1

Тема: Белсенді оқыту

Тіл үйретуде тиімді қолданылатын белсенді оқу стратегияларды атаңыз

2

Re: Белсенді оқыту

Мәтіннің сюжетін, құрылымын, лексикасын және сөйлемдердің құрылымын талқылау мақсатында әңгімені бірігіп оқу;
Жаңа лексика мен идеяларды қоса алғанда драмалық шығармалардағы бейнелер мен мәтіндерді зерделеу және бағалау; Мәтіндерді бағалау және өзінің ойын білдіру үшін графикалық органайзерлер қолдану

3

Re: Белсенді оқыту

Тіл үйретуде тиімді қолданылатын белсенді оқу стратегиялары:
• жаңа лексика мен идеяларды қоса алғанда, драмалық шығармалардағы бейнелер мен мәтіндерді зерделеу және бағалау;
• мәтіндерді бағалау және өзінің ойын білдіру үшін графикалық органайзерлерді қолдану;
• мәтіннің сюжетін, құрылымын, лексикасын және сөйлемдердің құрылымын талқылау мақсатында әңгімені бірігіп оқу;
• ойлануды қажет ететін мәселелерді ортаға салу және талқылау
Мұғалімдер осындай белсенді оқу стратегиясын қай жерде және қалай тиімді қолдануға болатындығы, қандай жағдайларда тікелей нұсқау беру әдісі қолданылатыны туралы ойлануы тиіс, мысалы, бірлескен оқылым немесе жазылым барысында.

4

Re: Белсенді оқыту

Тілдік мақсаттар академиялық тілді үйренуде маңызды құрал болып табылады. Оқушылардың өздерінен қандай нәтиже күтілетінін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдерге оқушылардың оқуға деген уәжін арттырып, оларды бағамдауға және қолдауға көмектеседі. Пән мұғалімдері оқушылардың пән мазмұнын меңгеріп, академиялық тілді дамытуына қолдау көрсетеді.

5

Re: Белсенді оқыту

 Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды   белсенді ойлау және практикалық әрекетке
итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта
жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді
меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.

6

Re: Белсенді оқыту

Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері - олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімдерді
игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға
білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-
ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылуымен байланысты.   Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттың қарқынды дамуына тәуелді.

7

Re: Белсенді оқыту

Тілдік дағдыларды қалыптастыруда, яғни айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылымға үйрету барысында алдымен көрсету және модельдеу өте тиімді. Сөздерді дұрыс айту, ақпаратты дұрыс қабылдау үшін қалай айту жөнінде мұғалім үлгісін көрсеткен жағдайда оқушы орындай алады. Сонымен қатар дүниетану, жаратылыстану сабақтарында оқушы қарапайым түсініктерді нақты ұғыну үшін өзінің тәжірибесі арқылы үйренуі өте маңызды. Яғни зерделеу жəне зерттеу арқылы мəселе көтеру, зерттеу бағытын болжамдаумен сұрау оқушыны ынталандырады. Бұл оқушылардың тәжірибе жасауы арқылы түсінігінің қалыптасуына жол ашады. Оқушының жаңа білім алумен қатар бұрынғы білімі тереңдейді.

8

Re: Белсенді оқыту

Қазақ тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер
1) Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері:
- Тілдік әдістер (әңгіме, дәріс, семинар, диалогтік оқыту,топтық оқыту, бірлесе оқыту);
- Көрнекілік әдістері (иллюстрациялар, көрсетілім, таныстырылым);
- Тәжірибелік әдістер (жаттығулар, тәжірибе жасау, қолмен түрлі бұйымдар (постер,
кластер, буклет) жасау;
- Репродуктивтік әдістер;
- Проблемалық-ізденушілік әдістер;
- Өзіндік жұмыс әдістері (мұғалім басшылығымен және өз бетімен);
2) Оқу-танымдық әрекетті ынталандыру және уәжді арттыру әдістері.
3) Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау жасату әдістері.

9

Re: Белсенді оқыту

Мектепте қолданылатын неғұрлым тиімді белсенді әдістерге:
-Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы
-Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру.
-Релаксацияны және қорытынды шығаруды ұйымдастыру.
-Оқу материалының тұсаукесері
-Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану
-Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану

10

Re: Белсенді оқыту

тіл үйретуде тиімді қолданылатын белсенді оқу стратегиялары:
• жаңа лексика мен идеяларды қоса алғанда, драмалық шығармалардағы бейнелер мен
мәтіндерді зерделеу және бағалау;
• мәтіндерді бағалау және өзінің ойын білдіру үшін графикалық органайзерлерді қолдану;
• мәтіннің сюжетін, құрылымын, лексикасын және сөйлемдердің құрылымын талқылау
мақсатында әңгімені бірігіп оқу; | 33 | Center of Excellence
• ойлануды қажет ететін мәселелерді ортаға салу және талқылау (Aronson, E., & Bridgeman, D, 1979).

11

Re: Белсенді оқыту

Мұғалімдер осындай белсенді оқу стратегиясын қай жерде және қалай тиімді қолдануға боалтындығы, қандай жағдайларда тікелей нұсқау беру әдісі қолданылатыны туралы ойлануы тиіс, мысалы, бірлескен оқылым немесе жазылым барысында.

12

Re: Белсенді оқыту

Сабақта белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді.

13

Re: Белсенді оқыту

Педагогикалық технология бойынша оқушының тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту қажет. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама жасау керек. Әрбір жеке жұмыс қабілетін ескере отырып сынып тапсырмаларын, үй жұмысыфн баланың ерекшелігіне қарай беру керек.

