1

Тема: Коучинг бойынша ревлексивті есебі

Коучинг сабағыбойынша рефлексивті есеп.
 Коучтер–тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылықүдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне
куратор рөлін қабылдаған адамдар
(МАН, 81). ОҚО Арысқаласындағы №18 жалпы орта мектебінде 1200 оқушы, 150 мұғалім еңбек етеді.
Жалпы орта білім беретін мектепте білім беру мемлекеттік стандарттарға сай
дайындалған бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Педагогикалық шеберлік орталығы
іске асыратын Кембридж университетінің Бағдарламасы аясында барлық мұғалімдер
өз сыныбының шегінде оқу көшбасшылары ретінде қаралады, сонымен қатар Екінші
деңгей бағдарламасының басым бағытын есепке ала отырып, оны игерген мұғалімдер
өз мектептерінде оқушылар мен мұғалімдердің оқуын іске асыратын көшбасшы болып
табылады. Оқытудың жаңа тәсілдері аясындағы игерген жаңа идеяларды жүзеге асыру
мақсатында мен еңбек ететін мектебімдегі әріптестерімнің оқыту тәжірибелерін
жақсарту негізінде әріптестеріме 2 коучинг сабағын жүргізуді жоспарладым. «Жаңа
тәсілдерді сабақтарында қолданатын мұғалімдер қаншалықты қатысады? Әріптестерім
менің коучинг сабақтарымда көрсеткен әдіс-тәсілдерді қолдана ала ма?» деген
сауалдар мені мазалады. Ойлаған мақсатыма жету бағытында көп іздендім. Курста
алған біліміме, практикалық дағдылары ма ойша талдау жасадым. Әріптестерім үшін
менің іс-әрекетім, коучингі жүргізудегі шеберлігім маңызды екендігін түсіндім.
Осы мақсатта еңбектеніп, бағдарлама негізінде жұмыс істеуге бет алдым.Коучингсабағымның тақырыбын таңдамас бұрын, мектеп әкімшілігімен және мектептің оқу
ісінің әдіскерімен, мұғалімнің сұранысы бойынша коучинг сабағымның тақырыптарын
анықтау мақсатында кездесіп, коучингтің мақсаты туралы түсіндіріп өттім.[table]
 
   
 
   


 
  Мектеп  әкімшілігіне  бағдарламаның мақсат, міндетін таныстыруда 
 
  Әріптестерден сауалнама  алу барысында 

[/table]Мектептеоқушыларды оқытуда қандай кедергілер және оны жою жолдарын қалай шешіп
жүргендігі туралы әріптестеріммен сұхбаттастым. Сұхбат барысында оқушыларды
пәнге деген ықыласын қалай белсендіруге болады, оқушыны тереңінен ойлануға
қандай жолдар арқылы жеткізуге болады деген сұрақтар әріптестерімді көп
ойландырады екен. Осы мәселелерді шешу үшін екі коучинг таңдалды. 1. «Сын
тұрғысынан ойлау», 2. «Диалогтік оқыту». Мектеп ұжымы тарапынан қолдау көріп, өз
ісімді бастауыма мүмкіндік алғаннан кейін мұғалімдердің қызығушылығын арттыру
үшін ынтымақтастық сабағын өткіздім. Ынтымақтастық сабағында коучинг сессияның мақсаттары
мен міндеттерін түсіндірдім. Кембридж бағдарламасының жеті модуль идеяларын
жан-жақты талдап, модульдердің тиімділігін атап көрсеттім. Осы коучинг
барысында мынадай үдерістер жүреді деп жоспарладым:1.Мұғалімдертәжірибе алмасу кезеңінде өзінің білім деңгейін көтереді.2.Мұғалімдердіңіскерлігі, тәжірибелігі, білімділігінің сапасы арқылы оқушылардың білім
деңгейін жақсартады.3.Бағдарламаның идеяларын меңгере жүріп, іс-тәжірибеге асыруы сыныптың, мектептің
дамуына үлес қосады.4.Құзырлыоқушы дайындау үшін мұғалім өзін-өзі реттеп, көшбасшылыққа ұмтылады. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ойжүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде
қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі
болуы мүмкін.
(МАН, 42).   Ұстаздарды топқа сусын ішетін трубкамен бөлдім. Коучингбасында психологиялық ахуал  жақсартумақсатында, «Дене мүшелерімен амандасу» тренингін жүргіздім.[table]
 
