мазалаған осы қиындықтар жаңартылған білім мазмұнының арқасында өз шешімін тауып отыр. Бәрін түсінікті, жеңіл түсіндіре алған Жарқынай апайға алғысым шексіз!

28

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Қозғалыс бар жерде өзгеріс болуы заңдылық. Білім саласындағы өзгерістер басында түсініксіздеу болғанымен, қазір біздің оң жолда келе жатқанымызды білдім. Бар ынтасын салып ЖББ түсіндірген Жарқынай апай сізге рақмет! Оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, ӘТН дағдыларын меңгерген оқушы заман ағымына ілесе алары сөзсіз. Оқушыларыма берер білімімнің жүйеленгеніне дән ризамын.

29

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану мұғалім шеберлігінде. Шеберлігімді шыңдауға көмектескеніңізге рақмет, Жарқынай апай!

30

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Білім мен білігіңіз қатар өрілген тренер екенсіз. Мәдениетті де шешен сөздеріңіз мені өзіңізге тәнті етті. Берген біліміңіз маған болашақ азық болары сөзсіз. Шығармашылығыңыз шыңдалып, шарықтай берсін!

31

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Жаңа білім мен жаңа терминдерді игеру мен үшін өте қызық. Бағалау мен оның шәкілін шығаруды мүлде түсінбейтінмін, Жарқынай апай, сіздің арқаңызда бағалау түрлерін, критерий мен дескриптор құра білуді үйрендім. Мен сіздің тобыңызда болғаныма өте қуаныштымын. Алғысым шексіз, жұмысыңызда өркендей беріңіз!

32

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Қазақ тіліндегі ережелердің барлығы жаңартылған білім мазмұнында жойылмағанына көзім жетті. ӘТН дағдысын меңгертуде осы грамматикалық тұсына мән берілген екен. Жаңа тақырыптар оқушыларды еркін және көркем сөйлеуге, өзіндік ой-пікірін қалыптастыра отырып, ойын нақты жеткізе білуіне көмектеседі. ЖББ білім алушыға да, білім берушіге де берері мол екен.

33

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Құрметті әріптестер! Мен бүгін сіздермен орта мерзімді  және қысқа мерзімді жоспарлаудың ерекшеліктерін білу және мұғалімдердің дұрыс бағдар алуына көмектесу тақырыбында пікір алмасуды жөн санап отырмын. Кандай мәселелер кездесуде? ортаға салайық!

34

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Толыққанды ҚМЖ дайындау үшін қандай толықтырулар енгізу керек?

35

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Мұғалімдер қысқа мерзімді жоспарлауды күнделікті әрбір сабаққа жазуы тиіс, алдыңғы оқумен жаңа білімді яғни тақырыпты байланыстыру және алдыңғы сабақтағы оқушылармен жүргізілген кері байланыс сіздің жаңа тақырыпқа ҚМЖ жазуға үлкен септігін тигізеді.

36

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Құрметті әріптестер! Ия, біз қазіргі таңда жаңартылған бағдарламасын пәніміз бойынша меңгерудеміз. Арысбаева Жарқынай апай біздің тренеріміз. ҚМЖ жазу мұғалім сабағының айнасы. Осы орайда саралау біз үшін үлкен мәселе болатын.  Курс барысында сабақ үдерісінде оқу мақсатына негізделген критериилерді, оқулықтағы тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне қарай қажеттіліктерін есепке алуды, әрбір оқушыны  мақсатқа жетуіне ықпал жасауды түсініп, ықшам сабақты жоспарлауда ескеріп жұмыс жасауды үйренудеміз. Теория мен тәжірибені ұштастыруда нәтижеге қол жеткізуге болатынын ұғындық.

37

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Ия, Жұлдыз әріптесімнің пікіріне толықтай қосыламын. Себебі, сабақ мақсаттары оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында құрастырылуы қажет. Саралаудың әртүрлі тәсілдері мысалы тапсырмалар мен дереккөздерден алынған материалдарды меңгертуде оқушыларды ереке деңгейіне қарай қолдау қажет деп санаймын.

38

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Қайырлы күн әріптестер! Осынау жаңашылдыққа бет бұрған уақытта сіздерге шығармашылық табыс, қажымас қайрат пен үлкен ізденіс  тілеймін.
   Курста оқу барысында біздер әртүрлі жастағы және қабілеттері әртүрлі оқушыларды оқытуға қолданғысы келетін стратегияларды анықтап, сондай ақ ол стратегиялардың білім алушылардың танымдық дағдысын дамытуға ықпалын бағамдауға мүмкіндік беретіндігіне көз жеткіздік. Осы орайда қысқа мерзімді жоспар құрастырудағы мәселені шешу жолдарын көрсетілген әдістемелік ұсынымдар  шығарылса, мұғалімдерге үлкен көмек болар еді......

39

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Саралап оқыту тәсілі оқу үдерісінің оқушылардың әртүрлі топтарына арнайы бағдарлауды, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында түрлі топтар үшін әртүрлі нысанда ұйымдастыруды көздейді. Саралап оқыту тәсілі әртүрлі оқушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту стратегияларын қолдану тиімді деп санаймын.

40

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Жаңару үстіндегі Қазақстанға жаңа ізденіс пен жаңа бастамалар тән құбылыс. Білім саласындағы өзгерістер мені қуантуда. Казіргі заманда оқушыларға дайын білім беруден яғни «дәстүрлі» стильмен оқытудан алшақтау керек. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі де жаңашыл идеяларға көңіл көкжиектерін ашу керек. Сабақтың әрбір минутын тиімді пайдалану үшін сабақ жоспарын табысты болатындай етіп құру біздің міндетіміз, себебі мұғалімдер әрбір баланың болашағы үшін жауапты.

