1

Тема: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Жаңартылған  оқу  бағдарламасының  негізгі  қырлары  туралы  мәлімет
ұсынылып,  өз  сабақтарын  жоспарлап,  өткізуге,  пәннің  оқулықтары  мен  оқу-әдістемелік
кешенін  пайдалануға,критериалды  бағалау  жүйесін  қолдануға,  жүйелік-әдістемелік
кешенмен жұмыс істеуге көмектесетін ресурстар туралы сіздердің ұсыныстарыңызы білсек.

2

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп,
рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу
мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

3

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Дескрипторларда мұғалімнің нақты кезеңдегі біліктілік деңгейін сипаттауға арналған толық
ақпарат  ұсынылған  және  олар  мұғалімнің  кәсіби  дамуының  келесі  қадамын  анықтайды.
Курс барысында бағамдау қалай жүргізілетіні түсіндіріліп, мұғалімдерге ол аспектілерді
меңгеруде қолдау көрсетілетін болады.

4

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Оқушылар  оқу  арқылы  мәдени,  эмоциялық,  зияткерлік,  әлеуметтік  және  рухани
жағынан дамуға мүмкіндік алады. Оқу оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне де, сондай-ақ алған білімін әрі қарай дамытуына да мүмкіндік береді. Қоғамның толыққанды мүшесі
болу үшін адамдарға барлық тілдік дағдылар айтарлықтай маңызды болып табылады.

5

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін
қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы осы үдерістің
құрамдас бөлігі болып табылады.

6

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту аясында тыңдалым, айтылым,
оқылым,  жазылым  дағдыларын  дамыту  нәтижесінде  оқушылар  алған  білімдері  мен
үйренген  дағдыларын  кез  келген  орта  жағдайында  бәсекеге  қабілетті  болуға,  қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады.

7

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру  жүйелерін талдау  оқу  бағдарламасының
«үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып
табылатынын  көрсетіп  отыр  (Schmidt  and  Prawat,  2006).  Оқу  бағдарламасын  жаңарту
тұрғысынан  «үйлесімділік»  оқу  бағдарламасы  қалай  қабылданып,  қалай  іс  жүзінде
орындалатынына  қатысы  бар  барлық  компоненттер  бірлесіп  әрекет  етіп,  бір-бірін
толықтырып,  нығайтады  дегенді  білдіред

8

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Оқу  бағдарламасын  жаңарту
тұрғысынан  «үйлесімділік»  оқу  бағдарламасы  қалай  қабылданып,  қалай  іс  жүзінде
орындалатынына  қатысы  бар  барлық  компоненттер  бірлесіп  әрекет  етіп,  бір-бірін
толықтырып,  нығайтады  дегенді  білдіреді.

9

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Пән  аясында  оқушылардың  қол  жеткізуі  көзделетін  оқу  мақсаттары  оқу
бағдарламасында ұсынылған. Оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз
ету үшін мұғалімдерге оқу жоспарында ұсынылған тапсырмалар мен кәсіби дайындығын
пайдалану  арқылы  қажетті  педагогикалық  әдіс-тәсілдерді  қолдана  білуіне  әдістемелік
қолдау көрсетіледі.

10

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының негізгі мақсаты пәннің
мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру,  сонымен  қатар,  басқа  пәндермен  сабақтастық  арқылы  жалпыадамзаттық
құндылықтардың,  ұлттық  әдебиет  пен  мәдениеттің  үздік  дәстүрлерінің  негізінде
оқушылардың шығармашылық және зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.

11 (2018-05-16 12:26:27 отредактировано Конырбаева Гулмира)

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің маңыздылығы. Қазақ тілі  –  өзара  қарым-қатынас
жасаудың негізі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оқушылар қазақ тілін
үйрене отырып, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларымен қатар түсіну
және жауап беру, анализ, салыстыру және бағалау дағдыларын дамытады, сонымен бірге,
оларды  қоғамда  тиімді  қолдана  білуді  үйренеді.  Тілді  меңгеру  әлемдік  деңгейде  жаңа
өзгерістерге бейім, жаңашыл, ұлттық құндылықтарды түсінетін жеке тұлға қалыптастыруға
ықпал етеді.

12

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Оқу  бағдарламасының  тек  пәндік  білім  мен  білікке  ғана  емес,  сонымен  қатар,  кең
ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталу оның ерекше өзгешелігі болып табылады.

13

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Оқу мақсаттарының құрылымдалған  жүйесі: білімін функционалдық тұрғыдан және
шығармашылықпен  қолдану,  сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану,  қарым-қатынас  жасаудың
түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және өз бетінше  жұмыс істей алу, проблемаларды шешу
және  шешім  қабылдау  сияқты  кең  ауқымды  дағдыларды  дамытуға  негіз  болады.

