1

Тема: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Педагогтердің желілік қауымдастығына қош келдіңіздер!

2

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Курс барысында туындаған мәселелер жөнінде осы форумда жазып отыруларыңызға болады.

3

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Курстан жаксы нарселер уйренип жатырмын рахмет!

4

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

салематсыздар ма!

5

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Курс керемет рухани байып, көп жаксылыктарды бойымызға синирип жатырмыз

6

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Сəлеметсіздер ме?! Білімдеріңізді үздіксіз жетілдіруден жалықпаңыздар.

7

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Өзін өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық педагогикалық негіздері такырвбындағы дəріс маған ұнады өйткені сабак өмірмен байланыс тапты көптеген психологтардың есімімен ацткан даналык сөздерімен таныстық. Дəріс окыған нұрова рысгүл апайға көп рахмет

8

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Бүгін біз өзін -өзі тану пəнінен өте жақсы тақырыптар оқып таныстық  əсіресе  Нурова Рыскүлдің жүргізген сабағы ұнады

9 (2018-06-14 14:20:21 отредактировано Светлана Тилегеновна)

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Кеше біз өзін-өзі тану сабағын басқа пәндермен интеграция жасау тақырыбында өте көп ақпарат үйрендік. Нурова Рыскүл апай бізге өте жақсы түсіндіріп, кері байланыс ретінде постер қорғап топтармен жақсы жұмыс жасадық. Бари керемет болды.

10

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Өзін өзі тану курсында берілген интеграция тақырыбындағы дəріс катты ұнады. Бүгін көшбасшы тақырыбында түсінік берілді. Дəріс беруші ұстазымыздың  сөйлеу мəнері, түсіндіру стилі, адаммен қарым- қатынасы өте керемет, үлгі аларлық. Өзін-өзі тану пəнінің нағыз маманы екені көрініп тұр. Курс қызықты өтуде. Топпен жұмыс, проблема шешу, ситуацияға жауап беру, постер қорғау жұмыстары үйлесімін тауып жатыр. Курска келгеніме қуаныштымын.  Рахмет  Рысгүл  Жұмажановна

11

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

2018 жылдың 11 маусымында Ақтау қаласында "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығында өзін өзі тану пəні бойынша  "Өзін өзі тану" пəнін оқытудың ғылыми _ əдістемелік негіздері" тақырыбында ақылы қысқа мерзімді курстан өтіп жатырмыз. Курс барысында өткізілген мазмұнды презентациялар көріп, өмірге қызығушылығымызды арттыратын фильмдер көріп, "Өзін өзі тану пəнін" деген қызығушылығымыз одан сайын арта түсті.

12

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Ағыл шын тілі сабағына рефлексия жасау 

13

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Сәлематсыздарма, әріптестер?  Фишбоун әдісі туралы түсіндіріп жібересіздерме?

14

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

       Бұл курсты кураторымыз Конфуцийдің "Ешкім саған дос емес,ешкім саған жау емес, əр адам саған ұстаз" деген сөзімен бастады.Расында да, курста жолыққан əр адамнан түрліше жылулық, түрліше жақсылық күттік. Себебі адам жаны тек ізгі жақсылықты ғана аңсайды емес пе? Мінеки,сондай күндердің де бірнешеуі артта қалды. Бауырбастық,дос болдық,бір-бірімізге жанашыр болдық. Əрине,бұл дəрістің,ондағы жүйелі білімнің арқасы. Ол дəрісті бар жан-тəнімен жеткізіп,шынайы өмірімізбен байланыстырып, ұлттық мұрамыздан мысалдар келтіре əңгімелеп отырған сөзі өткір, ойы ұшқыр, тілдік қоры бай кураторымыз Нурова Рысгүл Жұмажанқызына алғысымыз шексіз. Əсіресе "Менің шынайы көшбасшым" тақырыбына жазған эссе кезінде үлкен ойға келдім.Себебі эссемнің басты кейіпкері  əкем еді. Сонау бала кезім, ата-ананың аялы алақаны,ата-əженің шексіз мейірімі ,бəрі күні кешегідей көз алдымнан өтті. Сонда біз пенделер, кейде алаңсыз күндерімізді де , ата-анамызды  ойлауды да,хабарласуды да ұмытып кетіп жатамыз екен. Дəл осы тұста, рақмет саған"Өзін-өзі тану", рақмет сізге Рысгүл  Жұмажанқызы дегім келеді.Əлем кемел,енді ойымызды кемелдендіру ғана қалғанын түсіндім.Аман болайық,Жақсыларым!!!

