1

Тема: Сараланған тәсілдер

Саралаудың қарқын, бағалау тәсілдерін дәріс барысында қолдану тәжірибеңізбен бөлісіңіз

2

Re: Сараланған тәсілдер

Мен өз сабақтарымда саралудың қарқын тәсілін өте көп пайдаланамын. Ол сабақ барысында оқушыларды дамыта оқытуға көп көмегін береді

3

Re: Сараланған тәсілдер

Саралау тәсілдерін сабақта пайдалану мұғалім үшін таптырмас құрал деп ойлаймын. Ол баланы дамыту,қарқынын арттыру, сыни ойлауын дамыту сияқты дағдыларды қалыптастыруға,дамытуға мүмкіндік береді.

4

Re: Сараланған тәсілдер

Бағдарламада көрсетілген саралау тәсілдері  педагогикалық тәжірибенің қол жетпес  құндылығы деп есептеймін.

5

Re: Сараланған тәсілдер

Сараланған әдістер менің сабақтарыма көп ықпал етеді. Себебі саралау тәсілдері сабақтың нәтижелілігіне бастайтын жол деп есептеймін.

6

Re: Сараланған тәсілдер

Тапсырмаларды саралауды мен екі апталық курсқа келіп толық түсіне алдым.Ол менің жұмысымды ілгерілету үшін көп ықпал етті

7

Re: Сараланған тәсілдер

Саралау тәсілдері оқушыларға берілетін тапсырманың орындалу тиімділігін арттыратын маңызды қадам

8

Re: Сараланған тәсілдер

Саралу менің тарих пәнін оқытудығы негізгі құралдарымның бірі болып отыр. Ол оқушылардың жеке қабілеті мен ерекшелігін ескере отырып жұмыс жасауға мүмкіндік береді

9

Re: Сараланған тәсілдер

саралап оқыту оқытудың тиімділігі мен  оның мазмұнын талапқа сай етудегі таптырмас құрал

10

Re: Сараланған тәсілдер

Сараланған тапсырмаларды сабақта пайдалану мұғалім үшін де оқушы үшін де ең тиімді іс-әрекеттердің бірі екеніне анық көз жеткізе алдым

11

Re: Сараланған тәсілдер

Саралап оқытудың . тәсілі менің тәжірибемдегі таптырмас құралдардың бірі
ол оқушылардың деңгейін анықтап әрекет жасау үшін өте маңызды

12

Re: Сараланған тәсілдер

Мен екі аптаға созылған жаңартылған курс бағдарламасында саралап оқытудың тәсілдерін үйрендім.Саралаудың . тәсілі оқушы деңгейіне сай оқытудың ең тиімді жолы екені айқандығына көз жеткіздім

13

Re: Сараланған тәсілдер

Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалана отырып, барлыө оқушыларға сараланған тапсырмалар ұсынуға әрекет етемін. "Сана" аллеясы арқылы өзін өзі бағалау техникасын пайдаланамын

14

Re: Сараланған тәсілдер

Барлық оқушыларды оқу мақсатын меңгеру деңгейіне жеткізу үшін мен сабақтарымда сараланған тапсырмаларды пайдалануды мақсат етемін. Саралап оқыту бала ерекшелігіне сай білім беру,жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін дамытуда таптырмас құрал

15

Re: Сараланған тәсілдер

Саралаудың қарқын,тапсырма,диалог тәсілдерін сабақтарымда үнемі пайдаланамын. Оқушыларға бағыт-бағдар беріп,көбірек мадақтау сөздер айтып отырамын

16

Re: Сараланған тәсілдер

Оқу мақсатына жетудің ең тиімді жолы сабақта тапсырмаларды саралау. Бағдарламада көрсетілген саралаудың жеті тәсілін мен өз сабақтарымда пайланып жүрмін. Ол оқушының жеке қабілеттерін ескере оытырып оқытуға ең қажетті әрекеттердің бірі

17

Re: Сараланған тәсілдер

Оқушының түрлі дағдысын қалыптастырудың тиімді жолы саралау тәсілдерін пайдалану. Дереккөздермен жұмыс қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс жүргізуде пайдаланамын. Қарқын тәсілімен мұғалімнің көмегін аса көп қажет етпейтін оқушылар үшін тиімді

18

Re: Сараланған тәсілдер

Пәнге тән арнайы лексика мен терминологияны меңгеруге дағдылану үшін тапсырмаларды саралау аса қажетті. Мен жаңартылған білім беру бағдарламасында мен саралаудың жеті тәсілімен таныстым. Бұл тәсілдер оқу мақсатына жету жолында оқушылардың тиісті дағдыларын қалыптастыру үшін пайдаланылады.

19

Re: Сараланған тәсілдер

Топтық жұмыстарда саралаудың жіктеу тәсілін пайдаланамын. сабақ мақсатына жету үшін тапсырма тәсілі арқылы жүзеге асырамын

20

Re: Сараланған тәсілдер

Жаңа бағдарлама негізінде оқу мақсаты айқын берілген. Сондай-ақ ол кодталған. Тағы үлкен бір жетістігі осы бағдарламаның саралау тәсілдерінің енгізілуі. Мен з сабақтарымда көбіне саралаудың диалог және тапсырма,бағалау тәсілдерінің енгізілуіне баса назар аударамын.

21

Re: Сараланған тәсілдер

Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап,анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіреді. Оқушыларды ойланту үшін саралаудың қарқын тәсілін пайдаланамын

22

Re: Сараланған тәсілдер

Саралау тәсілдері оқу мақсаты мен  сабақ мақсатына оңай және тез жетудің ең тиімді қадамдары деп ойлаймын. Саралаудың тапсырма,бағалау,жіктеу тәсілдерін пайдалану мен үшін өте тиімді деп есептеймін

23

Re: Сараланған тәсілдер

Сәйкестендіру тестінде қарқын тәсілін, стоп кадр әдісінде тапсырма,кезбе тілші әдісінде саралаудың қорытынды тәсілін пайдаланамын. Сабақтың әр кезеңінде де саралау тәсілдерін пайдалану аса қажетті деп есептеймін.

24

Re: Сараланған тәсілдер

Қазақстанның келешегі жас ұрпақты қазіргі заман талабына сай,бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде саралап оқыту басты құрал деп есептеймін.Белсенді оқыту тәсілдерін баланың ерекшелігін ескере отырып ұйымдастыру мақсатқа жетудің маңызды қадамы. Тапсырмаларды саралауда мен қарқын,тапсырма,диалог,бағалау т.б тәсілдерді жиі пайдаланамын.

25

Re: Сараланған тәсілдер

Саралау жүргізу үшін әрбір оқушының жеке қабілеті ескерілуі керек. Белсенді оқыту тәсілдері сабақ процесіне енгізу барсында кез-келген әдістерді саралау міндетті қадамдардың бірі деп есептеледі