26

Re: Белсенді оқыту

Тілдің жақсы дамуының құралы тілдік қор болып табыладыТіл дамытудың негізгі көрсеткіштері:
• Мен білуге тырысамын;
• Қазақ әдеби тіл нормасына сай сөйлей білу;
• Байланыстырып бейнелі сөйлей білу;
• Мазмұндылығы; анықтығы, мәнерлілігі;
• Грамматикалық,орфографиялық қатесіздігі.

27

Re: Белсенді оқыту

тіл үйретуде тиімді қолданылатын белсенді оқу стратегиялары:
• жаңа лексика мен идеяларды қоса алғанда, драмалық шығармалардағы бейнелер мен
мәтіндерді зерделеу және бағалау;
• мәтіндерді бағалау және өзінің ойын білдіру үшін графикалық органайзерлерді қолдану;
• мәтіннің сюжетін, құрылымын, лексикасын және сөйлемдердің құрылымын талқылау
мақсатында әңгімені бірігіп оқу;
• ойлануды қажет ететін мәселелерді ортаға салу және талқылау

28

Re: Белсенді оқыту

Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.

29

Re: Белсенді оқыту

Сабақта белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді.

30

Re: Белсенді оқыту

Белсенді оқудың тиімділігі білім алу үрдісінде оқушының жеке көзқарасы мен басқалардың пікірімен санаса білу мәдениеті қалыптасады.

31

Re: Белсенді оқыту

Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауына, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.