14

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Бағдарлама  өзге  тілде  білім  алатын  негізгі  мектеп  оқушыларын  қазақ  тіліндегі
сөйлесім  әрекетін  мәдениетаралық  қатысым  құралы  ретінде  меңгертуді  көздейді.
11
Бағдарламада тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық
дәстүрлер үйлестіріле отырып, өзге тілді мектептің негізгі деңгейінде пәнді оқытудың жаңа
бағыттары белгіленді.

15

16

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:
- шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
- білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;
-  туындаған  мәселелерді  шеше  білетін,  шынайы  өмірге  бейім  жаңашыл  ұрпақ
тәрбиелеу;
- оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
- оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
-  оқушыны  қазақ  халқының  мәдениетімен,  тілі  мен  әдебиетімен,  ұлттық  салт  дәс-түрімен  таныстырып,  мәдени  ортада  пайдалануға  баулу,  қазақ  еліне,  мемлекеттік  тілге
деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

17

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

«Қазақ  тілімен  әдебиеті»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасының  мазмұны  мен
құрылымы  оқу  мақсаттарына  негізделіп  құрылған.  Пәндік  білімнің  мазмұны
коммуникативтік әрекеттер мен тілдік  дағдыларға  негізделген. Тілдік дағдылар бойынша
оқу мақсаттары  әр  сынып деңгейіне сәйкес  динамикалық даму бағытында жасалған. Пән
бойынша  оқу  мақсаттары  мұғалім  мен  оқушыға  болашақ  қадамдары  жөнінде  өзара  ой
бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты
көрсетеді.

18

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Оқу мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын – тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын  қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың
жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.

19

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Оқу мақсаттарының құрылымдалған  жүйесі: білімін функционалдық тұрғыдан және
шығармашылықпен  қолдану,  сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану,  қарым-қатынас  жасаудың
түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және өз бетінше  жұмыс істей алу, проблемаларды шешу
және  шешім  қабылдау  сияқты  кең  ауқымды  дағдыларды  дамытуға  негіз  болады.

20

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Бағдарлама  өзге  тілде  білім  алатын  негізгі  мектеп  оқушыларын  қазақ  тіліндегі
сөйлесім  әрекетін  мәдениетаралық  қатысым  құралы  ретінде  меңгертуді  көздейді.
11
Бағдарламада тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық
дәстүрлер үйлестіріле отырып, өзге тілді мектептің негізгі деңгейінде пәнді оқытудың жаңа
бағыттары белгіленді.

21

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Спиральділік  қағидаты  бойынша  құрылған  оқу  бағдарламасы  Джером  Брунердің
«Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді.
Оның  пікірінше,  ең  күрделі  материалдың  өзі  дұрыс  құрылымдалып,  дұрыс  ұсынылатын
болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне
баланың  бұрынғы  өз  тәжірибесі  перне  қоры,  мағлұматы  салынып,  дәл  айтқанда,  балаға
танымал жақын нәрседен басталғаны» абзал.

22

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Брунердің жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
-  оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді  бірнеше рет қайталап оқиды;
-  әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
-  жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат
тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді оқу бағдарлам

23

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың
бір  сыныптан  екінші  сыныпқа  өтуі  кезінде  білімі  мен  дағдылары  қайталанып,  одан  әрі
дамытылып  отыратын  спиральді  оқу  бағдарламасы  моделіне  негізделген.  Оқу  үдерісінің
алға  ілгерілеуі  айқын  көрінуі  үшін,  оқу  мақсаттары  өзара  тоғысқан  бөлімдер  мен
бөлімшелерге  топтастырылған.  Оқушылардың  сыныптан  сыныпқа  көшу  барысында  алға
ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола
түседі.  Спиральді  білім  беру  бағдарламасының  құрылымы  оқу  бағдарламасындағы  оқу
мақсаттарын салыстырып қарастыру барысында айқын байқалады.

24

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Құндылықтарға  бағдарланған  тәсіл  –  оқу  әрекетін  белгілі  бір  құндылықтар
тұрғысынан  ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру,  нәтижелерге  қол  жеткізу  және  пайдалану
тәсілі.  Құндылыққа  бағытталған  тәсіл  оқушы  тұлғасының  бойында  мақсатты  түрде
құндылықтар  жүйесін  қалыптастырады.

25

Re: Жаңартылған бағдарлама -жаңа бастама

Тұлғаға  бағдарланған  тәсіл  мұғалім  мен  оқушының  арасындағы  тұлғалық  қарым-қатынасты,  оқушыны  тұлға  ретінде  құрметтеуді,  оның  моральдық-этикалық  қасиеттерін,
әлеуетті қабілеттерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамытуды
білдіреді.