1

Тема: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

1. Саясатта, экономикада жәнеқоғамдық санада басталған жаңару процесінің басты мәні неде? 2 . Неліктен әрбір қазақстандықбәсекеге қабілетті болуы тиіс?3. Прагматизм нені білдіреді?4. Білімнің салтанат құруынеліктен маңызды?5. Неліктен сананың ашықтығыболашақта бәсекеге қабілеттіліктің түбегейлі шартына айналады?

2

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Саясатта жаңғыру процесінің басты мәні бүгінгі күні қажетті заңдар мен заңнамалық өзгерістердің қабылданғантолық пакеті қоғамның бұдан әрі демократиялануына ықпал етеуінде, экономикадағы мәні – елдің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінкүшейту үшін дамудың сапалы жаңа технологиялық деңгейіне көшуі, сол себепті сананы жаңғырту біздіңжалпыұлттық күн тәртібіміздегі нөмірі бірінші мәселеге айналуда.  Жаһандану заманында әрбір адам  әртүрлі салалардағы бәсекеге дайын болуғатиіс. Тұлғалық және кәсіби қасиеттерді дамыту табыстың жалғыз факторына
айналатындықтан, іргетасымызды берік қалайтын ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп
өсіруіміз керек.Прагматизм заттарға шынайы өмірлік көзқарасты көздейді. Өмірдеайқын,шынай мақсаттың болуы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.Білімнің салтанат құруы білімді жинауды ғана емес,сонымен бірге өз бетінше білім алу мен өзін-өзі дамытуға қабілетін дамытуды
білдіреді.Қоғамдық сана жаһандық ынтымақтастық үшін ашық болуғатиіс, себебі әлемдік даму шексіз мүмкіндіктерге, капиталға, идеялар мен
ресурстарға ие. Оларды өзіміздің дамуымыз және еліміздің көркеюі үшін дұрыс
пайдалану қажет.

3

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Қазақстан халқыныңтәуелсіздігін, қауіпсіздігін, тұрақтылығын сақтау жөніндегі іс-қимылдарға
дайын, ұлттық сана-сезімнің, ұлттық рухтың, патриотизм рухының, тарихи сана,
бәсекеге қабілеттілік рухын дамыту, ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын
сақтауға, жастарда туған жердің иесі сезімін, отандастар алдындағы
жауапкершілік сезімін жандандыру, қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін
тәрбиелеу.

4

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.Тұлғалық және кәсіби қасиеттерді дамыту табыстың жалғыз факторына
айналатындықтан, іргетасымызды берік қалайтын ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп
өсіруіміз керек. Прагматизм заттарға шынайы өмірлік көзқарасты көздейді. Өмірдеайқын,шынай мақсаттың болуы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Табысты болуының ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек, білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт.Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеды.  Қоғамдық сана жаһандық ынтымақтастық үшін ашық болуғатиіс, себебі әлемдік даму шексіз мүмкіндіктерге, капиталға, идеялар мен
ресурстарға ие. Оларды өзіміздің дамуымыз және еліміздің көркеюі үшін дұрыс
пайдалану қажет.

5

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Біріншіден, латын әліпбиін пайдаланатын ағылшын тілімен басқа да әлемдік тілдерді оқып-үйренуді жеңілдетеді. 
Екіншіден, тіл иелерініңсанасын жаңғырту үшін маңызды парадигмалық ілгерілеудің бір бөлігіне айналады. 
Үшіншіден,бұл заманауи әлемдік мәдениетке іліктіреді. Кезінде түрік тілі мен басқа
тілдерде де осылай болған.
3. Ел Президенті бастама көтерген тағы бір маңызды жобазаманауи қазақстандық мәдениетті жаһандық әлемге таныстыру үшін әдебиет,
гуманитарлық ғылым саласындағы қазақстандық заманауи қайраткерлердің үздік
туындыларын, суретшілердің, музыканттардың, скульпторлардың шығармашылық
жұмыстарын – заманауи әлемде біздің мәдениетімізді таныстыра алатынның барлығын
әлемдік алты тілдің барлығына аудару және ілгерілетудің арнайы әдістері арқылы
жағдай жасау. 
4. Қоғам ұлттың «алтын» қорын құрайтындарды,Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен және қалыптасқан адамдарды білуге тиіс. 
Жобаның мағынасы бизнестегі, спорттағы, мәдениеттегі, медицинадағы, білімберудегі, ғылымдағы, жұмысшы кәсіптеріндегі және т.б. саладағы
отандастарымыздың өмір жолын білуде, Тәуелсіздік тарихы солардан құралады.
5. «Болашаққа бағдар:Рухани-жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес елімізде «Цифрлы Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасы іске қосылуы белгіленді. Өйткені, өркениетті
елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының
әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді. Бұл– автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер»
алмасуды қоғамдық өмірге кіріктіру.
Осыған байланысты оқушыларғағылыми-техникалық білім берудің робот техникасы сияқты саласының өзектілігі
артып отыр.
Робототехника бірнеше пәннің үйлесім табуы. Ол информатика, физика,математика сияқты мектеп пәндерін қамтиды. 
6. Ғылым, математика, технологиялар және инженериясияқты басты академиялық салаларда бір мезгілде даму керек, оларды STEM  деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады. 
S – science (жаратылыстану ғылымдары)
T - technology (технологиялар)
E - engineering (инженерлік өнер)
M - mathematics (математика)

