1,301

Re: Маңғыстау-Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар-3

Адамгершілік-адамның рухани арқауы.

1,302

Re: Маңғыстау-Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар-3

Жақсы ай мен күндей,барлығына бірдей.  Халық даналығы

1,303

Re: Маңғыстау-Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар-3

Міне, курста аяқталды. Уақыт шіркін... қандай жылдам, ақиқат, осы шексіздікке ұмтылған таза энергия~нұрды сүйіспеншілікке толтырушы ұстаздарға тыныштық сыйласақ, дұрыс әрекетке бастар еді, жер бетінде қиянат атаулы жойылар еді...

1,304

Re: Маңғыстау-Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар-3

мереке құтты болсын,әріптестер

1,305

Re: Маңғыстау-Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар-3

Курс аяқталды, бірақ желілік қауымдастықтағы байланыс тоқтамау керек.
Барлығыңызға шығармашылық шабыт, жанұяларыңызға бақыт тілеймін.

1,306

Re: Маңғыстау-Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар-3

Рухани-адамгершілікқұндылықтар-білім берудің тірек нүктесі
 
            2018 жылдың 27сәуірі күні «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ жоспарына
сәйкес «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған
«Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» біліктілік арттыру курсы өз мәресіне
жетті. 10 аптаны қамтыған курс 3 кезеңде жүзеге асты. «Жүректен жүрекке»,
«Құндылықтар практикасы» және қайтадан «Жүректен жүрекке» кезеңдері тұлғалық,
рухани-адамгершілік өсу мен кәсіби оқытудың және ынтымақтастықтың үздіксіз
тәртібін құруға мүмкіндік берді.  Бағдарламаныжүзеге асырудың бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінің тақырыптық мазмұны курстық
даярлықтың басты міндеті – әрбір тыңдаушыға өзінің мұғалім әрі адам ретіндегі
жаратылысын жаңаша ұғынуға көмектесумен сәйкес құрастырылған. Курстың мазмұны
нені және қалай оқыту туралы ақпарат алуға ғана емес, ең алдымен, мұғалімнің
тұлғасының ішкі жан дүниесінің өзгеруіне бағдарланған. Бұл мұғалімнің оқыту
іс-әрекетінде әрбір оқушы өзінің ішкі рухани-адамгершілік әлеуетін аша
алатындай жағдай туғызу іскерлігінің дамуын қамтамасыз етеді. «Құндылықтарпрактикасы» кезеңінде мұғалімдер сыныптың деңгейінде «Сабақтағы жалпыадамзаттық
құндылықтар» Бағдарламасының идеялары негізінде екі өзін-өзі тану сабағын және
бір интеграцияланған сабақ (жаратылыстану циклы бойынша) өткізді, оқудан тыс
іс-әрекет ұйымдастырды және ата-аналар жиналысын, мұғалімдерге арналған семинар
өткізді. Сондай-ақ, мұғалімдер жалпыадамзаттық құндылықтар туралы реферат
жазды, онда өмірдегі құндылықтар тәжірибесі және жалпы түсінігі баяндалды. Ал екінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде тыңдаушыларАқтау қаласындағы №8 орта мектеп базасында «Өзін-өзі тану» пәні  бойынша 25 сабақ өткізіп, «Рухани жаңғыру-заман талабына сай жаңғыру» тақырыбындажалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау арқылы мектеп оқушыларымен «
Өзін-өзі тану» фестивалін өткізді.           Барлық тыңдаушы педагогтар«Құндылықтар практикасы» портфолиосы мазмұны бойынша презентация қорғап,  курс соңында 26 сәуір күні біліктілік
емтиханын ойдағыдай тапсырды.              Курстыңбірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде 13.03.2018ж.күні дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты базасында «Рухани-адамгершіліктәрбие-білім негізі» тақырыбындаоблыстық семинар ұйымдастырылды. Семинарда белсенділік көрсетіп, үздік шаралар
ұйымдастырғаны үшін, дарынды балаларға арналғаноблыстық мектеп-интернаттың «Өзін-өзі тану» пәні  мұғалімі Тоқсанова Шолпан Кармысовна, Мұнайлы
ауданы, №12 орта мектептің «Өзін-өзі тану» пәні 
мұғалімі Дуйсенова Улжан Бейсенбаевна алғысхатқа ие болды.            Біліктілік арттыру курсының екінші «Жүректенжүрекке» кезеңінде үздік сабақ өткізіп, 
«Рухани жаңғыру-заман талабына сай жаңғыру» тақырыбындағы «Өзін-өзі
тану» фестиваліне  белсене қатысқаны
үшін   Ақтау қаласындағы экономикалық
лицейдің «Өзін-өзі тану» пәні  мұғалімі -Қауһар Нағима Бозайқызы,Бейнеу ауданы, Бейнеу мектеп-интернатының «Өзін-өзі тану» пәні  мұғалімі КаналиеваМулдир Абдуллаевна, Ақтау қаласы №16 ортамектептің «Өзін-өзі тану» пәні  мұғалімі Ещанова АкжунисДжумабаевна, №28 орта мектептің «Өзін-өзітану» пәні  мұғалімі ҚабақФатима Керекқызы, Мұнайлы ауданы, №1 ортамектептің «Өзін-өзі тану» пәні  мұғалімі Қалмұрат ПеризатҒабиденқызы,  Маңғыстау ауданы, №6 орта мектептің «Өзін-өзітану» пәні  мұғалімі ЖумановаНургул Юрьевна алғысхаттармен марапатталды.         Курсбарысында  7 тыңдаушының (Қауһар Нағима Бозайқызы, Токсанова Шолпан Кармысовна, АкадиловаСандугаш Кайраткызы, Дуйсенова Улжан Бейсенбаевна, Ещанова Акжунис Джумабаевна, Жуманова Нургул Юрьевна,Қалмұрат Перизат Ғабиденқызы) курс туралы мақаласы «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ сайтына, 5тыңдаушының мақаласы республикалық «Білім айнасы» газетінің сайтына жарияланды.
       Тыңдаушылар «Өрлеу»БАҰО» АҚ  сайтындағы педагогтардың желілікқауымдастығына 13000  рет кіріп, 1600-
ден  астам хабарлама жазды.        Осылайша, қазақстандық қоғамныңрухани-адамгершілік жаңғыруы жалпыадамзаттық құндылықтар негіз болған біртұтас
білім кеңістігін құру  жүзеге асуда.