1 (2018-03-29 12:22:42 отредактировано Гульмира Есентуреева)

Тема: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағарламасының негізгі ерекшеліктері қандай?

2

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Оқу бағдарламасының ерекшелігі ретінде олардың тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғандығын атауға болады.

3

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Пән мазмұнын жобалаудағы спиральлдік ұстанымы, яғни білім мен дағдыларды арттыруда оқу материалының тақырып және сынып бойынша күрделендіру.

4

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді,қысқа мерзімді жоспар түрінде технологияландыруға өту деп ойлаймын.

5

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Таным заңдылығы бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқу мақсатының иерерахиясы

6

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Мектептің негізгі пәндері арасында, сондай - ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында "ортақ тақырыптардың" балуы.

7

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Оқу мақсаттарының жүйесі білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау және зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыландырады.

8

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Жаңартылған оқу бағдарламасы - пәндер арасындағы  байланыстарда барынша ортақ тақырыптарының болуын қамтамасыз етеді.

9

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Пән бойынша бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының  уақыт талабына сәйкес болуы ,әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аударту

10

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Жаңартылған оқу бағдарламасы оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып,онда әрі дамытылып отыратын спиральді оқу бағдарламасы моделіне негізделген.

11

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Білім беру деңгейлері бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарының ескерілуі

12

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Академиялық тілді меңгеруге қолдау көрсету үшін мұғалімдерге сабақ жоспарларына оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады.

13

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолднауға түрткі болу негізгі ерекшелігіне жатады

14

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Бағалау кретерийлері Блум таксономиясының алты ойлау дағдысы бойынша құрылымдалуы бағдарламаның негізгі ерекшелігіне жатады.

15

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Бағдарламада пәндік білім ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуы қарастырылған-оқу бағдарламасының негізгі ерекшелігінің бірі болып табылады.

16

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару.

17

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Топпен және жеке дара жұмыс істей алу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады.

18

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

"Биология және жаратылыстану" пәндері бойынша оқу бағадарламалары білім құндылықтарының және нақты пәнді оқыту нәтижесінің өзара байланысы мен өзара шарттарына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың бір тұтастығы қағидатын іске асыру бағдарламаның ерекшелігі болып табылады

19

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде технологияландыру болып табылады.

20

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Бағдарламадағы оқу мақсаттары әр бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді. Бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, оқушыларды бағалауға негіз болуы оқу бағдарламасының ерекшелігі болып табылады.

21

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Бағдарламаның ерекшелігі - пән мазмұнын жобалаудағы спиральдық ұстаным пән ішілік байланысының ескерілуі. Пән аралық байланысының жүзеге асырылуы.

22

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Мұғалімдер барлық оқушыларға дамытушы кері байланыс ұсыну үшін модельдеу, көрсету, мұқият ойластырылған сұрақ- жауап, қадағалау және оқушылармен бірге ойнау арқылы үнемі қолдау көрсетіп отыруы және педагогикалық  әдіс-тәсілдерінің қарастырылуы

23 (2018-03-29 12:28:19 отредактировано Рая Темирбекова)

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Бағдарламаның құрылымдалуы спиральді қағидатқа негізделген, бағалау критерийлерінің Блум таксономиясының ойлау дағдыларына негізделуі

24

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Бағдарламаның  ерекшелігі: пән бойынша білім,дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын құндылықтар мен дағдылар қарастырылған. Оқу мақсаттарының спиральдік қағидатқа негізделуі.

25

Re: Жаңартылған оқу бағдарламасы

Бағдарламадағы оқу мақсаттары алдыңғы білім тапсырмаларының құрылымдануы  Джером Брунердің танымдық теориясына негізделеді.