   


 
  Сағат бойынша дос 

[/table] [table]
 
 

 
 
   


 
  Топқа түрлі-түсті трубкамен  бөлу 
 
  Кіріс парақшасын тарату 

[/table]Коучингбарысында іс-әрекетім жүйелі жүру үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:1.Мұғалімдердіңынтасын арттыру жолындағы тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау және оны шешу жолдарын
табу.2.Жаңа әдіс-тәсілдердіқолдану арқылы көшбасшылар шығарып, өз іс-әрекеттерін сын тұрғысынан ойлауға
дейін жеткізу.Мақсатымажету үшін жауапкершілікті сезіне отырып, өзіме нәтижеге жетуге міндет етіп
алдым.Алтын ереже кезекті бақылап, сіздің әркімнің құқығынқорғайтыныңызды, оқушылардың түсінуіне көметеседі. Мұғалім мұны Алтын ереженің
көмегімен заңдастырады оны осы сыныптың азаматтары қабылдаған
(Интерактивті оқыту, 26) Коучинг сабағында бір-бірімізге дегенсыйластық пен құрметтің болуы үшін топ ережесін құруды ұсындым. Әріптестер өз
ойларын айтып, талқылай келе топ ережесін құрды.[table]
 
   
 
   


 
  Топ ережесін құру парақшасын  таратуда 
 
  Топ ережесін құру барысында 

[/table]Топ ережесідайын болған соң, интербелсенді тақтадан адамның басының суретін көрсеттім.
Тапсырма бастың ішіндегі жануарларды табу.  Осы суреттен неше жануар көріптұрсыздар? (Әр топ өз ойларын ортаға салды). Слайд арқылы сыни тұрғыдан
ойлаудың тиімді жолдарын көрсете отырып, түсіндіріп өттім. Слайд көрсету арқылы
мұғалімдерді ойланту үшін Блум таксономиясының кезеңдеріне бірнеше мысал
бердім. Ол мысалдарды алты кезеңге бөлу керек болатын. Бұл тапсырмада
мұғалімдерде кішкене түсінбеушілік туындады, мен Бенжамен Блум жайында және
Блум таксономиясын қайта түсіндіріп өткесін, үш топ постер қорғауға қызу
кірісіп кетті. [table]
 
   
 
   


 
 

АКТ пайдалану
 
 
 
Постер жасау
 

[/table]Постер қорғауда екінші топтанкөшбасшы Абилова Перизат шығып, тапсырманы блум таксономиясына салып берді. Бұл
тапсырмадан кейін логикалық есептер шығару тапсырылды, мұғалімдер сіріңкемен
ойлана отырып есептер шығарды. Мұғалімдердің берілген тапсырмаларды орындап
шаршағанын байқап, сергіту сәтін ұйымдастырып жібердім. Олардың шаршағаны басылып,
көңіл күйлері көтерілді.[table]
 
 

 
 
   


 
  Сіріңкемен есеп шығару барысы 
 
  Сергіту сәтінен 

[/table]Шығыспарағында мұғалімдердің жаңа технологияға қызығушылықтарының артқанын және
сабақта тиімді пайдалануға болатынын жазыпты. [table]
 
   


