1

Тема: Сұрақтар

1. 21-ғасырда тіл мен әдебиетті қалай оқыту керек?
2. Рефлексияның маңызы қандай?

2

Re: Сұрақтар

1. Менің ойымша, 21-ғасырда қазақ тілі мен әдебиетті оқытуда мұғалім әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып оқытса, сол жағдайда әр оқушы қазақ тіл мен әдебиетті білудің, оқудың маңызын түсініп, оқыту процесі тиімді болар еді деп ойлаймын.
2. Рефлексияның маңызы - мұғалімнің өз сабағына анализ жасау арқылы өзіндік дамуы мен кәсіби өсуіне әсер етеді деп есептеймін.

3

Re: Сұрақтар

Менің ойымша, 21 ғасырда тіл мен әдебиетті өзара және қазіргі өмірмен байланыстыра оқыту керек.
 Оқу және оқыту процесінде рефлексияның маңызы өте зор деп есептеймін, өйткені ,меніңше, рефлексия дегеніміз бұл- "мен осы сабақтан өзіме не алдым? Өміріме  сабақтан қажетті нәрсе болды ма?" - осы сұрақтарға жауап деп есептеймін. Рефлексияны жасайтын  тек қана оқушыға ғана емес, ол екі жақты болу керек: ол мұғалім үшін де қажетті процесс. Сабақтың соңында педагог өзіне рефлексия жасайды: не жұмысында ұтымды болды, неге қанағаттанбады...

4

Re: Сұрақтар

1. 21-ғасырда тіл мен әдебиетті қалай оқыту керек?
Менің ойымша,21 -ғасырда тіл мен әдебиетті оқушының қажеттілігіне жарататындай  оқытуымыз қажет.Өмірмен байланыстыра отырып, оқушы әр сабақтан сол күні қажеттілігіне  жарататын сөздік қор  үйреніп шыға алса жақсы болар деп ойлаймын. 
2. Рефлексияның маңызы қандай?Маңызы зор,мен өзіме бүгін  балаларды неге үйреттім, олар сабақтан не алды, сабағым қалай өтті деп қорытып, ертеңгі сабағымды жоспарлауыма көмегі тиеді.

5

Re: Сұрақтар

21-ғасырда тіл мен әдебиетті оқыту үшін заманға сай әр сабақта АКТ қолданып,оқушы сабақтан сабаққа дами отыратын білім алу керек.Оны  өмірмен байланыстыра отырып оқыту керек.
2.Рефлексияның маңызы зор.Оқушы сабақта нені білді және нені білгісі келеді екенін мұғалім біледі.

6

Re: Сұрақтар

21 ғасырда тіл мен әдебиет пәнін оқытуда менің ойымша тиімді болу керек. Әр сабақта қызықты өткізу үшін әр тақырыпты өмірмен байланыстырар едім,әдебиет сабағы- " журекпен" сөйлейтін сабақ. Оқушыларға дүние әлеміндегі барлық құбылыстың,әр нәрсенің жаны бар екенін ұғындырушы едім.Түрлі сезімдерді адам баласы қағаз бетіне.тілмен,қозғалыспен көрсеткен.сол кұндылықтарды бала бойына сініругу тырысамын.

7

Re: Сұрақтар

Менің ойымша тиімді оқыту үшін окушылардың жас ерекшелігін, мүмкіндігін ескере отырып отыту керек деп ойлаймын. Сабақта баяндау емес, талқылау мен ойлану көп болу керек, соған байланысты ізденісімді де сол бағытта дамытып келемін.
екінші сұрақ бойынша рефлексияның маңызы зор. Ол іс әрекетін зерттеуге, бақылауға мүмкіндік береді.

8

Re: Сұрақтар

1. Менің ойымша 21-ғасырда тіл мен әдебиетті жаңа заман талабына сай оқытылса. Яғни қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік ,адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
2.Рефлексияның маңызы қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.

9

Re: Сұрақтар

1. Менің  ойымша 21 - ғасырда тіл мен әдебиет пәндерін тиімді оқыту  үшін жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану керек. Оқушылардың тіл мен әдебиетті жетік меңгеруіне ұстаздың  жан-жақты болуы тиіс.
2. Сабақ барысында рефлексияның мұғалім үшін маңызы өте зор. Себебі мұғалім сабақтың қалай болғандығын, оқушылардың не біліп, нені түсінгенін білетін болады. Оқушылар түсінбеген сұрақтарына жауап ала алады.

10

Re: Сұрақтар

Менің ойымша  21-ғасырда тиімді оқыту және өз ісінің  шеберлігі,оқушыларды әріқарай дамыту.

Екінші сұрақ рефлексияның маңызы зор

11

Re: Сұрақтар

Менің ойымша 21 ғасырда тіл мен әдебиет жалпы бірге тығыз байланыста болу керек деп ойлаймын. Өйткені біздің тіліміздің және әдебиеттің рухын оның дамуын көтеруіміз керекпіз. Бірақ біз әлі көп қиындықта тұрмыз. Біз үшін жағдайлар жасалған емес, көп қиыншылықтар бар деп ойлаймын.
Рефлексия - адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгертудің жолдарын анықтау.Адаминың өз істерінң мәнін түсіну.

