1

Тема: Электронды оқыту жүйесі заман талабы

Электронды оқытудың қандай жолдарын білесіз?

2

Re: Электронды оқыту жүйесі заман талабы

Қазіргі таңдағы электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері: ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы
оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін
атқаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен
білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді.
Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту
әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда.” Мультимедиялық
технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы,
кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға «ену» жолымен
оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік
машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар
түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады (кәсіби
сайыстар мен іскерлік ойындар бұрынан бері кәсіби дайындық пен
іскерлікті арттыру барысында қолданылып келген. Ал ақпараттық технология
оларды жаңа деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге мүмкіндік туғызуда).