 
  Fish bone бойынша кері байланыс  және шығыс парағын толтыру 

[/table]Коучингсабағының нәтижесінде коуч мүшелерінің әрқайсысы:1.Жетімодуль идеяларымен танысты.2.Өзін-өзіреттеу туралы білді.3.Жаңаәдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сын тұрғысынан ойлауы дамыды. Коуч сессия өте
қызықты және сәтті өтті. Өйткені тобымызда ынтымақтастық атмосферасы
қалыптасты. Орындалып жатқан тапсырмалардан жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді екенін
және оны болашақта өз сабақтарында іске асыратындарына сенімді болды. Коучингке
қатысқан мұғалімдер арасынан  өтеқызығушылық танытқан математика пәнінің мұғалімі Тұрғынова Гүлзада коучтен
кейінде туындаған жеті модульге қатысты сұрақтарын қойып, қызығушылық танытқаны
мені қатты қуантты. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, әр оқушының жеке
қабілетін анықтап, шығармашылығын арттыру, ұстаз парызы болғандықтан, өзімнің
білген әдіс-тәсілдерімді әріптестеріме түсіндіруден еш жалықпадым. Соныменқатар бірінші коучинг сессияда бұл сабақ оларға жаңа болғандықтан әріптестерім
өздерін еркін ұстай алмады және беріліп жатқан тапсырмаларды орындауды қиын
санады. Әрине бұл кемшіліктің барлығы бір-біріне көмек қолын созу нәтижесінде
шешіліп отырды. Мұғалімдердің осы коуч сессиядан жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруі
арқылы сын тұрғысынан ойлауға дейін жеткені және өздерінен өткізу арқылы
жинақталған білімдерін оқушыларға жеңіл меңгерте алады деген сенімім мол. Сонымен
қатар коучинг жүргізу нәтижесінде әріптестеріммен кеңесу, әңгімелесу арқылы көп
нәрсеге қол жеткіздім.[table]
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
  «Сын тұрғысынан ойлау» коучингісінің деректері. 

[/table]Екінші коучингімдіөтпес бұрын біраз дайындалдым. Мектебім және әріптестерім үшін оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдерін игеру аса қажет екенін біліп, үйретудің қандай тәсілдерін алсам
деп іздендім. Үйрену, үйрету тәсілдері көп. Алайда олардың қайсысы тиімділік
тұрғысынан жоғары деңгейде. Мұғалімнің монологіне құрылған, дәстүрлі сабақтан
алшақтап, шәкірт тұлғасына оның мүдделері, қызығушылықтары, қажеттіліктері,
қабілеттеріне бағытталған бүгінгі күн талабына сай оқушының білімді өздігінен
үйренуіне күш салатын сабақтарды қалай өткізуге болады. Оқуды белсенді әр
әлеуметтік әрекет деп түсінсек, білім алушы тек ақпарат иемдену үшін ғана
оқымай, берілген мағлұматтарды түсініп, талдап, олардың негізінде жаңа ой, идея
құрастырып, оларды бағалауы қажет. Оқушы өз ұстанымдарымен, білімімен, қолда
бар ақпаратымен әр уақытта басқалармен бөлісуге мүдделі, өйткені білім игеру
бірлескен әрекеттерден толыға түседі. Осы ойдың төңірегінде іздене отырып
екінші семинар коучингке таңдаған тақырыбым 7 модульдің бірі «Диалогтік оқыту»
болды.  [table]
 
   
 
   


 
  Ұшу аппаратын жасау барысынан 
 
  Абай өлеңдерінің бір бөлімін  оқу сәтінен 

[/table]Бұл қай өлеңжолдарынан деген сұраққа топ басшылары тұрып, өлең жолдарын оқып, айтып өтті.
Белсенділік танытып отырған мұғалімдерді стикер арқылы формативті бағалап
отырдым. Коучингке қатысқан әріптестеріме қағаздан ұшу апаратын жасауды
тапсырдым, ұшу апаратын жасағаннан кейін әр қатысушы нысанаға тигізіп көрді.
Бізге өзгеру керек пе? сұрағына басым көпшілігі әрине деп жауап берді. Оқыту
мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту керек? Деген сұраққа екі топтан екі
мұғалім жауап беріп өтті.Тәлім алушы Төребекова Бақыт апайдың жауабы:
Балалардың ынтасын арттыру, ойларын ашық айтып, еркін жеткізе білу, ой-
танымдық қабілеттерін арттыру үшін ұстаздар жаңа әдісті меңгеру керек деп
ұтымды жауап берді. Көрсетілім, презентация арқылы әріптестеріме диалогтік
оқыту жайлы «Диалогтік оқыту дегеніміз не?» таныстырылым дайындадым, Мерсер,
Выготский, Александр, Барнстың зерттеулерінен хабар бердім, осы арқылы
әріптестерім диалогтік оқытудың мәнін жете түсінді, оны сабақта кеңінен
қолданудың маңыздылығын ұғынды. Мерсер сыныпта талқылау кезінде өз сөзін дәйектеудің үштүрін анықтады (МАН,47-бет) деген тұжырымыннегізге ала отырып, үш бейне фильм көрсетіп, әңгіменің қай түріне жататынын
анықтауға және постер жасауға тапсырма бердім. [table]
 
   
 
   


 
  «Диалогтік оқыту дегеніміз  не?» тақырыбындағы таныстырылым. 
 