15

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Саламатсыздарма!Бугинги сабагымыз оте керемет болды. Суйспеншилик туралы озим билмеген коптеген малиметтерди алдым.

16

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

18.06.Кешегі өткен курс өте керемет болды. Ата-аналармен байланыс өзін-өзі танудың негізгі шарты деген тақырып өзіме ерекше ұнады. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі,бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай болу керектігі. Тәрбиедегі ынтымақтастық.Егер әйел  руxани, ізгі болмаса онда осы барлық қасиеттерді күйеуінен ада етеді.Ең бірінші ол күйеуінің қоғамдағы орнын, яғни жақсы атағын жоқ қылады.Сонан кейін сәттілік оған жолдас болмайды да,ол өзіне лайықсыз әрекеттер жасай бастайды.Онан соң сөзі өзгереді.Ақыл есі нашарлай бастайды.Шыдамдылығы таусыла бастайды.Нәтижесінде түрлі қолайсыз жағдайларға тап бола бастайды.Осы сияқты көптеген өткір тәрбиелік, мән- мағынасы көп, тақырыптар өтіп жатырмыз. Түрлі шығармашылық тапсырмалар орындап өзімізді басқа қырымыздан танытып жатырмыз.Осы тұста барлық білген өткір сабақтарымен бөлісіп,бізді руxани адамгершілік жағына тәрбиелеп жатқан,Рысгүл Жұмажанқызына үлкен алғыс білдіреміз. Сізге көп-көп раxмет! Сізден  үйренеріміз өте көп болып жатыр.Курсқа  келгеніме өте қуаныштымын,апайларға да раxмет.!

17

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Бүгінгі 21.06.2018 күнгі курсымыз өте керемет болды.Біз бүгін 33 шағын аудандағы "Əлия" балабақшасында облыстық семинар өткіздік.Семинарда 2оқу қызметі мен"Ата-аналармен жұмыс" көрсетілді. Мұғалімдер  тыңғылықты дайындалып, қатысушылар  мен балаларға жақсы көңіл күй сыйлады.Сонымен қатар Айтымова Гүлжан апаймен бірге "Рухани адамгершілік білімнің қазіргі əлемдегі басымдылықтары" тақырыбында презентация сабақ өткіздім. Осы уақытқа дейінгі алған білімдерімізді нақтылауға тағы да мүмкіндік беріліп, топ болып постер қорғап,топпен əн айтып қорытындыладық. Осындай шараның өтуіне шынайы атсалысқан балабақша ұжымына ризашылығымызды білдіріп, тағы да бір керемет күніміздің бір парағын жаптық. Рақмет саған ,Өзін -өзі тану!

18

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Кеше 21.06.2018 күні  33 шағынауданы "Əлия" бала бақшасында Облыстық семинар өткіздік.Семинарда  Ата-аналармен жұмыс,  Жаңа бағдарламаға сай математика сабағы,"Рухани  адамгершілік  білімнің казіргі  əлемдегі  басымдықтары"  Жол ережесі  бойынша  "Астанаға  саяхат" тақырыбында  сабақтар,презинтация өткізілді. Қатысушылар  өте жақсы  көңіл  күйде  болды.Шараны  ұйымдастырушы  Рысгүл  Жұмажанқызына   алғысымыз  шексіз.

19

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

"Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылықпен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек", - деп Сара Алпысқызы айтқандай, мен де рухани кемелдену мақсатында "Өзін - өзі тану" пəнін оқытудың ғылыми - əдістемелік негіздері тақырыбында курсқа барып, өз біліктілігімді арттырдым. Бұл курстан алған əсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Курсқа келген негізгі мақсатым - "Өзін - өзі тану" бағдарламасын жете меңгеріп, оқытудың əдіс- тəсілдерін үйреніп, педагогикалық іс- тəжірибемді жетілдіру болатын. Осы мақсатыма курстағы дəріс беруші - сөйлеу мəнері ерекше, адаммен қарым-қатынасы өте керемет, түсіндіру стилі айрықша ұлағатты ұстазымыз - Рысгүл Жұмажанқызының арқасында жеттім деп айта аламын.Курстың соңғы күндері ұстазымыздың бастауымен Ақтау қаласындағы номері 33 "Əлия" балабақшасында облыстық семинар ұйымдастырып, алған білімімізді одан əрі шыңдау үшін қазіргі жаһандық мəселелер - дағдарыстың түрлерімен таныстыру, адамзаттың жалпы дүниежүзілік тұтастығын айқындау мақсатында " Рухани адамгершілік білімнің қазіргі əлемдегі басылымдылықтары" тақырыбында Мұнайлы ауданы "Балапан" балабақшасының əдіскері Бекқалиева Айнұр сынды əріптесім екеуміз презентация сабақ өткіздік.Сабағымыздың өте жақсы деңгейде өткендіктен облыстық "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының Алғыс хатымен марапатталдық. Осындай курстар жалғасын тауып, өзіміз кемелденіп, рухани байи берейік, достар!