6

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

1. Суть политической реформы государственного управления и повышения подотчетности государства тиімділігініңжаңа прохождения уровня населения. Основные
шаги: полномочия Президента и законодательной власти, между пункт
перераспределения, Правительства, всех министров и акимов даңгейдегі
повышения ответственности и подотчетности, государственного исторического периода,
усиление роли гражданского общества в разработке и принятии решений.
Сущность модернизации экономики – для усиления конкурентоспособности на рынке качественно новый елдіңәлемдік
переход на технологический уровень. Нас ждут следующие работы: экономики,
ускоренного технологического перевооружения базовых отраслей труда;
повышение производительности; создание новых секторов экономики, сервисных регулирования для
решения реформа; простых веществ на развитие экономики; в энергетике,
на транспорте, коммунальных услугах, рынке недвижимости,
телекоммуникациялардағы, в развитии транспортной инфраструктуры в пригородной (это
все должно привести к снижению себестоимости и цен) издержек производства
; снижение образования, здравоохранения и социальных системах
либералдау экономики предпринимательства и стимулирование социального
развития; обеспечение занятости и создание новых рабочих мест.
2. Современные, еңбекнарығындағы в открытом мире, каждый человек, должен быть готов конкурировать в различных областях. Личностных и
профессиональных качеств, развитие становится единственным фактором дохода.
3. Прагматизм, во-первых, наличие жизненных целей и мотивов бұлайқын. Во-вторых, это цели,
для поставки ресурсов, грамотное управление. Глупые потери, Прагматизм и
бессмысленной действия
чета исключает. Он өзініңденсаулығына, образованию, саморазвитию вклада предусматривает. В-третьих,
реальные предметы жизненной позиции, прагматизм предполагает, что человек популизмнен
идеологиядан и позволит свободно радикальной.
4. Салтанатқұруы сбор знаний, образования, а также самообразования и
самореализации способностей представляет собой развитие. Даже неизвестно, что
в тех случаях, когда позволяет сохранить перспективы.
5.Прочно интегрированной в мировое сообщество, как и Басқаелдер. Наш
экономика стала неотъемлемой частью глобальных рынков. У нас является
все процессы, которые как-то «большим миром». Это
означает, что понимание сознания, прозрачности.

7

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

1.Саясатта, экономикада және қоғамдық санада басталған жаңару процесініңбасты мәні неде?
Мемлекеттің басты дамуы ол саяси-экономикалық даму болып табылады. Саяси басқарудағыжаңғыру халыққа жақындай түсімен айқындалады. Яғни, мемлекеттік қызметкерлердің
жауапкершілігін арттыру, азаматтық қоғамның ролін күшейтіп, демократиялықты
сақтау. Нарықтық  экономикаға технологиялар еңгізу, еңбекөнімділігін арттыру. Барлық саланың өзара тиісті экономикасын дамыту. Соны мен
қатар, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етіп,  бизнесті көбейту. Саяси-экономикалықдамып қоймай, рухани санамыз ашық даму қажет. Сонда ғана дамыған 30 елдің
қатарына кіре аламыз. Бұл бізге қойылған нақты мақсаттар мен міндеттер.
 
2.Неліктен әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуы тиіс?
Әрбір азамат нарықтық заманда бәсекеге қабілетті болуы қажет. Себебі, әлемкүн артқан сайын даму үстінде, әлем халқымен тең дәрежеде болу үшін санамыз
ашық, бәсекеге қабілетті болуымыз тиіс.
 
3.Прагматизм нені білдіреді?
Прагматизм термині – іс, іс-әрекетдегенді білдіреді.  Яғни, айқын өмірлікмақсаттар мен уәждердің болуы және ресурстарды сауатты басқару, нәтижеге қол
жеткізу. Прагматизмніңбасты қағидалары:
·ақиқатты тиімділік тұрғысынан мойындау, бәріненде маңызды,
· адам мақсат үшін өмір сүруі;
·салыстырмалы білім;
·нақты тәжірибе болуы;
·өз-өзіне сенімді болу.
 