  Постер  қорғау  барысынан   

[/table]1-ші топтанАлтынбекова А, 2-ші топтан Исхабаева Н постерлерін қорғап шықты, әріптестерімді
формативті бағалап мадақтап отырдым, екінші топқа бірінші топты, бірінші топқа
екінші топты бағалаңыздар дегенімде бас бармақпен жақсы деп бағалады. Көздеріне
мейірім ұялап, көңіл күйлері көтеріңкі отырды және әр тапсырмаға белсенді
қатысуға шабыттанып отырғандарын көріп, мен бір марқайып қалдым. Әріптестерді
ортаға шақырып шеңбер құрып, «ынтымақтастық тренингін» жасаттым. Келесі
тапсырма «Ақ орамал» тыңдалым арқылы жазылым. Автор орындығына отырған
әріптестерім өздерінің жазылымдарын оқып шықты.    [table]
 
         
 
         


 
  Алтынайдың жазылымын оқу барысында 
 
  Салтанаттың өз пікірі 

[/table]АлтынбековаА: Ақ кимешектегі ақ жаулықты әже киімі, ана көрінісі, жас келін бейнесі,
пәктік тазалықтың көрінісі. Жиырма жыл өткен соң ол кісі ақ киімді ақсақал
болып шыға келді. Өмірінде көптеген өзгерістер болып өтті. Бұл кісі меніңше
еркеліктен кезбеге айналып, ата-анасынан қапыда айрылып қалғанға ұқсайды. Хат: «Ақ
сүт берген анам, тәрбие берген жанашыр әкем сіздерден шынайы түрде басымды иіп
алдарыңызға қателіктерімді мойындап, кешірім сұрай отырып хат жазу үстіндемін.
Егер өмір маған қайта берілсе қателікке ұрынбас едім.Көшемен үйіне қарай асықты
бірақ ол үйде басқа адамдар тұратын еді. Бұл әңгімеде хатты оқыған үй егесінің
істеген жақсылығы, үмітін өшірмей, алға жетелегеннің белгісі деп ойлаймын»- деп
жазды Бұл тапсырмада мен мұғалімдердің шығармашылыңын байқадым. Шакен
Аймановтың суретін көрсетіп, бұл суреттен кімді көріп тұрсыздар? Барлық
әріптестер Шакен Айманов деп жауап берді, екі топқа осы суретке байланысты
жабық және ашық сұрақтар дайындауды тапсырдым.[table]
 
   
 
   


 
  Гаухардың сұрақ қою барысынан 
 
  Нұрлайдың ашық сұрақтарға  жауап беру сәтінен 

[/table]1-топ: ШакенАймановтың күйеу баласы кім? Ш.Аймановтың бір орындалмаған арманы не? Ш.Айманов
қандай кісі болған және кімдерге көп көмегі тиген? секілді сұрақтар қойса 2-топ
Ш.Айманов туралы не білесіздер? Кинофильмдері туралы не айта аласыздар?
сұрақтарына ұтымды жауап алып отырды.Әр түрлі көзқарас, сұрақ-жауап, қарсы уәж
айту бірлескен сұхбат арқылы бұл тақырып ашылды. Келесі тапсырмада әріптестер
суреттерді бояп, жабыстырып, суреттерді сөйлете білді.

[table]
 
      
 
   


