1

Тема: География және жаратылыстану

«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойыншажаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының аясында зерттеуге негізделген
оқу қалай жүзеге асырылады?

2

Re: География және жаратылыстану

«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойыншажаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларының аясында зерттеуге негізделген
оқу белсенді оқу қағидаттарын ұстанатын қуатты педагогикалық құрал болып
табылады. Сонымен қатар, ол оқушылар дәлелдерді бірлесіп талқылап, құрып,
талдай алатын тиімді орта бола алады

3

Re: География және жаратылыстану

Білім беру мазмұнын жаңартуаясындағы пән бойынша негізгі орта білім берудің оқу бағдарламалары әртүрлі
тақырыптық бірліктерді құруды және іске асыруды көздейді. Оларды зерделеуде
зерттеуге негізделген оқу тәрізді педагогикалық тәсілдер қолданылмаған
жағдайда, оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыра алмау мүмкін.

4

Re: География және жаратылыстану

Зерттеуге негізделген оқу оқытудың сындарлылықтеориясына сүйенеді. Оқушыларға бағдарланған осындай тәсілді қолдану барысында
оқушылар өздеріне сұрақ қояды, үйлестіруші, қолдау көрсетуші ретінде әрекет
ететін мұғалімнің көмегімен фактілерді жай ғана ұсынбай, тиісті сценарий
әзірлеу арқылы мәселелерді зерделейді.

5

Re: География және жаратылыстану

Оқушылар тақырыптарды зерттеу үшін ресурстардыпайдаланып, өз қорытындыларын жасайды. Бұл анағұрлым терең білім алып, пәнді
түсіну үшін қажетті айтарлықтай жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып
дамытуға көмектеседі. Әдетте зерттеуге негізделген оқу әлеуметтік мәселелермен
байланысты пәндер үшін қолдануға анағұрлым бейім  келеді.

6

Re: География және жаратылыстану

Ғылыми әдебиетте зерттеуге негізделген оқыту мен оқуғаарналған үш негізгі тәсіл сипатталған. Осы үш тәсілді төмендегідей қорытуға
болады: Құрылымдалған зерттеу. Мұғалім оқушыларұстанатын шешімдер мен тәсілдерді егжей-тегжейлі түсіндіреді (әр қадамды
сипаттау арқылы). Оқушылар өздерінің (немесе басқа біреудің) тапқан
жаңалықтарының негізінде мәселеге түсініктеме береді, талқылайды және қорытынды
жасайды деп күтіледі. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеу.Мұғалім оқушылар ұстанатын белгілі бір құрылым ұсынады (мысалы, сұрақтар
тізімінен зерттейтін мәселені таңдау). Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін
тәсілді өздері таңдай алады. Ашық зерттеу. Оқушылар зерттеу сұрағынжәне бұл сұраққа жауап берудің тәсілін өздері таңдайды.

7

Re: География және жаратылыстану

Құрылымдалған зерттеу негізінен мұғалімнің қолдаукөрсетуімен жүргізіледі. Сондықтан бұл тәсілді жаңа дағды немесе тұжырым
таныстырылатын сабақтарда қолданған жөн болады. Оқушылар өсіп, тәжірибесі
толыға бастағанда, мұғалім жетекшілігімен жүретін зерттеуді пайдалануға болады.

8

Re: География және жаратылыстану

Оқушылартүсінікті қалыптастыру арқылы өздерінің қол жеткен деңгейінен Жақын арадағы
даму аймағына өте алады . Оқушы өзінің Жақын арадағы даму
аймағында әрекет еткен кезде, оған «дамытушы оқыту» деп аталатын қолдау қажет.
Мұндай дамытушы оқуды жұмыс жоспары, оқулықтар және т.б. көмегімен мұғалімдер,
құрдастары жүргізе алады. Оқушының жеке әрекетіне қарағанда сабақта
«көпіршелердің» көмегімен оқу мақсаттарына барынша толық қол жеткізу мүмкіндігі
бар.

