1,001

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Сабырлылық– мінездің түп қазығы                                                                О. Бальзак

1,002 (2015-12-09 22:35:40 отредактировано Бекишева Жулдыз)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Кеңпейілділік - адам бойындағы ізгі қасиетті білдіретін ұғым. Қазақ халқында айналасына жайлы, қолы ашық адамдарды алды кең, пейілі жомарт деп атайды. Кеңпейілділік пен бауырмалдық адамдарды татулыққа, бірлікке, ынтымаққа жетелейді.

1,003

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қазіргі заманда ғылым менбілім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын,
адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара
жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала,
қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық,
өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы
–«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман
кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген
принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы
қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден-
бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр
құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз.
 Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі
тану»  жобасының  авторы С. А. Назарбаева: «Рухани кәусар бұлаққа
барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей
келе, оған тек  жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге
болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз.
Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет –
жан дүниеміздегі  махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп
қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды
                                                                                                                                                                       Өмір әдебі

1,004 (2015-12-09 22:39:01 отредактировано Бекишева Жулдыз)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Тыныштық - жүректің әні,         
Тыныштық - бақыттың таңы,
Тыныштық - көңілдің сәні.
Тыныштық - өмірдің мәні.
Тыныштық - ашуды жеңер,
Тыныштық - ол нағыз шебер.
"Тыныштық!"- ұраның болса,
Рухани байлығың артып,
Арманың сені іздеп келер,
Шаңырақ шаттыққа жетер
Адамзат риза боп өтер!                                                     
                        Дидар  Какенова
 

1,005

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Аялауды табиғаттан үйрен"
                                         халық мақалы

1,006

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы тан, әріптестер! Күндеріңіз сәтті өтсін!

1,007

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бақыт
Толстойдан біреу «Адам қай кезде бақытты бола алады?» деп сұрайды. Толстой: «Қолда барына қуанып, қолда жоқты ойламаған кезде», - депті.

1,008

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Үйретуге де, үйренуге де ашық бол
Бір ғұлама өзеннің жағасында отыр еді. Ол күннің ыстығына шыдай алмай су ішкісі келген итті көреді. Бір қызығы: ит өзенге келіп, су ішейін деп
жатқанда, ішпей кері қашады. Осылай 3-4 рет қайталанған соң, ғұлама иттің судағы
өзінің бейнесінен қорқып су ішпей қашатынын түсінеді. Ақырында, шөліне қарсы тұра
алмай ит өзенге жүгіріп барып түседі де, судағы бейнесін көрмеген соң, шөлін қандырып
су ішеді. Осы орайда ғұлама:
"Иттің осындай әрекетінен түсінгенім, бір адамның армандары арман болып
қалуының басты себебі – адам ішіндегі қорқыныштардан. Егер ішіміздегі қорқынышты
жеңе білсек, қалаған мақсатымызға жете аламыз" деген ой түйеді.
Тағы ойланып, үйренген нәрсенің бұдан басқа екенін көреді. Үйренгені –
ғұламаның да бір иттен үйренері бар екені. Білгеніңі,збен бөлісіңіз, басқа адамдардың
үйренері бар шығар... Үйретуге де, үйренуге де ашық болыңыз, өйткені әр адамның
міндетті түрде бір білгені мен айтар сөзі бар.

1,009

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы тан, әріптестер! 
Еңбек - бәрін жеңбек дегендей жұмыстарыңыз жемісті болып, ізгі мақсаттарыңыз жүзеге аса берсін.

