1 (2019-09-17 12:00:06 отредактировано Исмайлова Урхия)

Тема: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау түсінігі, қызметі мен міндеттеріне тоқталып өтсеңіздер

2

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

  • Мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

3

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалаудың міндеттері:

  • Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

  • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

  • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

  • Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

  • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

  • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

4

Re: Критериалды бағалау

Критерийлік бағалаудың міндеттері:

  • Оқу үдерісінің әр кезеңінде әр оқушының дайындығы деңгейін анықтау;

  • оқу бағдарламаларына сәйкес оқушылармен қысқа мерзімді мақсаттар мен оқыту нәтижелеріне жетуін талдаңдар;

  • оқушының дамуының жеке траекториясын түзету мен жеке озуының мониторингі;

  • оқу бағдарламаларын меңгеруде, оқушылардың бар кедергілерді жоюына себепші;

  • іс-әрекеттің әр түрін орындау үшін алынған бағаның мәнін дифференциациялау;

  • оқу бағдарламалары тиімділігінің мониторингі;

  • оқу үдерісі мен оқу материалын меңгеруді ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету.

5

Re: Критериалды бағалау

Критерийлік бағалауды енгізу оқушылар құзыреттілігін дамытуға бағытталған қалыптасқан бағалауға көшу мүмкіндігін жасайды, Баға, оқушыға түсінікті критерийлерден, оны ынталандырады және негіздейді және оқыту үдерісін мағыналы жасау жинақталады.

6

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға  принциптерге) негізделеді:
•  Оқыту  мен  бағалаудың  өзара  байланысы.  Бағалау  оқу бағдарламасындағы  мақсаттармен,  күтілетін  нәтижелермен  тікелей  байланысты  оқытудың  ажырамас  бір  бөлігі  болып  табылады.  Демек,  неге  және  қалай  оқытады,  білім  алушының  қажеттілігі  қандай  және  бағалау  тәжірибесінде  жүзеге  асыруға  қажетті  нәтижелерге  жетуге 
қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.
•  Шынайылық,  анықтық  және  валидтілік.  Бағалау  дәл  және сенімді  ақпаратты  ұсынады.  Қолданылатын  критерийлердің,  құралдардың  оқу  мақсаттарына  жетуге,  күтілетін  нәтижелерді  бағалайтынына сенімділік бар.

7

Re: Критериалды бағалау

Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмысы барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

8

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау дегеніміз – оқушының білімі мен білігін алдын ала белгіленген оқу жетістіктерімен салыстыра оқыту, соның негізінде оқушыны бағалау.

9

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау кезінде алдын-ала бағалау шкаласы белгіленіп, оқушының алдына соған жету жоспары қойылады. Бағалаудың мұндай жүйесі білім алушының кемшіліктерін өзіне түзетуіне мүмкіндік береді, оқушының өзін-өзі және өзгені бақылауына, бағалауына мүмкіндік туғызады,  бағаның айқындылығын, адалдығын сақтайды, оқушының сабақ үрдісінде өткен тақырыпты қалай түсінгендігін мұғалімге күнделікті саралап отыруына жағдай жасайды. Осының барлығының негізінде мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс бағалаудың жалпы негізін ашады.  Яғни, критериалды бағалау оқыту – тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру төрттігін басшылыққа алады.

10

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау жұмысы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалау арқылы жүзеге асады. Оқушы оқыту жоспарындағы барлық мақсаттар түгел қамтылған бірнеше қалыптастырушы бағалаулардан өтіп, тақырыпты түсінбей «талпынған» оқушы түзету жұмыстары арқылы оқу мақсатына «жетіп», ішкі жиынтық бағалауға келеді. Ішкі жиынтық бағалау мазмұны барлық критерий тұтас қамтылады. Дескрипторға сай тапсырманы толық меңгергендігін көрсетуі шарт. Соның нәтижесінде тоқсан соңында жиынтық бағалау оқушы білімін анықтап береді. Оқушы білімі баллдық жүйемен есептеледі.

11

Re: Критериалды бағалау

Оқуды тиімді бағалау —  білім беру мен оқытудағы ең негізгі кезең. Өйткені, ол оқыту барысында оқушыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге жетуіне ықпал ететін күш. Бүгінгі саналы ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім үшін де, оқушылар үшін де жауаптылықты қажет етеді.

12

Re: Критериалды бағалау

Критериалдық бағалау — бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болған, айқын анықталған, білім процесінің барлық қатысушыларын алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

13

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау — бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген  оқушының  оқу-танымдық  құзырлығын қалыптастыруда  алдын-ала  белгіленген  жетістіктер мен салыстыру үрдісі.

14

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.

15

Re: Критериалды бағалау

Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары.

16

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

17

Re: Критериалды бағалау

Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған.

18

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни, бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады.

19

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

  • заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;

  • жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;

  • оқушылардың білім сапасын арттырады;

  • оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;

  • тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

20

Re: Критериалды бағалау

Бағалау- оқытудың жүйелі және жоспарлы жинақталған куәгері ретінде оның сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін пайдаланылатын әрекеттің кез-келген түріне қатысты берілген категория оқытудың екі аспектісін қарастырады: оқытуды бағалау (суммативті бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативті бағалау).

21

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау  бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие.  Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.

22

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Сабақ процесінде өтілетін тақырыпқа байланысты немесе топқа орындауға берілген бір тапсырмаға табыс критерийін  құруға болады.  Табыс критерийі – нәтижеге қол жеткізудің ең тиімді жолы. Табыс критерийін дайындап, берілген тапсырма орындалып болған соң, топ мүшелері өз есімдерін жазып, әрбір критерий бойынша өздерін бағалайды. Жұмысым жүйелі болу үшін табыс критерийінің бірнеше үлгілерін дайындап жүрмін. Сабақ барысында дайын үлгілерді топқа ұсынып, бірлесіп критерий құруын тапсырамын. Оқушылар алдымен топта ақылдаса отырып, өз ойларын ортаға салады. Сонан соң сынып оқушыларымен түгел бірлесе отырып критерийлерді нақтылап аламыз.  

23

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау— оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін білм беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс , ұжым талқысынан өткен , нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.

24

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы жүзеге асырылады.

25

Re: Критериалды бағалау

ағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды: — қадағалау; — алынған мәліметтердің интерпретациясы; — бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды; Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті , яғни білім алушылардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырма- ны орындап отырған білім алушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып немесе үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпарат ты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін.