1

Тема: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Биология және жаратылыстану сабақтарында пәнаралық ықпалдастықты жүзеге асырудың артықшылықтарын айқындаңыздар

2

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін жаратылыстану саласы пәндері мұғалімдерінің пәндердің оқу бағдарламаларын зерделеу арқылы сабақтағы және сыныптан тыс жұмыстарды бірігіп жоспарлауы тиімді болып табылады.

3

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Оқшылар ғылыми  білімнің қандай  жолмен игерілетінін көріп ,дүниенің танымдық сипатына  көз жеткізеді. Проблеманы шешуге арналған тапсырмалар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамтып,білуге құмарлықты,жаңа нәрсені\ жаңалықты ашуға және оны негіздеуге ынталандыруы керек.

4

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Оқушылар бір пәннің аясында үйренген мәселелерін екінші пәнге пайдалана алады немесе бір пәннің негізінде басқа пәнді оқуды жақсарта алатындықтан пәнаралық ықпалдастық жүзеге асырылуы тиіс.

5

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

"Биология" және "Жаратылыстану" пәндері табиғаттағы және қоғамдық құбылыстарды зерттейтін ғылымдар ретінде бір - бірімен, сондай - ақ басқа да жаратылыстану пәндерімен, гуманитарлық бағыттағы және негізгі пәндермен өзара пәнаралық байланыстар жүргізе отырып оқытылатын пәндер болып табылады.

6

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Пәнді басқа пәндермен байланыстыра оқытудың екі түрлі тиімді жағы бар:Біріншіден,биология мен жаратылыстану оқушылардың басқа оқу пәндеріне дайындығын күшейтеді,екіншіден,өз кезегігде химия,физика,география,тарих,қоғамтану пәндерінде өарастырылатын мәсеслелерді өатар зерттеуге оқу базасын толықтырады.

7

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Орта буын және жоғарғы сынып оқушылары биология мен жаратылыстануды басқа пәндермен байланыста қарастыруы тиіс, себебі пәнаралық байланыс олардың оқуын барынша тиімді модельдеуіне мүмкіндік береді.

8

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Оқыту мен оқудағы бұл бағытты сындарлы оқыту теориясын жақтаушалар қолдайды, оқушылар бірлескен жұмыс барысында пәнаралық проблемаларды  талқылап, өзара пікір алмасады .Оқушылар әртүрлі пәндер бойынша оқыту аспектілерін пайдалана  алады немесе бір пән басқа пәнді  оқытуды жетілдіруге негіз бола алады.

9

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Мектептегі негізгі пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің оқуы үшін жауапты болуға үйренеді.

10

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Пәнаралық байланыстың тәрбиелік функциясы биология мен жаратылыстануды оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеуді барлық бағыттарының көрініс табатындығымен анықталады. Мұғалім жаратылыстану мен биологияны басқа пәндермен байланыстыру  арқылы оқушыларды тәрбиелеудің кешенді әдісін жүзеге асырады.

11

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Пәнаралық байланыстың әдістемелік функциясы:оқушылардың табиғатқа деген диалектикалық -матералистік көзқарастары ,табиғат пен қоғамның өзара байланысы ,табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы көзқарастары қалыптасады

12

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Пәнаралық байланыстың дамытушылық функциясы оқушылардың жүйелі және шығармашылық ойлауын дамытудағы ролімен анықталады .Пәнаралық байланыстар нақты пән тұрғысынан біржақты ойлауға жол бермей, оқушыларды кең оилауға итермелеп,ой-өрісін кеңейтеді.

13

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

"Жаратылыстану" және "Биология" пәндерінін пәнаралық байланысының негізгі шеңбері әрбір тақырыпты оқыту барысында анықталып отырады. Оларды пайдалану үшін мұғалім басқа пәндердың мазмұны туралы да білуі тиіс.

14

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Пәнаралық байланысты жүзегеасыру үшін жаратылыстану саласы пәндері мұғалімдердің пәндердің оқу бағдарламаларын зерделеу арқылы сабақтағы және сыныптан тыс жұмыстарды бірігіп жоспарлауы тиімді болып  табылады.

15

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Пәнаралық байланыс зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында маңызды орын алады.Мәселелерді шешу қабілеті оқушылардың ғылыми  танымдық тұрғыдан ойлауды үйренуге мүмкіндік береді.Олардың алдында кішірейтілген үлгідегі танымдық үдеріс көрініс табады,оның логикалық құрылымы:мәселені жою-болжамдар жасау-оны тәжірибие жүзінде тексеру -қорытындылар жасау

16

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Пәнаралық байланыстың сындарлылық функциясының көмегімен мұғалім оқу материалдарының мазмұнын, оқуды ұйымдастыру түрлерімен әдістерін жетілдіреді.

17

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

"Биология" және "Химия" пәндерін сабақтастыра оқыту барысында заттардың қасиеттері химиялық формулалар мен теңдеулер арқылы және биологиялық тұрғыдан түсінік беріле оқытылады. Бұл жерде екі пәннің арасындағы пәнаралық байланыс оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді, сабақта алынатын білімнің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Оқушылардың танымдылық қызығушылығы артып, олардың сабақта қарастырылған мәселелер мен сұрақтарды тереңірек зерттеуге қызығушылығы туындайды.

18

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Биология және жаратылыстану сабақтарында пәнаралық байланысты жүзеге асыру оқушылардың пәндерге қызығушылығын арттыруға және білім сапасын арттыруға және білім сапасын арттыруға, оқушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуға, оқу пәндеріне біртұтас жүйелі көзқарас қалыптастыруға, оқушыларды шығырмашылығын дамытуға және ғылыми зерттеу жұмыстарына тартылуына мүмкіндік береді.

19

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Пәнаралық байланыстың білім беру функциясы: пәнаралық байланыстар арқылы биологиялық құбылыстар мен табиғаттағы әртүрлі үдерістердің теориялық негіздері ашылып көрсетіледі.

20

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың өткен сабақтарда және басқа пәндерден алған білімін естеріне түсіріп,қолданғаны маңызды.

21

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Мектептегі негізгі пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып,өзінің оқуы үшін жауапты болуға үйренеді.Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын қалыптастырып,дамытуға,мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады.Мысалы,олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы ойлануды үйренеді.Сонымен қатар,пәнаралық байланыс орнату арқылы олар ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болды.

22

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Пәндер бойынша білімді ықпалдастыру оқушылар үшін білім беру үдерісінің өзара байланыстылығы мен маңызын арттыруға бағытталған.

23

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

биология және жаратылыстану пәндері бойынша сабақты жоспарлау барысында тиімді пәнаралық байланысты жүзеге асыру мұғалім мен оқушылардың бірлесе жұмыс жүргізуінің тиімділігін арттыруға ықпал етіп, сабақтың сапасын жақсартады және оның тәрбиелік ықпалын күшейтеді

24

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Пәнаралық байланыс арқылы оқушылар ақпаратты тиімді пайдалануды уйренетін болады

25

Re: Биология және жаратылыстану сабақтарындағы пәнаралық ықпалдастық

Жаратылыстану пәндерін оқытуда пәнаралық байланыстар әдістемелік, білім беру, дамытушылық, тәрбиелік, сындарлылық функцияларды атқарады.