1,010

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бір- ақ сөз
Тірі гүл керемет бір сұлулықтың белгісі. Анда-санда гүл жинап не болмаса гүл шоғын сатып алып көршіме, таныстарыма, туысқаныма апарып оларды
қуантқанды жақсы көремін. Бір күні таң атысымен бақ жаққа шығып әдемі гүлдерді
теріп алдым. Гүлдердің сұлулығына қанша қарасам да еш тоймайтын сияқты болдым.
Бір кезде ішімнен "Осы әдемі гүлдерді бір досыма неге бермеске?" – деп ойладым.
Дереу бір қағазға "Досыма!" деп бір-ақ сөз жазып, қағазды әдемілеп гүлдің арасына
қыстырдым. Жолдан өтіп, гүл шоғын көрші тұратын ең жақын досымның есігінің алдына
қойып кеттім. Кешкісін досым телефон соғып гүлдерді көріп қатты қуанғанын айтты.
Кеше балаларымен бір нәрсеге келісе алмай қалған екен, сонда ержеткен ұлы анасына
ренжіп "сенің еш досың жоқ!" деген екен. Осындай ауыр сөзді естіген досым бір түрлі
қобалжып қалған көрінеді. Ертеңіне есікті ашып қараса, бір шоқ гүл тұр. Гүлдердің
арасында "Досыма!" деген бір-ақ сөз жазылған хат

1,011

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Мейірімді және ілтипатты бол!
Ұстазға жас жігіт келіп шәкірттікке қабылдауын сұрайды.- Ол саған не үшін керек? - деп сұрайды ұстаз.
- Қайратты да қайсарлы болғым келеді.
- Енді болмайсың ба! Айналаңа мейірімді, кішіпейіл және ілтипатты бол. Мейірім
мен ілтипат арқасында елдің құрметін аласың. Ішкі дүниең тазарып мейірімге толады,
яғни, жігерлі боласың. Ілтипаттың арқасында кішкентай да болса өзгерістерді байқайтын
боласың да, көптеген қиындықтарды алдын ала болжай аласың, яғни, ұрыс-
қақтығыстарға кірмей тұрып оларды жеңіп шығасың. Талас-тартыстардың алдын көре
алатын болсаң, ешкім жеңе алмайтындай қайратты бола аласың.
- Қалай сонда?
- Иә, ешкім сені жеңе алмайтын болады, өйткені ешкіммен егеспейсің.
Жігіт кетіп қалады. Бірақ бірнеше жыл өтіп, ұстазға қайтып келеді.
- Не іздедің? - деп сұрайды қария.
- Сіздің аман-саулығыңызды және қандай да бір көмегім керек пе деп сұрайын
деп келдім, - дейді.
Сол кезде ұстаз жігітті шәкірттікке алады.

1,012

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Отты әркім өзімен бірге алып келеді
Ертеде бір әкім болыпты. Ол әкімнің үнемі айналасындағыларға тисіп, кекететін әдеті болыпты. Сәл ұнамай қалған нәрсесіне
ызалануы да ерекше қатты болатын. Бір күні қызметшілерінің біреуі алыстан үсті-басы
шаң болып келіп, әкімнің алдына шығады. Әкім:
- Түріңе қарашы! Қайдан келе жатырсың соншама? - деп сұрайды.
- Тозақтан келе жатырмын.
- Не үшін бардың тозаққа?
- От керек болды да, сол жерде көп деп барған едім.
- Енді алдың ба керегіңді?
- Жоқ, ала алмадым. Жаһаннам күзетушілерінен сұрасам, олар: «Бұл жерде сіз
ойлағандай от жоқ. Әркім отты ана дүниеден өзімен бірге алып келеді» деді.

1,013

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Күнәнің ең үлкені бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарда" Ы. Алтынсарин 
Бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған.

1,014

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Сені жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата - анаңның көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандайда жақсылыққа ылайық емессің, өйткені кімде - кім ата - ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды.  Егер сен өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де ата - анаңды құрметте, сен ата- анаңа не істесең, саған перзентің соны жасайды. Перзент - жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, тәтті болады.
Яғни ата - анаға деген ізгі тілегіңнің қабыл болғаны.

1,015

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Сені жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата - анаңның көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандайда жақсылыққа ылайық емессің, өйткені кімде - кім ата - ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды.  Егер сен өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де ата - анаңды құрметте, сен ата- анаңа не істесең, саған перзентің соны жасайды. Перзент - жеміске, ата - ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, тәтті болады.
Яғни ата - анаға деген ізгі тілегіңнің қабыл болғаны.

