Бақыт Бір күні бір бай кісі халық арасында жарысжариялайды: бақыт сезімін қағаз бетіне түсіре алатын ең жақсы суретшіге
мыңдаған ақша жүлде берілетін болады. Жарысқа көптеген суретші қатысады.
Бірнеше апта бойы бір-бірінен өткен әдемі суреттер салынады. Жарыс соңында
барлық жұмыстарды іріктеп болған соң, қазылар алқасы екі суреттен ең жақсысын
таңдай алмай қиналып қалады: Суреттердің бірінде тұнық бір көлдің суретіболды. Айнадай болғаны соншалық, көлдің бетіне айналасындағы таулардың бейнесі
шағылып тұрды. Көлдің үстінде аппақ, мақтадай ақ бұлттар бар. Суретке кім
қараса бірден "Қандай жарастық, тыныштық. Бақыт осы болар" деп
ойлайды. Басқа суретте таулар салынған. Бірақ тік, күрделі таулар. Күн
күркіреп, жаңбыр жауып тұр. Тау бөктерінде сарқырама бар. Қысқасы сурет онша
көңіл көтеретіндей емес-ті. Бірақ бай кісі суретке қарап сарқыраманың қасында кішкентай құстыңбейнесін көреді. Қасында құс ұясы да салынған екен. Кішкентай құс судың
ортасына ұя салған. Бақыт пен ғанибеттің керемет үлгісі. Бірден жеңімпаз болып
осы сурет атанды.
Қиындық пен тапшылықтыңболған жерінде емес, барлық қиындық-тарға қарамастанжүрегімізде жарастық таба білуде жатады.