12

Re: Сұрақтар

21 ғасырда  оқытуда бірінші орында -  бала психологиясы тұру қажет деп ойлаймын, өйткені мұғалім   сонда ғана оқушының  табиғатын  басшылыққа алып, сапалы білім береді.

Рефлексия болған жағдайда даму болады деп ойлаймын. Өйткені мұғалім өзіне талдау жасамаса, сабақ та маңызын жоғалтады.

13

Re: Сұрақтар

21-ғасырда тіл мен әдебиетті  тиімді оқыту үшін мектептің барлық мұғалімдері деңгейлік курстар арқылы жаңа форматты мұғалім  болулары  қажет деп ойлаймын.Ол арқылы заман талабына сай, АКТ -ны толық меңгерген жан-жақты тұлға тәрбиеленеді.
2.Менің ойымша, рефлексия әр сабаққа қажет.Ол әр түрлі формада болуы мүмкін.Жай сұрақ қою арқылы  да  сабақты  оқушылар қаншалықты түсінеді, келесі сабақта  неге көңіл аудару керек екенін болжауға болады.

14

Re: Сұрақтар

1. 21-ғасырда тіл мен әдебиетті қалай оқыту керек?
Менің ойымша қазіргі уақытта өзгермелі заманда өзгермейтін мұғалім жоқ, сондықтан 21-ғасырда тіл мен әдебиетті тиімді оқыту үшін мұғалім сабақ уақытында тек нұсқаушы болу керек, оқушыларға ой тастау қажет, ал шәкірттер өздері білімді алып өмірде қолдана білуіне үйретуіміз қажет. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапкершілік сезінеді.  
2. Рефлексияның маңызы қандай? 
 Рефлексия  сабақты жоспарлауда ең маңызды бөлігі деп түсінемін. Әр мұғалім сабағын ой елегінен өткізізеді, өз жұмысының нәтижесін көреді. Келесі сабақты жоспарлауға көмектеседі.

15

Re: Сұрақтар

1. Менің  ойымша ХХІ ғасырда қазақ тілі мен әдебиетін тиімді оқуту үшін  заман ағымына сай, ақпаратты техникаларды қолдаып оқыту.  Әдебиеті оқыту балаларға өте жақсы, қазіргі заман баласы көп білетрін, өз бетімен іздене алатын бала, сол үшін ұстаз балаға сабақта тек бағыт-бағдар беріп, сабақта мұғалім емес керісінше бала сөйлеп,  бала тілінің шебер, күрмеленбей таза, жүйелі , нақ ойын жеткізу кезінде еш қинындық тумайды. Бала білімінің сапалы білім болу үшін мұғалім тарапынан балаға, оның ата-анасына берілетін критерилеріне сай дискрипторларын ұсынған жөн. Сол кезде нағыз ұтымды оқыту болмақ. 

2. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.

16

Re: Сұрақтар

Менің ойымша,21- ғасырда тіл мен әдебиетті оқыту  бір-бірімен тығыз байланыста болу керек . Тіл тек қана қатынас құралы емес, ол біздің ұлттық болмысымыз, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз. Әдебиет арқылы біз тарихқа үңілеміз. Сондықтан да мұғалімдердің алдына койылатын талап көп. Мұғалімдер қашан да алдындағы халықтың балаларына сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін көптеген жаңа технологияларды білуі және қолдагна алуы шарт.

17

Re: Сұрақтар

21 ғасыр оқушысы- өз пкірін айтатын,өзі жасаған істеріне жауап беретін және түрлі құбылыстарға,оқиғаларға көзқарасы бар.
Ал біз мұғалімдер қауымы шәкіртіміздің ішкі жан дүниесіне шұғыл назар аудару үшін рефлексияны пайдалануымыз керек.

18

Re: Сұрақтар

1. 21-ғасырда тіл мен әдебиетті оқыту үшін әр мектептің ұстаздары деңгейлік курстардан өтіп, біліктілігін жоғарылату керек. Қазіргі заман талабына сай жаңа форматты ұстаздар болып, бар білімдерін оқушыларға берулері керек. Қазақ тілі мен әдебиетті қызықты етіп, неше түрлі көрнекіліктерді пайдалануы керек.
2. Менің ойымша, сабақ барысындағы рефлексияның мұғалім және оқушы үшін маңызы зор. Себебі мұғалім сабақтың қалай болғандығын, оқушылардың нені біліп, нені түсінгендерін білетін болады. Ал оқушылар түсінбеген сұрақтарына жауап ала алады. Мұғалім келесі сабақта жазған рефлексия негізінде сұрақтарға жауап береді және сабақтың қызықты өтуін алдын ала жоспарлай алады.

19

Re: Сұрақтар

1. 21-ғасырда тіл мен әдебиетті қалай оқыту керек? Әңгіме орыс топтары туралы ғой. Әдебиетті оқытқанда, түпнұсқадан қысқа мәтіндерді алып оқыту керек және сөздік жұмысы керек, ал тіл тек диалог арқылы ғана оқытылса, өнімді болады деп ойлаймын.
2. Рефлексияның маңызы қандай?  "Рефлексия - керібайланыс" деген сөз емес пе? Үйреткенімізді қайта тексереміз ғой, яғни үйреткенімізді кері тексерген маңызды ғой... Ақтаудан кабылова алмахан апайың ғой