1

Тема: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

1. Саясатта, экономикада жәнеқоғамдық санада басталған жаңару процесінің басты мәні неде? 2 . Неліктен әрбір қазақстандықбәсекеге қабілетті болуы тиіс?3. Прагматизм нені білдіреді?4. Білімнің салтанат құруынеліктен маңызды?5. Неліктен сананың ашықтығыболашақта бәсекеге қабілеттіліктің түбегейлі шартына айналады?

2

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Бәсекеге қабілет компьютерлік сауаттылық,шетел тілдерін білу,мәдени ашықтық. Цифрлы Қазақстан бағдарламасы. Үш тілде білім беру бағдарламасы   мәдени және конфессияаралық келісім бағдарламасы.

3

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Прагматизм Бұл өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемі пайдаланып,соған сәйкес болашағыңды жоспарлау алу деген сөз.

4

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Білімнің салтанат құруы Технологиялық резолюцияның барады мына қарасай таяу он жылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді. Бұл жағдайда кісі бір неғүрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдер адамдар ғана табысқа жетеді.

5

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аймағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсіндіру. Жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бəріне дайын болу. Өзгелердің тəжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.

6

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Біз қайта төлеудің айрықша маңызды екі процесі-саяси реформа мен экономикалық жаңғыртуды қолға алдық.Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі,ол әлемдегі  30елдің  қатарына қосылу.

7

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Біздің елімізге көптеген әлемдік сын-қатерлерге тапболуға тура келеді. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауларында
жаңа сын-қатерлер туралы үнемі айтады. Ал айрықша маңыздысы – Мемлекет басшысы
оларды қалай жеңудің жауабын береді. • Саяси реформаның мәні – мемлекеттік басқару тиімділігінің жаңа деңгейіне өту жәнемемлекеттің халыққа есеп беруін арттыру. Негізгі қадамдар: Президент пен
биліктің заң шығарушы тармағы арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, Үкіметтің,
министрлердің және барлық даңгейдегі әкімдердің жауапкершілігі мен есеп беруін
арттыру, жаңа тарихи кезеңде мемлекеттік шешімдерді әзірлеу мен қабылдауда
азаматтық қоғамның рөлін күшейту. Бүгінгі күні қажетті заңдар мен заңнамалық
өзгерістердің толық пакеті қабылданған. Мұның барлығықоғамның бұдан әрі демократиялануына ықпал етеді. •Экономиканыжаңғыртудың мәні – елдің әлемдік нарықтағы бәсекегеқабілеттілігін күшейту үшін дамудың сапалы жаңа технологиялық деңгейіне көшу.
Бізді мынадай жұмыстар күтіп тұр: экономиканың базалық салаларын жылдамдатылған
технологиялық қайта жарақтандыру; еңбек өнімділігін арттыру; экономиканың жаңа
сервистік секторларын құру үшін қайта реттеудің шешімді реформасы; қарапайым
заттардың экономикасын дамыту; энергетикадағы, көліктегі, коммуналдық
қызметтердегі, жылжымайтын мүлік нарығындағы, телекоммуникациялардағы, қала
маңы көлік инфрақұрылымын дамытудағы (осының барлығы өзіндік құн мен бағаның
төмендеуіне алып келуі тиіс) өндіріс шығындарын төмендету; денсаулық сақтау
және білім беру жүйелеріндегі әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру және
либералдау арқылы әлеуметтік экономиканы дамыту; жұмыспен қамтуды қамтамасыз
ету және жаңа жұмыс орындарын құру. Үкіметқазір бұл бағытта белсене жұмыс атқаруда. Өңірлермен, сарапшылармен,
бизнес-қауымдастықтармен бірлесіп, 2025 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық
жоспарын жылдам әзірлеу басталды. Осыменқатар, Үкімет 2017-2018 жылдары қосымша шараларды қабылдау арқылы экономиканың
өсу қарқынын жылдамдату жөнінде жұмыс жүргізуде. Агро-өнеркәсіптік кешен,
отын-энергетикалық кешен, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, туризм,
бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, технологиялық жаңару және экономиканың цифровизациясы
басты назарда. •Мұның барлығы оңай емес және ауқымды міндеттер. Оларды шешу үшін өз ойлауымызды
өзгертуіміз, алдыңғы қатарлы елдердің деңгейінде өмір сүру жақсы екенін сезіну
қажет, бұл өз санамызды жаңғырту жағдайында ғана мүмкін болады. Дәлосы себепті біздің Президентіміз озық руханижаңғыруды саяси және экономикалық жаңғырудың өзегідеп атады. Жаһандықсындар жағдайында жаңа құндылықтар үшін қоғамдық сананың ашықтығы – бұл таңдау
емес, қажеттілік. Мәселе өзіндік мәдениеттің берік іргетасында біздіңхалқымызға дамыған мемлекеттердің қатарына кіру жолын сеніммен жалғастыруға
мүмкіндік беретін үздік салт-дәстүрлер мен жаңа құндылықтарды дамыту туралы
болып отыр. Мұның мәні қазір әлемде қалыптасып жатқан түбегейлі жаңажағдайлар мен жаңа шындыққа бейімделуде. Дамып жатқан елді дамыған елге
айналдыра салатын оңай тәсіл жоқ. Тәжірибені жай ғана көшіріп алу жаңғыруға әкелмейді. Оғандеген жол өзіндік даму арқылы ғана, бұл өз кезегінде сананы жаңғырту арқылы
мүмкін. Сол себепті сананы жаңғырту біздің жалпыұлттық күнтәртібіміздегі нөмірі бірінші мәселеге айналуда. Адам – кез келген өзгерістердің орталық және таптырмайтынфакторы. Біздің ақылымызда – түсіністік, жүрегімізде – қолдау, жан дүниемізде –
қоса абыржу кездескен жағдайда ғана реформалар қисынды. Қоғам алдында аса күрделі міндет тұр: адамзат дамуыныңбүкіләлемдік тарихи спиралі бойынша бұдан әрі шарықтау үшін өзімізді өзгерту. Бұл үшін біздің дәстүрлеріміз бен мәдениетіміздіңнарықтық қағидалар мен жаһандық экономикадағы алдыңғы қатарлы технологиялармен
синтезі қажет. Бұл ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқы үшін басты сын-қатер мен басты
міндет.