 
  Сын тұрғысынан ойлау сәтінен 
 
  Суреттер сөйлейді 

[/table]«Қошқар ментеке» мультфильмін  көре отырып, рольдікойын жүргіздім. Екі топта да диалог жүрді. «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы кері
байланыста Исхабаева Н:«Сабақта диалогтың маңыздылығын түсіндім. Әріптестермен
ой бөлісу өте қызықты болды. Гүлзада әріптесіме сәттілік, табыс тілеймін.
Камалова Д: Диалогтік оқыту барысында оқушылармен жұмыс істеуде көп қолдану
керек екенін білдім. Түртіп алатындай көрініс сабақтар ұнады деген секілді
әріптестерімнің жылы лебіздерін білдім. Әріптестерім өздері тапсырма орындау
арқылы оқушыларға қалай орындату керек екенін түсінді. Кері байланыс парақтарында
әріптестерімнің мәселені шешуде қалай ойланғандарын және де диалогтік оқыту,
топтық жұмыс, әріптестерінің көмегі қатты әсер ететіндігін жазып отырды. Коучингтің
әріптестеріме ұнауы, пайдалы ықпалының болғаны мені қуантты. Жағымды жағы
ретінде мұғалімге арналған нұсқаулықтағы теориялық ақпарат, курс барысында
алған білімдерді нақты іс тәжірибеде жүзеге асыра алдым, үйренудің ең тиімді
әрекеті-басқаларды үйрету тұжырымының дұрыстығына көз жеткіздім, ең бастысы
әріптестерім бүгінгі күннің талабы әр сабақта оқушының өздігімен, өз басымен,
өз қолымен жасайтын әрекеттері, мәтін оқу, ойлану, ой құрастыру мен тұжырымдау,
сызбалар, шығармашылықпен жазу секілді белсенді әрекеттерге көшіп, кез келген
пән бойынша оқытудың түрі ретінде диалогтік оқытуды қолданудың тиімділігіне
сенді, мәнін түсінді. Жағымсыз жағы уақыттың тығыздығы, сабақ кестелерінің
коучинг мерзімімен сәйкеспеуіне байланысты қатысқысы келген көп әріптестердің
мүмкіндігінің болмауы, кейбір әріптестердің аз уақыт ішінде мәселенің мәнін
терең ұғынбай сұхбаттан тыс қалыңқырап қоюы. Қорыта алғанда мақсатыма толық
жеттім, әріптестерге бұл коучингімнің оң ықпалы болды деп есептеймін. [table]
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 

«Диалогтік оқыту» коучингісінің деректері
 

[/table]Мұғалімдержаңа әдіс-тәсілдерді үйренуге қызығушылық танытып, менің коучинг сессияма қатысуға
өтініш білдірді. Коучинг сессия топ мүшелерінің көзқарасы бойыша маңызды деп
табылатын тақырыптарды қамтып,осы кемшіліктерді жою барысында қандай
жетістіктерге жетеміз деген ой толғандырды. Коучинг сессияда әріптестерім топ
ережесіне бағына отырып барлық кезеңдерде өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен
қарай алды. Коуч сессияларда ынтымақтастық атмосферасы қалыптасып, өздерін ойландырып
жүрген сұрақтарын қойып және оны шешу жолдарын бірлесіп шешіп отырды.Коучинг
сабақта дайындалған сабақтың жоспары жүйелі түрде түзіліп, іс-тәжірибеде
көрсетілгенде күтілген нәтижеден де жоғары бағаға лайық болды. Мұғалімдердің
белсенділігі, өмірге деген көзқарасының өзгеруіне, оқушыларды өздеріне жақын
тартып тұлға ретінде қарай бастауы менің атқарған еңбегімнің жемісі деп
білемін. Сонымен қатар коучинг жүргізу нәтижесінде әріптестеріммен кеңесу,
әңгімелесу арқылы көп нәрсеге қол жеткіздім.1.Әріптестерімменынтымақтастықта болып, кез келген мәселені кеңесіп шешуге болатынына көзім
жетті;2.Алғантеориялық білімімді әріптестеріме олардың оңай қабылдай білу қасиеттеріне қарай
жеңіл меңгерте алдым;3.Оқушылар менмұғалімдерде болып жатқан қиындықтарды түсініп, көмек қолын созуға үйрендім;4.Кембриджбағдарламасының аясында өз құзыреттілігімді жетілдірдім және өз мектебімдегі
әріптестерімнің де тәжірибесін жетілдірдім.Осы жеткенжетістіктеріммен, мен мектептің тәрбие саласы мен жалпы ахуалына , білім
сапасын жақсартуға өз үлесімді қосқым келеді. Ол үшін коучинг сабақтарын мектептегі
секция жұмыстары сияқты жоспарлы түрде ендіріп қойса, тәжірибесі аз немесе  тәжірибемді жетілдіремін және жеті модульидеялары бойынша оқып, білім сапасын жақсартып, өзімнің білімімді толықтырамын
деген әріптестеріме тиімді болар еді. Ал мектеп ауқымы бойынша төрт тоқсанда
өткізілетін  әдістемелік отырыстарда коучсессиялар өткізіліп тұрса онда:1.Жаттандыөткізіліп жүрген сабақтарды әдеттегідей мадақтай бермей, шындығында, білім
сапасын арттыратын жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі жайлы айтылар еді.2.Мұғалімдерөз деңгейлерін алысқа бармай-ақ реттейтін еді.Бұл айтылыпжатқан қорытындылардың бәрінен шығатын ой ол мұғалімдердің әдіс-тәсілдерін
жақсарту арқылы оқушылардың білім деңгейін жақсартуға ықпал ету. Ал енді өзіме
келетін болсам, менің тарапымнан көп істер атқарылуы тиіс. Мектебімде менің
көмегімді қажет ететін әріптестеріме және тәжірибесі аз жас мамандарға қолдау
көрсетіп, олардың білімдерін жетілдіруге ықпалымды тигіземін.Коучсессияда түзілген жоспар бойынша сабақ өткізген Гүлбақыт өзінің сабақтары
арқылы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді екенін дәлелдеп берді.

