1

Тема: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Критериалды бағалау қалай жүргізіледі?

2

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Критериалды бағалау- оқушының  оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі  болып отыр. Енді осы бағалауды қалайша қолданып келеміз.Бастапқыда кезеңде нақты түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай  жүзеге асыруға жұмыстана бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде  оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін  бағалауды қолдану мүмкіндігіне жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ.

3

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

4

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
• Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру

5

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.

6

Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау – бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

7

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Критериалды бағалаудың міндеттері:
 Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға; Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті, жеке оқушының даму жетістігін бақылауға,оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға, әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге, оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға,сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

8