1

Тема: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Құрметті әріптестер!
Біліктіліктеріңізді арттырған курс туралы сурақтарыңызды осында жолдауыңызды сураймын

2

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Саламатсыздар ма
Білім мазмұның жаңарту бойынша курс өте ұнады
үйренгеніміз мол болды
бағдарламалау бойынша курстар болса екен

3

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Сәлеметзіз бе.
 Whats App қолданып хабарласа берейік
Әзірше сурақ жоқ

4

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Оқу жоспары – бұл белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап дайындалған құжат. Оқу жоспарында белгілі бір сыныпта белгілі бір пән
бойынша меңгерілетін материал жан-жақты сипатталады, сондай-ақ ол
материалды оқыту реті ұсынылады.

5

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалын қолдануды үйрету.

6

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Сыныптағы саралау жұмысыныңжалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар:
Тапсырма Дереккөздер Қарқын ҚорытындыДиалог және қолдау көрсету Бағалау Жіктеу

7

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Қалыптастырушы бағалау – оқудағы қажеттіліктерді анықтап, сәйкесінше оқытуүдерісін өзгерту мақсатында оқушының алға ілгерілеуі мен материалды игеруін
жиі, интербелсенді бағалау

8

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Оқу үшін бағалау бұл – ең алдымен оқушылардың оқуын алға ілгерілетумақсатында әзірленетін және қолданылатын кез келген бағалау. Осылайша, ол әуел
бастан-ақ есеп беру, рейтинг құрастыру немесе біліктілігін растау мақсатында әзірленетін
бағалаудан осынысымен ерекшеленеді. Бағалауға арналған жаттығулар мұғалімдер
мен оқушылар өздерін және басқаларды бағалауда және өздері қатысатын оқыту мен
оқу шараларын түрлендіруде кері байланыс ретінде қолдана алатын ақпарат берген
жағдайда ғана бұл жаттығулар оқуға жағдай туғызады. Осы ақпарат оқу қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында оқыту барысында ескерілген жағдайда осындай бағалау «қалыптастырушы
бағалауға» айналады

9

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

оқушы реттейтін оқуды өнімді қалыптастырушы бағалаудың негізгі бір аспектісі ретінде қабылдауға ұсынады, әсіресе, қалыптастырушыбағалаудың «Оқудан күтілетін нәтижені және табыс критерийлерінтүсіндіру, олармен таныстыру (хабарлау) және оқушының түсінуі» және «Оқушыларды
өз оқуы үшін жауапты адам ретінде әрекет етуге тарту» стратегияларына қатысты.

10

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

қалыптастырушы бағалау мен оқушы реттейтін оқуарасындағы ара қатынасты құрудың тағы бір өнімді әдістерінің бірі зерттеушілер мен практиктер арасында өнімді келіссөз жүргізу мақсатында олардың әрқайсысының
өзіндік қырлары: оқушы реттейтін оқу ұсынатын теориялық аспектілер мен қалыптастырушы
бағалаудың тәжірибелік негіздерін күшейту болып табылады.

11

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

көптеген мұғалімдер қалыптастырушы бағалау тәжірибесін дамытуда оқытутәсілдерін ойлап шығарады. Осы әдістердің кейбіреулері ерекше болып келеді және жеке мұғалім үшін маңызды, бірақ әдістің өзін дамыту үшін маңыздылығы шамалы
мәселелерді қамтуы мүмкін, кейде тіпті басқа мұғалімдерге ұнамайтын қарама-қайшы мәселелер де қамтылуы ықтимал.

12

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Бастапқыда қалыптастырушы мақсатта дайындалған бағалаудың алғышартыретінде қазіргі кездегі үлгерімнің егжей-тегжейлі сипаттамасы талап етілуі мүмкін деген болжам жасауға болады, бірақ оны орындау міндетті емес. Бағалау үлгерімнің
қазіргі жағдайының ауқымын кеңінен анықтап, алайда болашақта оны жетілдіру үшін не істеу керектігін көрсетпеуі әбден мүмкін; екінші жағынан біз оқушының қандай деңгейде екенін білмеуіміз мүмкін, бірақ оларға алдағы уақытта не істеу керек
екенін білеміз

13

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Оқу жоспары – бұл белгілі бір пәнжәне сынып бойынша мұғалімдерге арнап дайындалған құжат. Оқу жоспарында белгілі
бір сыныпта белгілі бір пән бойынша меңгерілетін материал жан-жақты сипатталады, сондай-ақ ол материалды оқыту реті ұсынылады.