9

Re: География және жаратылыстану

Оқушыжетістіктерге жете бастағанда, оған ары қарай қолдаудың қажеті болмайды және
соңында ол дербес жұмыс жасай алады. Оқытуға қолдау көрсету мақсатында
мұғалімдер дамытушы оқытудың қажетті деңгейін ұсынуы керек, уақыт өте келе оның
деңгейі азаяды (немесе тоқтайды). Дамытушы оқу толық тоқтатылған кезде ғана
оқушы қажетті түсініктерді толық меңгерді деп айтуға болады.

10

Re: География және жаратылыстану

Құрылымдалған зерттеу барысында дамытушы оқу жоғарғы деңгейде іске асырылады. Сол себепті бұл
әдісті жаңа түсініктер мен дағдылар енгізілетін (мысалы, курс басында)
сабақтарда қолданған орынды болып табылады. Оқушылар тәжірибе жинақтаған кезде,
мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеуді қолданған орынды болса, курстың
қорытындылаушы бөлімінде ашық зерттеу тәсілін қолданған тиімді  болады.

11

Re: География және жаратылыстану

Оқушылар үшінжобалау жұмысының көздеген мақсаты жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын пайдалана отырып,
қарапайым ашық зерттеу мәселесінің шешімін табу болып табылады . Алайда мұнда ашық зерттеулер ғана оқуға сай келетін жалғыз
қолайлы педагогикалық тәсіл деп айтуға болмайды.

12

Re: География және жаратылыстану

Зерттеуге негізделген оқу әдісінкез келген пәнде, оның ішінде жаратылыстану пәндерін оқытуда қолданған тиімді
болады. Пән бойынша негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда, мұғалім
көмекші рөліне ауысып, басты рөлге оқушы шығады.

13

Re: География және жаратылыстану

Зерттеуге негізделген оқудысыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері бар. Мұғалімнің
жетекшілігімен жүргізілетін осындай зерттеу модельдерінің бірі «Әлеуметтік
ықпалдастырылған зерттеу моделі» деп аталады .
Модель әртүрлі жеті зерттеу кезеңін қамтиды. Дегенмен, зерттеу
барысында болжамдарға, зерттеу мазмұнына, құндылықтар, көзқарастар, үдерістер
мен дағдыларға күмән тудырылған жағдайда әр кезең қайта қарастырылып,
тексеріліп отырады.

14

Re: География және жаратылыстану

Оқушылардың білімге қызығушылығын одан әрі ынталандыруға.аңа ақпарат ұсыну.болашақта зерделеу үшін басқа да сұрақтар ұсынуға мүмкіндік туады.

15

Re: География және жаратылыстану

Зерттеуге негізделген оқуда оқушылардың білімін, құндылықтары мен түсініктерін тексеруге, оқушылардың алдағы уақытта орындалатын жаттығулар мен жүргізілетінжұмыстарды түсінуіне көмектесуге зор мүмкіндік бар.

16

Re: География және жаратылыстану

Оқушыларға «зерттеу» кезеңінде анықталған ақпараттар пенидеяларды сұрыптау мен таныстырудың нақты тәсілдерін ұсынуға және  оқушылардың жинақталған ақпаратты өңдеуіне және әртүрлі тәсілдерментаныстыруына мүмкіндік беруге, нәтижелердің кең ауқымды болуына мүмкіндік беруге болады.

17

Re: География және жаратылыстану

Зерттеуге негізделген оқуда оқушыларға өздерінің түсінігі мен өмірлік тәжірибесініңарасында байланыс орнатуға көмектесуге, оқушылардың таңдау жасауына және өзінің
қоғамның табысты мүшесі бола алатындығына сенімін арттыруға мүмкіндіктер жасауға, тақырыпты одан әрі жоспарлау барысында оқушылардың түсінігін ескеруге болады.