1

Тема: Белсенді оқу әдістері

Саламатсыздар ма, әріптестер? Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытуда қандай белсенді оқу әдістерін білесіздер? Тиімділігі жайында айтсаңыздар...

2

Re: Белсенді оқу әдістері

Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытуда белсенді оқу әдістердің ықпалы зор, өйткені ол сабақтың мақсатына жетуге жетелейді. Атап айтатын болсам, тыңдалым дағдысына байланысты "Кім? Қашан? Қайда?" стратегиясы, Болжау әдісі, Стоп кадр т.с.

3

Re: Белсенді оқу әдістері

Түртіп алу стратегиясы, Венн диаграммасы, кестелермен жұмыс

4

Re: Белсенді оқу әдістері

Оқылым дағдысына байланысты әдістерден джигсо әдісі тиімді деп ойлаймын, өйткені сабағымда пайдаланып жүрмін, тиімділігі уақытты әрі үнемдейміз, әрі балаларға оқылым мәтінін белгілі бір уақыт ішінде мазмұнын біліп шығуға мүмкіндіктері болады.

5

Re: Белсенді оқу әдістері

Оқылым дағдысына байланысты эмоция кестесі, жазылым дағдысында РАФТ, айтылымда Ақылдың алты қалпағы, тыңдалымда түртіп алу стратегиялар...

6

Re: Белсенді оқу әдістері

Миға шабуыл әдісі арқылы оқушылар жылдам жауап беруге, тапқырлыққа дағдыланады. Фишбоун әдісі арқылы ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды, жазылым дағдысы қалыптасады...

7

Re: Белсенді оқу әдістері

Венн диаграммасы оқушылардың бір кейіпкер мен екінші кейіпкердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырады, Кім? Қашан? Қайда? әдісі шығармадыға нақты мәселелерді тауып дәлелдер келтіреді, Буриме әдісі белгілі бір ұйқастардың келесі буындарын толықтырады немесе шығарады...

8

Re: Белсенді оқу әдістері

Графикалық органайзерлер арқылы бір тапсырманы түрлендіріп, оқушыға жеткізуге болады, оқылым дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушыға жаңа сабақтың меңгертуде түрлі стратегияларды пайдалануға болады...

9

Re: Белсенді оқу әдістері

Буриме әдісі шапшаңдыққа, шығармашылыққа баулиды; кубизм әдісі сын турғысынан ойлауға, өзара пікір қалыптастыруға мүмкіндік береді...

10

Re: Белсенді оқу әдістері

ҚҚҚ әдісі кері байланыс жасауға тиімді, мозайка әдісін оқушыларға пайдалануға тиімді деп ойлаймын...

11

Re: Белсенді оқу әдістері

Кез келген әдістің мақсаты оқушыларға сабақты меңгеріп, сабақ мақсатына жету деп ойлаймын. Қазіргі таңда белсенді оқу әдістері жетерлік... Атап айтатын болсам, рефлексиялық кезеңде жетістік баспалдағы, желкенді қайық, ауа райы, ҚҚҚ, БББ кестелері т.б.

12

Re: Белсенді оқу әдістері

Сабақты топқа біріктіру үшін әр түрлі белсенді әдістерді қолданамыз. Сөздер сөйлейді, мозайка, түрлі түсті кәмпиттер т.б әдістерді қолданамыз.

13

Re: Белсенді оқу әдістері

Белсенді оқу әдістері оқу мақсатына жетуге ықпал етеді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында "Канстантинополь"Буриме" "РАФТ" "Ойлан, жұптас,бөліс" әдістері қолдану, графикалық органайзер түрлерімен тапсырма орындату тиімді деп ойлаймын. Мұндай белсенді әдістер оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырып, сыни ойлау дағдысы мен танымдық қабілетінің дамытады. Оқушылар арасында ЖАДА қалыптасып ұйымшылдық көшбасшылық қырлары дамиды.

14

Re: Белсенді оқу әдістері

"Ыстық орындық" әдісі оқушылардың белсенділігін арттырумен қатар әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін анықтауға тиімді. "Миға шабуыл" әдісі оқушылардың ой- өрісін кеңейтіп жылдам ойланып жауап беруге тиімді деп ойлаймын.

15

Re: Белсенді оқу әдістері

"Рафт" әдісі оқушылардың өздері ізденеді, талдайды өз ойларын жеткізіп айтуға үйренеді деп ойлаймын

16

Re: Белсенді оқу әдістері

"Тыңдап тұрған үштік әдісі" оқушының тілдік дағдыларын толығымен қамти отырып, игерген білімдерін терең түсінеді

17

Re: Белсенді оқу әдістері

Эмоция кесте әдісі топтық жұмыс арқылы тапсырманы жан жақты орындауға мүмкіндік береді.

18

Re: Белсенді оқу әдістері

551 стратегиясы сабақтың қорытынды кезеңінде пайдаланған өте тиімді. Өтілген сабақтан негізгі бес сөйлем жазады, бес сөйлемнен негізгі бес сөз жазады, бір сөйлеммен немесе бір сөзбен аяқтайды.