4.Білімнің салтанат құруы неліктен маңызды?
Барлық саланың бастау –білім. Сол себепті, қазақстандықәрбір азамат үздіксіз білімін  жетілдіріпотыруы қажет. Заман ағымына қарай ыңғайланып, қызмет саласын ауыстыра алуы қажет. Ол үшін азамат жаңа дағдыларды қалыптастырып, шеберліктерін шыңдап, жаңа мамандыққа тез бейімделе біле алуы қажет.  

5.Неліктен сананың ашықтығы болашақта бәсекеге қабілеттіліктің түбегейлішартына айналады?
Әлемнің бір бөлігі саналатын еліміздің азаматтарының санасы ашық, бәсегеқабілетті болу керек. Қоғамдық санамыз жаһандық өзгерулерге тез бейімделіп отырса, еліміз көркейе түседі.

8

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

Елбасының бұлмақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс
тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын
ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы
ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру
бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа
ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі
ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған.
Елбасыныңмақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи
себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске
сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық,
бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі
«дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен
қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын
қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру
болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің
кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Мемлекет басшысы нұсқап отырған ұлттық
бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім
культін» қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды революциялық емес, эволюциялық
жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға,
ғылым-білімге құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ.
Әрі жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы
тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері
рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.
Латынәліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер»
бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы
тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
Сондай-ақ,«Қазақстанныңкиелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса
қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға
мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру
Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға
жол ашады. «Қазақстандағы100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы
жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке
тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық
қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі
болады. Сондай-ақ,Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап
қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер
айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету. Ең бастысы – бағыт-бағдарымызанық, жолымыз жарқын.

9

Re: «Рухани жаңғыру- даму қағидасы»

1.Елдің даму деңгейі саясатта,экономикада және қоғамдық санада көрініс береді. Саясаттағы жаңару процесінің мәні – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, ал экономикалық мәні - жаңа инновацияларды енгізу және келешегі зор салаларды дамыту, экономиканың басымдыққа ие салаларында бәсекеге қабілеттілікті күшейту.  Экономикасы дамыған елдің тілі, өзі – әлемдік аренаға шығатыны ақиқат, сол себепті еліміздің экономика саласында болып жатқан жаңару процестерінің маңызы зор.  Қоғамдық сананың жаңғыртудың басты мәні - ойды жинақтау, өзіңді өзгерту және өзгеріп отырған жағдайларға қарай бейімделе отырып, жаңа дәуірдің ұсынып отырған нәрселерінің ішінен ең жақсысын алу. Қазақстанның экономикалық және саяси
жаңару үдерістерінен табысты өту үшін, мықты және жауапты адамдардан құралған біртұтас ұлт болып қалыптасу.
 
 
   2.Заман қажеттілігі күн сайын, ай сайын өзгеруде. Техника мен инновацияның қарқынды даму шағында өзімізді жоғалтып алмас үшін, керісінше сол үдемелі өзгерістерге жоғары деңгейде төтеп беруде, дамыған 30 елдің қатыран енуде бір ғана адамның сауатты,бәсекеге қабілетті болуы жеткіліксіз. Жаһандық дәуірде әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті бола білсе, міне нағыз табыстың кілті сол елде болмақ деп түсінемін.
 
   3. Прагматизм –өзіңнің ұлттық және жеке ресурстарыңды дәлме-дәл білу, оларды үнемдеп жұмсау, өз болашағыңды жоспарлай білу , «көзбояушылық өмірден» бас тарту, нақты мақсаттарға қол жеткізуге бағдарлану және шынайы мақсаттарға жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтына және кәсіби жетістікке ерекше мән беру арқылы ұтымды өмір сүре білу.
 
   4.Технологиялық және экономикалық өзгерістер түбінде әдеттегі үйреншікті өмір салтын мүлдем өзгертетін болады. Осындай ірі өзгерістер кезінде көптеген мамандықтар, кәсіптер мен салалар да жоғалып кетуі заңды құбылыс. Осындай жағдайда жол
тауып, сұранысқа жұмыс жасайтын қызметтер саласын ауыстыруда білімі жоғары адам ғана табысты өмір сүре алады. Заман талабына тез бейімделу, сол талаптарға сәйкес іс-әрекет жасау, жаһандық жаңа дағдылар мен шеберлікті жылдам игеру
білімді адам үшін өте оңай. Қазіргі кезде елімізде білімді болуға барлық мүмкіндіктер, жағдайлар жасалынған. Мысалы, ағылшынша үйренемін десең өз бетіңше интренетте қанша үйрету сабақтарын, бір ақпарат іздесең бұрынғыдай кітапханаға жүгіріп жүрмейсің, интернеттен іздеп, қас пен көздің арасында табасың. Қысқаша айтқанда, біздің елде қазіргі таңда өз бетімше ізденемін, білімімді жетілдіремін, қоғам сұранысына сай тілдерді меңгерімін деген әрбір қазақстандыққа барынша жағдай жасалынған.