14

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Оқу жоспарында қамтылатынмәселелер:
-       тілдікмақсаттар;
-       орта мерзімдіжоспарлар;
-       қысқамерзімді жоспар.
Орта мерзімді жоспарларда оқу жылыбойындағы барлық оқу мақсаттары қамтыла отырып, оқушыларға осы мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін орындау ұсынылатын жаттығулар туралы қысқаша мәлімет келтіріледі. Бұл ұсынылатын жаттығулар мұғалімдерге өз сабақтарын әзірлеу кезінде қолдау көрсетуге бағытталған пайдалы кеңестер жазылған қысқаша
жазбалармен қатар, осы сабақ аясында қолдануға болатын ресурстарды да қамтиды.
Қысқа мерзімді жоспар –мұғалімдерге өз сабағының егжей-тегжейлі жоспарында орта мерзімді жоспардың мазмұнын қалай бейімдеуге болатынына қатысты нұсқаулық ретінде ұсынылған үлгі.

15

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Оқу жоспарын нормативтік құжатретінде емес, нұсқаулық ретінде қарастырудың маңызы зор, себебі мұғалімдер
өздері сабақ жүргізетін сыныптардағы оқушылардың қажеттіліктері мен үлгеріміне қарай оған түзету енгізіп, бейімдей алады.

16

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Оқу бағдарламасында пән бойынша оқушыларәр сынып аясында дамытады деп күтілетін білім, білік дағдылар оқу мақсаттары
түрінде бейнеленеді. Осы оқу мақсаттарында білім беру бағдарламасының әрсыныпқа арналған мазмұны анықталады. Оқу мақсаттары бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді, алайда оларды ұсынылғантәртіпте ғана оқыту міндетті емес. Оқу бағдарламасы спиральдібілім беру бағдарламасының негізінде оқушылар сыныптан сыныпқа ауысқан сайын қалай алға ілгерілейтінін көрсетеді.

17

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің (Роберт Юджин Глейзер енгізген ұғым, 1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады. Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ).

18

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:
- оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;
- оқушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;
- оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;
- оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
- оқушыларға өзінің оқуын «құрушы/жасаушы» ретінде жағдай жасау болып табылады.

19

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Оқу бөлмесі негізінен күрделі оқу ортасы болып табылады және дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, белсенді оқу мен жекелеген оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру осы күрделіліктің артуына ықпал етеді. Мұғалімдер «сыныпты тыныштандырудың» (мұғалімнің сабақта тыныштық сақталуын қадағалауы, өзінің сөйлеуі) орнына, оқушылардың мағынаны түсіну, заңдылықты байқай алу, шешім қабылдау мен тұжырымдау, түзете алатындай етіп орындалуын бақылау құзыреттіліктерін қалыптастыруы және дамытулары керек

20

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Оқушының оқуға құлықсыз болуы немесе оқудағы сәтсіздіктері көп жағдайда мұғалімнің оның ішкі уәжін оята алмауының салдарынан болуы мүмкін, ал сәтсіздіктердің жалғаса беруі оқуға аса қабілетті балалардың да пәнге деген қызығушылығын жоюы мүмкін.

21

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Білім алуды жандандыратын аспектілердің бірі оқушыларды ынталандыру болып табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді. Әдетте балалар мектепте жақсы оқиды, алайда кейбіреулері оқуға деген ішкі уәжі мен қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, оқушылар оқу қажет болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді, күрделі, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады. «Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды»

22

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

Оқушылар өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы артады

23

Re: Информатика БМЖ 14-25.05.2018 тобы

- функцияның берілу тәсілдері, функцияның кесте арқылы берілуі, функция графигі,  векторлар, өлшем бірліктер, логарифм, теңдеулерді шешу, теңсіздіктерді шешу, санау жүйелері, ықтималдық ториясы, комбинаторика, геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері, координаталар жүйесі, қисық сызықты трапецияның ауданы, арифметикалық және геометриялық прогрессия, математикалық логика, т.б. (математика);