Жаңаәдіс-тәсілдер ауқымында жасалған тапсырмалар жинақылығы жағынан жетістікке
жетіп отырды. Физика пәнінің мұғалімі Гүлбақыт: “ Өз ойыңды еркін айтып және
оны тыңдай білетін, сыныптарда кездесіп жатқан қиындықтарды жеңу үшін айтылатын
әдістемелік ақыл-кеңес беретін коучинг сабақтың мектебімізде болғаны бұл
құптарлык іс “-деді. Сабақ берген сыныптарда оқушылардың қызығушылығы мен
ынтасының артқанын, осы әдістер бойынша оқытуды жалғастырса білім деңгейінің
көтеріліп, жақсаратынын атап айтты. Менің модульдерді түсіндіргендерім,
дәлелдерім, слайдтармен қорғағаным мұғалімдердің ойынан шығып отырды. Оқушыны
оқытуға үйрету үшін біріншіден, әріптестерімнің өздерін оқытудан бастадым. Ол
үшін мұғалімдерге сын тұрғысынан ойланатын тапсырмаларды беру арқылы сөздік
қорын дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастырдым. Коучинг жүргізу саласында алған білімім туралырефлексивтік есепЕкі коучингсессияда да менің мақсатым мұғалімдерге тиімді тәсілдерді үйрету тұрды. Бұл
мақсатыма жеттім де. Себебі осы коучинг сессия барысында жеті модульді де
кіріктіре білдім. Оның барлығы мұғалімдерге тапсырма бергенде жеке жұмыс,
жұптық жұмыс, топтық жұмыс аясында көрініп отырды. Алғашында қиындық тудырып
отырған тапсырмаларды орындай алмаймыз деп күмәнданған әріптестерім
қызығушылықтары жоғары болып, белсенділікпен кірісіп кеткенде осы модульдармен
жұмыс жүргізгенім орынды болғанын түсіндім. Әріптестерім өздерінің екі сессияда
көп жаңалықтарға қаныққанын ашық айтты. Бұрынғы дәстүрлі сабақтарға қарағанда
жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді әрі оқушыға пайдалы екенін мойындады. Өздері осы
сессияда меңгерген жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарында тиімді қолданып, келешекте
де осы әдіс-тәсілдер бойынша ізденетіндіктерін, мүмкін болса болашақта осы курс
бойынша оқуға баруға қызығушылықтарын танытты. Әріптестерімді үйрете жүріп,
өзімнің де көп нәрсені үйренгендігімді мойындаймын. Жаттанды дәстүрлі
сабақтардан гөрі пайдасы тиімдірек жаңа әдіс-тәсілдер оқушылармен мұғалімдердің
қызығушылығын оятып, ынтасының артуына, белсенді болуына көп ықпал жасады.
Оқушылар мен мұғалімдердің өздері де жаңалыққа жаны жақын, ізденімпаз. Осы
әдіс-тәсілдермен жұмыс істеу барысында өз бойымдағы өзгерістерді байқадым.Ол: 1.Өз-өзімдіреттеп, сабырлы болуға үйрендім;2.Алғантеориялық білімімді әріптестеріме жеткізе білуге;3.Оқушылармен мұғалімдерде болып жатқан қиындықтарды көре білуге;4.Кембриджбағдарламасының аясында өз құзыреттілігімді жетілдірдім.Осы жеткенжетістіктеріммен, мен мектептің тәрбие саласы мен жалпы ахуалына, білім сапасын
жақсартуға өз үлесімді қосқым келеді. Ол үшін коучинг сабақтарын мектептегі
секция жұмыстары сияқты жоспарлы түрде ендіріп қойса, тәжірибесі аз немесе тәжірибемді
жетілдіремін және жеті модуль идеялары бойынша оқып, білім сапасын жақсартып,