20

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Гүлжан Бокишевна, құттықтаймын, мақалаңыз Өрлеудің сайтына шықты!

21

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Қыздар, желілік қауымдастыққа тіркелмегендер тез тіркелеміз.

22

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

«Мектептегі  ұстаз –оқушының  шамшырағын жағар тұлғаболып табылады» деген еді . Ш А Аманашвили .
Сондықтан білім ғана емес рухани ізгі тәрбие де беруміз керек. Өзін - өзі тану негіздері бағдарламасының ерекшелігі -рухани   адамгершілік  құндылықтары  мен интеграциялау   дағдыларын дамыту.Оқушының  функционалдық  сауаттылығынарттыру,рухани адамгершілік құндылықтарын дамыту мен  тығызбайланысты.
Бауыржан Момышұлы : «Тәртіпке бас иген құл болмайды»дегендей, жаңартылған  білім  беру заман көшіне  ілесе отырып , білімді ,саналы, рухани адамгершілігі мол жеке  тұлғанықалыптастыруды   талап етеді.
 11- 23 маусым аралығында Ақтау  қаласында  «Өрлеу»  БАҰО АК филалы педагогтардың біліктілігін арттыру иниститутында Өзін өзітану пәнін оқытудың  ғылыми әдістемелікнегіздері тақырыбында қысқа  мерзімдікурс өткізді. Курс барысында тренеріміз Нурова Рысгүл Жұмажанқызы  мазмунды  дәрістер мен презинтация,өміргебайланысты  фильмдер көрсетіп,өмірге  деген  қызығушылығымызды  арттыра түсті.Сабақ барысында  топпен жұмыс, проблема  шешу,ситуац иядан  жол тауып шығу, орынды жауап табу, постерқорғау, презентация  қорғау, жайында   бағыт бағдар  берді.
Курстыңдаушыларына  жаңартылған  білім  беру барысында  сабақ жоспарлау мен интеграциялаужәне өткізуде, жоспарды қалай құрастыру керектін айтып өтті.
Мұғалім оқытудыңқай әдіс тәсілдерін  қолданған жөн,керекті дерек көздерді  таңдап сабақбарысында тиімді  қалай қолдануғаболатындығы да аталып өтті. Сабақта педагогикалық білім мен  жаңартылған білімді ұштастыра отырып  сабақ жоспарын құру жөнінде бағыт бағдарберді.
Курстаәріптестерімізбен  тәжірибе  алмасып ,белсенді қатысып біліктілігіміздіарттырдық.  Осындай керемет тәжірибесіменбөліскен  тренріміз  Рысгүл Жумажанқызына  алғысымыз шексіз.
Жақсының  жақсылығын айт нұры тасысын  дегендей,Рысгүл Жумажанқызының  алдыңғы білімді , жаңа біліммен  ұштастыра білуі,әрбір тыңдаушыға  өз ойын жеткізе  білуі ,білімімізді  шыңдап әр  сабақты қызықты өткізгеніерекше ұнады.  Тренердің сөйлеу  мәнері ,адамдармен  қарым қатынасын  көріп,білімді, талапты ,іздемпаз адамдытану  үшін оның ішкі  жан дүниесіне үңілу керек екенін түсіндім..
Курс маған ерекшеәсер қалдырды. Өйткені, мұғалім тек оқытушы емес ,жас ұрпақтың бойына
рухани  құндылықтарды, жақсы қасиеттерді қалыптастыратынтәрбиеші.
Жаңа білімбойынша,  мұғалім  оқушының ішкі рухани  адамгершілік әлеуетін ашаалатындай жағдай туғызу, оқушының талабын дамыту керек екенін түсіндім.
Өзін-өзітану  пәнін  оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері бағдарламасында  алған теориялық білімдеріміздітәжірибе жүзінде қолданып, болашақ ұрпақты тәрбиелеп, шәкірттерді білім нәрімен  сусындатып  еліміздің  болашағын жарқын етер ұрпақ тәрбиелейміз деген сенімдемін.                                                                                                                                              Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Казтурганова Байрамгул.

23

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Жарайсың, Байрамгүл!

24

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

25

Re: "Өзін-өзі тану" пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері- Нұрова Р

Бүгін біз өзін-өзі тану пәнінен курсқа  келдік