41

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

ЖББ - заман талабына сай білім алушыны жетілдіруге мүмкіндік беретін бастама. Оқу мақсатынан алынып, блум таксаномиясына негізделген критериалды бағалау - баланы әділ де шынайы бағалауға негіз болатыны айғақ. Әрбір сабақтың өзіндік мақсаттары, білім алушының игеруі тиіс дағдылары болатыны өз ісінің маманы бола алған ұстазды қуантары хақ.
Тренеріміз  Жарқынай Асетуллақызы  білікті де білімді, өз ісінің маманы. Ең бастысы біздің тренер өз мамандығын жақсы көреді. ЖББ оқутыдағы берген ақпараттары мен игерткен білімдері мені тәнті етті. Түсінікті де жеңіл жүргізілген әрбір сабағы бізге азық болары даусыз. Тартымды да қызықты, нәтижелі сабағыңыз үшін үлкен рақмет!

42

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Бұл жаңартылған бағдарлама менің әріптестерімнен "Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғанамұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады"- деген К.Ушинскийдіңсөзін жадымызда ұстап жүруімізді міндеттеп отыр. Ия, бұл үлкен тынымсыз еңбекті талап етеді.   Қымбатты әріптестерім! сіздерге үлкен жүректілік пен ниет және сабырлылық пен шығармашылық табыс тілеймі!

43

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Зерттеуге негізделген оқу -жаңартылған оқу бағдарламасын қоса алғанда бастауыш сыныпқа арналған көптеген оқу бағдарламалары тақырыптық бірліктерді құру және іске асыруды көздейді Мен, ЖБ барысы аясында өзіме үлкен мәселе болып жүрген оқытудың сындарлылық теориясын түрлі  әдістерді қолдану арқылы топтағы талқылау барысында меңгердім. Бұ жетістікке жетуіме себеп болған біліктілік арттыру курсына және тренерім Ж.Арысбаеваға разылығым шексіз!

44

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Ұлт мектептеріндегі қазақ тілі пәнін тиімді, қызықты жүргізу үшін жаңа технологияларды меңгеру, заман ағымына сай қызмет жасау мақсатын жүзеге асыру үшін,жаңартылған білім алу курстарына қатысып,алған білімдерді іске асыру,облыстық семинарларға,аудандық семинарларға жиі қатысып,тәжірибе алмасу керектігін ұсынар едім.

45

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Жаңартылған білім бағдарламасы- нәтижеге бағытталған  сабақ үдерісін жұргізу. Бұл дегеніміз 1 сабақта шағын ғана қолжетімді мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолдарын қарастыру. Сабақта өткен тапсырмалар тізбегін өмірде қолдана білуге бағыттау.

46

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Құрметті  әріптестер! ЖБ бойынша ұсыныдған оқу бағдарламасы оқытуүдерісін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде
меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу
іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігінін дамытуға,
әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді меңгеруге
бағыттайтындығы айқын ұсынылған. Нәтижелі  білімге қол жеткізу үшін аянбай, қызыға жұмыс жасайық дегім келеді!

47

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Ия, расында да бұл бағдарлама аркылы қазіргі кезеңде оқушыныңөз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу
үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме
пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен
бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер
қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.
Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу білім  алуды  жандандыратын  аспектілердің  бірі  оқушыларды  ынталандыру  болып табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді.  Осы мәселеге кеңінен көңіл бөлсек!

48

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Ұлт мектептеріндегі қазақ тілі пәнін тиімді, қызықты жүргізу үшін жаңа технологияларды меңгеру, заман ағымына сай қызмет жасау мақсатын жүзеге асыру үшін,жаңартылған білім алу курстарына қатысып,алған білімдерді іске асыру,облыстық семинарларға,аудандық семинарларға жиі қатысып,тәжірибе алмасу керектігін ұсынар едім

49

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Құрметті әріптестер! оқушы білімін нәтижеге бағыттаумен қатар бізге білім алушының зерттеушілік қабілетін дамытуды міндеттеп отыр. Осы орайда, МАН да көрсетілгендей қазақ  тілді  емес  мектептердегі  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  бойынша  оқу бағдарламасының  мақсаты  оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеуге  сенімін  арттырып, еркін  ойлауға  үйрету  болып  табылатындығына  қарамастан,  мұғалімдердің  немқұрайлық танытып, оқушылардың өз бетімен отыруына жол бермеуі аса маңызды екені анық.

50

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Мұғалімдер  кері  байланыстың  көмегімен  және  модельдеу,  көрсету,  сұрақ  қою, бақылау,  танымдық  ойын  түрлерін  қолдану  арқылы  оқушылардың  оқу  жетістіктерінің ілгерілеуіне  үнемі  қолдау  көрсетуі  керек.  Оқушылардың  пән  бойынша  терең  білім  алу мұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды.

51

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Әріптестер! жаңалықты жаңаша позитивті көзқараспен қабылдауға шакырамын сіздерді! Себеді, бүкіл әлем өзгергенде, біздер, ұстаздар қауымы өзгермеуіміз мүмкін емес. Бәләм бұлағының басында отырған ұстардар қауымына тек қана сабырлық пен үлкен зейін мен ниет тілеймін!