1,016

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  Сөз бен істің бірлігіКішкентай баланың балға аллергиясы болады. Бірақ балаға ата-
анасы «бал жеме!» деген сайын, бала балды екі есе көп жейді. Денсаулығына
уайымдаған ата-ана баланы үлкен бір ақсақалдың үйіне апарады да «Баламызға бал
зиянды, бірақ қанша жеме десек те, тілімізді алмайды. Сіз айтсаңыз, бәлкім тыңдайды», -
дейді. Ақсақал: «қазір ештеңе айта алмаймын, балаңызды 40 күннен кейін қайтып алып
келіңіздер», - дейді де, үйге қайтарып жібереді. Қырық күн өтіп, ата-ана балаларын
қайтып әкелген кезде, ақсақал баланы қолға алып көзіне қарайды да "бал жеме" деп ақыл
айтады. Бала бірден басын иіп «Мен енді бал жемеймін» деп сөз береді. Таң қалған ата-
ана ақсақалдан «Айтқаныңыз бір ауыз сөз ғана, неге 40 күн күттірдіңіз?» - деп сұрайды.
Ақсақал: «Балаңызбен бірге келген күні таңғы асыма бал жеген едім. Сол кезде егер өзім
жасаған нәрсені оған жасама деп ақыл айтқан болсам, бала мені де тыңдамас еді.
Денемдегі бал толық жоқ болу үшін 40 күн күту керек-ті, сонда ғана ақыл айта алдым»
депті.

1,017

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  Математика мұғалімі көзге көрінетін нақты формулаларды тақтаға жазып жатып; «Арамызда көзге көрінбейтін дүниелерге сенетіндер де бар
шығар?» - деді.
Бір оқушы орнынан тұрып:
- Әрине, - деп жауап қайтарады.
- Маған қара, адам көзге көрінбейтін, қолмен ұсталынбайтын заттардың
болмысына сеніп, ол жайлы сөз етсе, ол ақылдылыққа жатпайды, - деді.
- Апай, сіз балаңызды жақсы көрген кезде, мейіріміңіз қолға ұсталына ма, ал
бір кедейге садақа беріп тұрғаныңызда, оған деген жанашырлығыңызды шығарып,
үстелге қоя алар ме едіңіз? – депті

1,018

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  Егер баланы міней берсең, ол сынауды, кінә тағуды үйренеді;
Егер баланы кемсіте берсең, қысылып ұялуды үйренеді;

Егер бала дүрдараз ортада өссе, бұзақылықты үйренеді;
Егер баланы үнемі ұялта берсең, ол үнемі өзін кінәлі сезінетін болады;
Егер бала ақ пейілді ортада өссе, сабырлы болуды үйренеді;

Егер баланы қолдай жүрсең, өзіне сенімді болуды үйренеді;
Егер баланы дәріптей жүрсең, алғыс білдіруді үйренеді;
Егер бала өз пікіріне құрмет көрсетілгенін көрсе, әділетті болуды үйренеді;

Егер балаға сеніммен қарасаң, адамға сенімі молая түседі;
Егер баланы мақұлдап, жасағанына оң баға беріп өсірсең, өзін сүйіп өседі;
Егер бала отбасы ішінде қолдау мен достық көрсе, өмірде бақытты болуды үйренеді.

