26

Re: Мәңгілік ел

Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам.

27

Re: Мәңгілік ел

Елдің тыныштығы мен дамуы болашақ ұрпақ үшін маңызды

28

Re: Мәңгілік ел

Адам – қашанда еркіндікті, бостандықты аңсайды, тек аңсап қана қоймай, сол үшін әдіс-тәсіл іздейді, күреседі. Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік – асыл арман. Оған жетудің жолы әрқилы. Негізгісі екеу. Бірі – күрес жолы, екіншісі келісім жолы. Ал тәуелсіздікке қол жеткізген соң оны сақтап қалу, одан да қиын. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздық болмау керек. Ал, ол үшін халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат – мұрат керек.

29

Re: Мәңгілік ел

Ұлттық идея - халық мұраты. Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып. Идея – грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мәселен, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi.

30

Re: Мәңгілік ел

Ұлттық идея - ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар. Зерттеушілер бұл үғымның екі қырына баса маңыз береді. Бір жағынан, қауымдастықтың өзін-өзі ұлт деп танып, түйсінуі, екінші жағынан оның ерекше тарихи адамдар қауымдастығы ретіндегі өз көзқарастары, ұстанымдары, құндылықтары жайлы жалпақ әлемге жар салуы.