14

Re: Белсенді оқыту

белсенді оқудың тиімділігі оқушылардың сыни тұрғыдан жəне ойлау дағдыларын қалыптастырады, олардың кез келген ортада тілдік шектеуді сезінбей, өзін еркін ұстауына мүмкіндік туғызады.

15

Re: Белсенді оқыту

Белсенді оқу арқылы  оқушылардың танымдық дағдылары дамып артады. Кез келген материалмен жұмыс жасауда қорытынды шығару жəне есте сақтауға оқушылардың сабақ мақсатына сай не үйренгенін түйіндеу мен түсінгенін анықтау мен қате түсінген жағдайда түзету; оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, өз идеяларын ұсынуға шақыруға көмектеседі.

16

Re: Белсенді оқыту

Белсенді оқудың тиімділігі оқушы өзінің ой-пікірін еш бүкпесіз айтуға, сонымен қатар басқа адамның  айтқан  пікіріне құрметпен қарауды үйренеді. Бірлесіп  оқу технологиясы оқушыларды тың идеяларды ұсынумен қатар олардың жаңа мүмкіндіктерді қолдануға бағыттап отырады. Белсенді оқудың тиімділігі білім алу үрдісінде оқушының жеке көзқарасы мен басқалардың пікірімен санаса білу мәдениеті қалыптасады.

17

Re: Белсенді оқыту

сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады, бірақ мақсат біреу-ақ: қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту арқылы әр оқушының рухани әлемін ашуға тырысамын, оның бойынан суретші, құрастырушы қасиетін тауып, шығармашылық әлеуетін арттыру болып табылады.

18

Re: Белсенді оқыту

Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін белсенді əдістерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қорлары толығады. Оқу үдерісінде мұғалім оқушының неғұрлым белсенді болғанына назар аудара отырып, оқу материалын дайын күйінде бермеуі, оларға ашық сұрақ қою арқылы  назарларын шоғырландырып оқу, шолу жасауы, тәжірибе және зерттеу жасауға бағыттауының нәтижесінде нәтижеге жетеді.

19

Re: Белсенді оқыту

Белсенді оқудың тиімділігі оқушы өзінің ой-пікірін еш бүкпесіз айтуға, сонымен қатар басқа адамның  айтқан  пікіріне құрметпен қарауды үйренеді. Бірлесіп  оқу технологиясы оқушыларды тың идеяларды ұсынумен қатар олардың жаңа мүмкіндіктерді қолдануға бағыттап отырады. Белсенді оқудың тиімділігі білім алу үрдісінде оқушының жеке көзқарасы мен басқалардың пікірімен санаса білу мәдениеті қалыптасады

20

Re: Белсенді оқыту

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының мақсаты оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге сенімін арттырып, еркін ойлауға үйрету болып табылатындығына қарамастан, мұғалімдердің немқұрайлық танытып, оқушылардың өз бетімен отыруына жол бермеуі аса маңызды. Оқушылар жеке-
дара жұмыс істегеннен гөрі, мұғалім қолдау көрсететін белсенді сабақта анағұрлым жақсы үйренеді. Оқушылар алға ілгерілеген сайын, оларға мұғалім тарапынан аса қамқорлықпен қолдау көрсетудің қажеті болмайды, енді олар өздігінен жұмыс істей алады.

21

Re: Белсенді оқыту

Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. 

22

Re: Белсенді оқыту

Белсенді оқу барысында мұғалімдер:
- барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ахуалын
қалыптастыруға;
- сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап,
рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
- оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс-
тәсілдерді қолдануға;
- алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді
өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып; бүкіл
сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін
ұйымдастыруға;
- оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде
және мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті, анық, қарапайым тілді пайдалануға;
- оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс.

23

Re: Белсенді оқыту

Белсенді оқу үдерісінде мұғалім үшін:
- ой салып, ынталандыратын материал ұсыну;
- оқушылар ғылыми жоба барысында пайдалана алатын тәжірибелік және эксперименттік
дағдыларды қалыптастыру;
- оқушыларға өздері қызығатын салаға қатысты сұрақ тұжырымдауға көмектесу;
- жұпта, шағын топта және құрамы өзгеріп отыратын жұпта жұмыс істеуге арналған
жаттығу дайындау;
- оқушыларды бір-бірімен сұхбаттасуға жетелеу;
- оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және мүдделерін есепке алу;
- оқушыларды өз бетінше ойлануға бағыттау;
- оқушыларға өздерінің ойлау және зерттеу дағдыларын қолдануды еске салу;
- оқушылармен жеке жұмыс жүргізу;
- оқушыларға өз бетінше жұмыс істегенде жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды
ойлап табу және ұйымдастыру маңызды болып табылады.

24

Re: Белсенді оқыту

Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне талпындыру жатыр. Онсыз білімдерді игеруде алға жылжу болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету т.б. жаңа міндеттер қойылуымен байланысты

25

Re: Белсенді оқыту

Тіл үйретуде тиімді қолданылатын белсенді оқу стратегиялары:
• жаңа лексика мен идеяларды қоса алғанда, драмалық шығармалардағы бейнелер мен мәтіндерді зерделеу және бағалау;
• мәтіндерді бағалау және өзінің ойын білдіру үшін графикалық органайзерлерді қолдану;
• мәтіннің сюжетін, құрылымын, лексикасын және сөйлемдердің құрылымын талқылау мақсатында әңгімені бірігіп оқу;
• ойлануды қажет ететін мәселелерді ортаға салу және талқылау