1

Тема: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Балаға жаңартылған мазмұнда білім беруде өте тиімді әдіс-тәсілдер түрлерін бөліссеңіздер

2

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды.

3

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Жүйелі ойлануға үйрету

4

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзібағалауға қатыстырады.

5

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін өздері бағалайалуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

6

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Қазіргі заманғы бірқатар зерттеулерде 3 жастағы оқушыларға мүмкіндік жасалған жағдайда,олар өзінің оқуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті екендігі анықталды

7

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Оқушылармен пікірлесу – басшылықтың дәстүрлі қарым-қатынасынан өзгеше және
оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс.

8

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарыменмұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде де
мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың да сұрақтары
маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана
емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру
үшін де пайдаланады.

9

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Баланың сыни тұрғыдан ойлауын дамытады . Мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін ойдың/сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданылатын әдіс.

10

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

жаңа әдіс-тәсілдер оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруді көздейді.
Баланы бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады

11

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Гүлмен тілек

Тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған, сондай-ақ оқушыларды қатыстыру арқылы барлығын теңестіру, бір-біріне жақындастыру.

Баланы бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады

Балалар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

12

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды.

13

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және      өмір          жағдайында  шығармашылық  пайдалануға дайындығын қалыптастыруға бағдарланған

14

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысукерек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз
алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды
және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады

15

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

«Жағымды, жағымсыз, даулы» әдісіҰйымдастыру: топпен жұмыс.Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру.Сипаттамасы: оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ  оқылған әңгімені немесе мәтінді «жағымды, жағымсыз, даулы» мәселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын(идеяларын)  айтады. Содан кейін әр топқа тек бір мәселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.

16

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

«Бір қадам артқа» әдісіне негізділген алдыңғы сабақтағы кері байланыстан басталады. Әр сабақты осылай кері байланыстан бастау оқушылардың қателік жіберуге қорықпай, тәуекелге бару мәдениетін қолдау, оқушылардың ішкі уәжін сақтау және арттыру үшін  жағымды кері байланыс ұсыну, оқушылардың өзіне беретін бағасын көтеріп, олардың алдағы уақытта нәтижені жетілдіре алатынына сенім ұялату болғандықтан сабақты осылай бастауды жөн деп санаймын.

17

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.

18

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

«Айдаһар»Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы». Басы құйрықты ұстап алу керек.

19

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

«Айна»Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

20

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын міндетті талап, сабақта белсенді оқыту әдістерін пайдалану және оқушыларды танымдық үдеріске тарту болып табылады. Мұндай тәсілді пайдалану кезінде, оқушы білімді дайын түрде алмай, білімге, өзіндік оқу-танымдық қызметінің үдерісінде ие болады.

21

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі – олардың пәндік білім мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.

22

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Маршрут ойыны.
Бұл ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді. Чайнворд (ағыл. chain – шыңжыр және word – сөз) бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.
Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ, -қарбыз т.б.

23

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

Жаңа оқу бағдарламаларының тағы бір ерекшелігі – олардың пәндік білім мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау.

24

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

«Ассоциативті қатар»Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: ертегі, «Қобыланды батыр», кейіпкерлері, жыр, оқу, Тайбурыл....Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі). Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.

25

Re: Жаңартылған бағдарлама барысында тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер

«Әңгімелесетін әріптестер»Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

  • жаңа оқылған 3 факті туралы;

  • оларға жеңіл болып көрінгендер туралы

  • оларға қиын болып көрінгендер туралы

  • алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.