Қысқасы, біз қандай болсақ, балаларымыз сондай болады

1,019

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Достық туралыЕртеде қалың орман ішінде бір үйір қасқыр тіршілік етіпті.
Олардың жол бастаушысы кәрі арлан екен. Кезекті жорыққа шығар кезде кәрі қасқыр
өзінің үйіріне бұдан былай оларға жетекшілік етуге шамасының қалмағанын айтады.
Үйір ішінен жас қасқыр алға шығып, үйірді бастап баруға рұқсат сұрайды. Сөйтіп, олар
азық іздеп жолға шығады.
Бір тәуліктен кейін олар мол азықпен оралыпты. Жас қасқыр кәрі арланға
өздерінің жеті аңшыға жолығып, олардан айласын асырып кеткенін жеткізеді. Бірнеше
күннен соң тағы да жорыққа шығатын мезет келеді. Алайда, қанша уақыт өтсе де, олар
қайтып оралмайды. Бір күні кәрі арлан қанға боялған жас қасқырды көреді. Ол өз
үйірінің үш адамға кезігіп, өзінің ғана әрең дегенде тірі қалғанын айтады. Таң қалған
кәрі арлан:
«Қалайша? Сендер өткенде қарулы жеті аңшыны жеңіп аман-сау оралмап па
едіңдер?» деп сұрапты. Жас қасқыр:
«Иә, ол кезде жай ғана жеті аңшы еді. Ал бұл жолы ажырамас үш досқа
кезігіппіз», - деп жауап берді

1,020 (2015-12-10 11:19:54 отредактировано Галия Райымбекова)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  Бір күні хандардың бірі халқының қаншалықты адал екенін көргісі келеді. Адамдардың бәрін жинап алып: "Қаланың ортасына бір бассейн жасаймын. Ортақ хандығымыздың өркендей түсуі үшін сіздердің көмектеріңіз керек. Ол үшін түнде қаланың әрбір тұрғыны бір шелек сүт әкеліп бассейнге құйса, өз борышын орындаған саналады", - дейді. Ханның мұндай ұсынысы халқының көңілінен шыға қоймады. Бірақ амал жоқ, хан айтқан соң міндетті орындау керек. Қала халқы түні бойы борышын орындап жүрді. Хан таң ата салысымен бассейн жаққа барып, бассейн іші сүтке емес, суға толғанын көріп таң қалады. Сөйтсе, адамдардың бәрі бірдей
"Осыншама халық арасынан мен ғана сүт орнына су апарсам, ештеңе де өзгере қоймас", - деп ойлап, бассейнге құр су құйған екен.

1,021

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

«Дамыған елдердегі ең басты қағидат мынандай – жұмыс адамды емес, адам жұмысты іздейді». 
                                                                                         Н.Ә.Назарбаев

1,022

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

 Адамдарды білетіндер саналы болады. Өзін білетіндер білімді. Адам-дарды жеңе білетіндер күшті. Өзін-өзі жеңе білетіндер құдіретті.
Жеткіліктілікті білетіндер бай. Кім табанды болса, жігерлі де. Кім өз
табиғатын жоғалтып алмаса, сол ұзақ жасайды. Кім өлсе де ұмытылмаса,
сол мəңгілік.

                                                         Лао-цзы

1,023

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Өзгелерге көп нəрсені кешкенмен, өзіңе ештеңені кешпе." 
                                          Публилий Сир

1,024

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Екі жолдас орманда келе жатыр екен. Бірінің денсаулығы мықты, екіншісі аурудан жаңа тұрған әлсіз екен. Кенет алдарынан аю шыға келеді. Денсаулығы мықты жігіт зымырап ағаштың басына өрмелеп шығып кетеді. Екіншісі жүгіруге шамасы жоқ, өтірік өлген болып жерге жата қалады. Өйткені аю өлген адамға тиіспейді деп еститін. Жолдасы көзі бақырайып, ағаштың ұшар басынан қарап тұрады. Аю ауру жігітке қарай беттейді. Жігіт қорыққанынан дем алмай қалады. Жыртқыш бас жағынан ары-бері иіскелеп, өлген адам екен деп жөніне кетеді. Ағаштың басынан түскен жігіт ауру жолдасына: - Досым, аю құлағыңа не деп сыбырлады? - дейді. Сонда ол: - Басыңа күн түскенде қашып кететін достан қашық жүр деді, - деп жауап береді.

1,025

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Дүниедегi ең оңай нəрсе – кiсiге ақыл айту, ең қиыны – өзiңдi-өзiңтүсiну."
                                                                                    Əл-Фараби