8

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Прагматизм, біріншіден, бұл айқын өмірлік мақсаттар менуәждердің болуы. Екіншіден, бұл осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстарды
сауатты басқару. Прагматизм ақылсыз ысыраптар мен мағынасыз әрекеттерді
болдырмайды. Ол өзінің денсаулығына, біліміне, өзін-өзі дамытуға салымды көздейді.
Үшіншіден, прагматизм заттарға шынайы өмірлік көзқарастыкөздейді, бұл адамды популизмнен және радикалдық идеологиядан еркін етуге
мүмкіндік береді. Өмірге прагматикалық көзқарас – бұл әлеуметтік ауруларға
қарсы егу. Реализм қате жібермеуге, ал прагматизм – нәтижеге қолжеткізуге мүмкіндік береді.

9

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Технологиялық және экономикалық өзгерістер таяу болашақтаәдеттегі өмір салтын өзгертетін болады. Тұтастай салалар нарықтағы қажеттілігін
жоғалтады, жойылатын кәсіптер тізбесі кеңейе түседі. Мұндай жағдайда тығырықтан
шығудың жалғыз жолы қызмет саласын ауыстыру болып табылады. Бұл жаңа дағдылар
мен шеберлікті жылдам игеруге, жаңа талаптарға бейімделуге қабілетті жоғары
білімді адамға оңай. Білімнің салтанат құруы білімді жинауды ғана емес,сонымен бірге өз бетінше білім алу мен өзін-өзі дамытуға қабілетін дамытуды
білдіреді. Бұл тіпті ең белгісіз жағдайларда да келешегін сақтауға мүмкіндік
береді.

10

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

1.Саясатта, экономикада және қоғамдық санадабасталған жаңару процесінің басты мәні неде? Қазір әлемдеқалыптасып жатқантүбегейлі жаңа жағдайлар мен жаңа шындыққа бейімделу, мемлекеттік басқару тиімділігініңжаңа деңгейіне өту, елдің әлемдік нарықтағы бәсекегеқабілеттілігін күшейту.2.Неліктен әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуы тиіс?Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі әрбірадамның бәсекеге қабілеттілігінен басталады.3.Прагматизм нені білдіреді?Прагматизм себепке қарағанда мақсатқа айырықша мән беруімен ерекшеленеді. Прагматизм – нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.4. Білімнің салтанат құруы неліктен маңызды?Табысқа жету үшін ең бірінші білім қажет. Жастары білімді елдің  болашағы жарқын.5. Неліктен сананың ашықтығы болашақтабәсекеге қабілеттіліктің түбегейлі шартына айналады?Санасы ашық адам ғана жаһандықәлемге еркін кіріп, жұмыс істей алады.Өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді, жаңатехнологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу, өзгелердіңтәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі болады.

11

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Білімнің салтанат құруынеліктен маңызды?
Ұлттық бірегейлікті сақтаужаһандық мінез-құлық дәстүрлерінде басқаға сіңіп жоғалып кетпеу үшін принципті
түрде маңызды. Дамудың барлық сәтті мысалдары әмбебап әлемдік тәжірибе мен өз
дәстүрлерінің үйлестірілуіне негізделген. Сонымен қатар ұлттық бірегейлікті, рухани мәдениет байлығын бұған қатысыбар көне стереотиптерден және көзқарастардан бөліп алған жөн.

12

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

  • 1.Жаңарупроцесі тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс.
    Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты
    жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. 2. Болашақта ұлттың
    табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен
    айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға
    лайықты қасиеттерге ие болуы керек. 3. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке
    байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды
    жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол
    бермеу деген сөз.4. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білімекенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің
    қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар
    жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.5. Егеменді еліміздің  тұңғыш президенті көрсеткен «Рухани жаңғыруда»қойылып отырған басты  мәселенің бірі –
    «сананың ашықтығы». Қазіргі жаһандану кезеңіндігі ел халқына жүктелетін негізгі
    талап – әлемдік тілдерді меңгеруге ұмтылу болып отыр. Қазіргі уақытта бірнеше
    тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық.