1

Тема: Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау тапсырмаларын әдірлеу

Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу.   Оқу мақсаты бойынша бағалау критерийлерін мұғалім әзірлейді, білім алушыларының дайындық деңгейіне ескереді.

2

Re: Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау тапсырмаларын әдірлеу

Қалыптастырушы бағалауды дайындауда оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерінанықтауды, білім алушыларға ұсынуды, білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен оқытуға арналған орта құруды басшылыққа алуымыз керек.

3

Re: Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау тапсырмаларын әдірлеу

Қалыптастырушы бағалау барысында білім алушылар бірін-бірі бірлесе оқытуды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету керек екенін түсіндім

4

Re: Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау тапсырмаларын әдірлеу

Оқушылар  табысты оқу үшін қандай жағымды жағдай жасағанымызды, оқушыларға керібайланысты қалай беретінімізді, олардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауын қалай
ұйымдастыратынымызды ескеруіміз қажет

5

Re: Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау тапсырмаларын әдірлеу

Қалыптастырушы бағалау қолдану арқылы мұғалім мен білім алушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады. Осының нәтижесінде білім алушы өзін бақылап, өзінің әрекет-тәсілдерін таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бағалау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады.

6

Re: Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау тапсырмаларын әдірлеу

Критериалды бағалаудың құрылымы

Критериалды бағалау                          Қалыптастырушы бағалау                              Жиынтық бағалау Бөлім/ортақ тақырыптар                    Тоқсандық жиынтық бағалау     Білім беру деңгейлерін қорытынды жиынтық бағалау                                                                                                бойынша жиынтық бағалау    Қалыптастырушы бағалауоқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып  табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы  арасында  үздіксіз  кері  байланыс   қамтамасыз  етіледі.  Қалыптастырушы  бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар.  Бұл  білім  алушылардың  мүмкіндігін  анықтауға,  қиыншылығын  табуға,  оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. 

Жиынтық  бағалау мұғалімдерге,  білім  алушылар  мен  ата-аналарға  ұсыну  үшін  оқу  бағдарламасындағы  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы,  орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу  бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге, жоспарлау, түзету,  оқу  үдерісіне  талдау  жүргізу  үшін   жиынтық  бағалау  нәтижелері бойынша алынған ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді. Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасына, оқу жоспарына сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды  аяқтаған кезде өткізіледі. Жиынтық бағалаудың аталған түрінің нәтижесінде  білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде ескерілетін балл қойылады. Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  тапсырмалары  оқу  мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, оқу бағдарламасы  мазмұнын  білуі,  дағдысы,  түсінуі  туралы  дәлелдерді  ұсына  отырып,  тоқсандағы оқуға қатысты ілгерілеуді өлшейді. Алынған нәтиже тоқсандық  баға қою кезінде ескеріледі. Жиынтық бағалау ойлау дағдыларының әр түрлі деңгейін, соның ішінде  жоғары ойлау деңгей дағдыларын: талдау, жинақтау, бағалауды тексеретін  түрлі деңгейдегі тапсырмалардан тұруы қажет.

7

Re: Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау тапсырмаларын әдірлеу