1

Тема: Критериалды бағалау

Критериалдық бағалау — бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші
болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге
көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай
бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау
жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу
керектігін түсінуге мүмкіндік береді.

2

Re: Критериалды бағалау

Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

3

Re: Критериалды бағалау

Каламкас Иманкулова пишет:

Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.