1

Тема: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Қазақ тілі мен әдебиетісабағында оқушылармен жүргізілетін топтық жұмыс түрлерінің тиімділігін
акмеологиялық тұрғыда айқындау мәселесіне  байланысты тіжірибемен бөліссеңіздер құрметті тыңдаушылар!

27

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

ЖББ оқығаныма өте ризамын! Білім алушыларды бағалау мен белгілі бір нақты мақсаттың болмауы кейде тығырыққа тірейтін. Міне, мені мазалаған осы қиындықтар жаңартылған білім мазмұнының арқасында өз шешімін тауып отыр. Бәрін түсінікті, жеңіл түсіндіре алған Жарқынай апайға алғысым шексіз!

28

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Қозғалыс бар жерде өзгеріс болуы заңдылық. Білім саласындағы өзгерістер басында түсініксіздеу болғанымен, қазір біздің оң жолда келе жатқанымызды білдім. Бар ынтасын салып ЖББ түсіндірген Жарқынай апай сізге рақмет! Оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, ӘТН дағдыларын меңгерген оқушы заман ағымына ілесе алары сөзсіз. Оқушыларыма берер білімімнің жүйеленгеніне дән ризамын.

29

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану мұғалім шеберлігінде. Шеберлігімді шыңдауға көмектескеніңізге рақмет, Жарқынай апай!

30

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Білім мен білігіңіз қатар өрілген тренер екенсіз. Мәдениетті де шешен сөздеріңіз мені өзіңізге тәнті етті. Берген біліміңіз маған болашақ азық болары сөзсіз. Шығармашылығыңыз шыңдалып, шарықтай берсін!

31

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Жаңа білім мен жаңа терминдерді игеру мен үшін өте қызық. Бағалау мен оның шәкілін шығаруды мүлде түсінбейтінмін, Жарқынай апай, сіздің арқаңызда бағалау түрлерін, критерий мен дескриптор құра білуді үйрендім. Мен сіздің тобыңызда болғаныма өте қуаныштымын. Алғысым шексіз, жұмысыңызда өркендей беріңіз!

32

Re: Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы.

Қазақ тіліндегі ережелердің барлығы жаңартылған білім мазмұнында жойылмағанына көзім жетті. ӘТН дағдысын меңгертуде осы грамматикалық тұсына мән берілген екен. Жаңа тақырыптар оқушыларды еркін және көркем сөйлеуге, өзіндік ой-пікірін қалыптастыра отырып, ойын нақты жеткізе білуіне көмектеседі. ЖББ білім алушыға да, білім берушіге де берері мол екен.