өзімнің білімімді толықтырамын деген әріптестеріме тиімді болар еді. Ал мектеп
ауқымы бойынша төрт тоқсанда өткізілетін әдістемелік отырыстарда коуч сессиялар
өткізіліп тұрса онда:1.Жаттанды өткізіліп жүрген сабақтарды әдеттегідей
мадақтай бермей, шындығында, білім сапасын арттыратын жаңа әдіс-тәсілдердің
тиімділігі жайлы айтылар еді. 2.Мұғалімдер өз деңгейлерін алысқа бармай-ақ
реттейтін еді. Бұл айтылып жатқан қорытындылардың бәрінен шығатын ой ол
оқушылардың білім деңгейін жақсарту. Ал өзіме келетін болсам, менің тарапымнан
көп істер атқарылуы тиіс. Мектебімде менің көмегімді қажет ететін әріптестеріме
және тәжірибесі аз жас мамандарға қолдау көрсетіп, олардың білімдерін
жетілдіруге ықпалымды тигіземін. Соның ішінде Алтынбекова.А, Абенова.Г-дың
болашақта күттіретін нәтижелері мектептің дамуына өз үлестерін қосады деп
сенемін. Кедергілер: Жаңаәдіс-тәсілдерді толық меңгермеу. Дәстүрлі сабақтың қолданылуы. Топтық ережеге
мән бермеуі.Жою жолдары:Жаңа әдіс тәсілдер бойынша түсініктемелер беру арқылы әрекет жасадым. Мұғалімдердің
дәстүрлі сабақтан бүгінгі заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлғаны
қалыптастыруда  жаңа әдіс тәсілдердіңмаңызын көрсету арқылы ынталандырдым.Келешектебағдарлама аясындағы теориялық дағдыларымды жетілдіре келе, «Сындарлы оқыту»
жаңа бағытта жұмыс жасаушы ұстаздардың жеке топ жұмысын жұмысқа қосу арқылы
мұғалімдерді топтастыру. Коуч ретінде ұйымдастырылатын шараларға жаңа түсінік
оймен саралауды жалғастыру. Мұғалімдер үшін тиімді болатын тақырыптарды таңдау.Коучингбойынша өзімнің жасаған жұмыстарыма Не үйрендім? Оны тәжірибеде қалай
қолдандым? Болашақта не істеуім керек? деген сұрақтарға төмендегідей мақсаттар
қоямын:Жаңаәдіс-тәсілдерді толық меңгермеу.Дәстүрлісабақтың қолданылуы.Коучингтіңкезеңдер бойынша жүргізуді басшылыққа ала отыра рефлексия жасау бойынша
дағдыларымды жетілдіремін. Болашақта құзырлы оқушыны оқыту үшін өзімнің де
құзырлы педагог болуым мақсатым мен міндетім болып қала береді.    
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.          «НазарбаевЗияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014 ж;2.          «НазарбаевЗияткерлік мектебі», 2012 Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған
тапсырмалар Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым.3.          А.Ш. Орақова,В.Н.Ким, Ж.А.Жартынова Н.О. Қойлық, Т.Б Корнилова, «Интерактивті оқыту әдісін
қолданып сабақты жоспарлау және басқару» Алматы, 2014 ж4.          А.Ш.ОраковаА.А.Касымова, Ж.А.Жартынова, Т.Б.Карнилова, «Настольная книга учителя-Коуча»
Алматы, 2014ж

2

Re: Коучинг бойынша ревлексивті есебі

Оқушылардың қабілеттілігін ынталандырып кеңейту үшін подкаст əдісін қолданар едім.ол сауаттылық дағдыларын дамытуға көмектеседі,əр балаға сөйлеу машықтарын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.АКТ-ны қолдану жөнінде белгілі бір дағдыларжы үйренеді.