1

Тема: Өлкетану

Өзінің туған өлкесі жайлы білімді тереңмеңгерту және дамыту арқылы Отан тарихын оқып үйренудің қандай маңызы бар?

2

Re: Өлкетану

Аймақтық компонентті жетілдіруде оқу-тәрбиежұмысының сыныптан тыс, сабақтан тыс түрлері маңызды рөл атқарады. Олар пән
сабақтарын толықтырып отырады және негізінен сабаққа байланысты жүргізіледі.
Өлкетену жұмысы сабақтағы оқу материалының мазмұнынан тысқары болады, бірақ ол
сыныптан, сабақтан тыс алынатын білімді туған өлкенің табиғаты, тарихы, байлығы
жайлы қосымша кең көлемді біліммен толықтырып отырады. Сондықтан «Өлкетану»
курсы арқылы аймақтық компонентті жетілдіру сабақ және сабақтан тыс уақыттағы
іс-әрекетті де қамтуы тиіс.

3

Re: Өлкетану

«Өлкетану» курсы мектеп оқушыларыныңфункционалдық сауаттылығын дамытуға, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға,
отансүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан азаматтарының өз халқының, мемлекетінің тарихын, өлке
табиғатының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, экономикалық даму келешегін
білуге деген қызығушылығы артуда, сол себепті мектепте туған өлке жайлы терең
білім беру және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің маңызы арта
түсуде.

4

Re: Өлкетану

Мектепте өлкетану жұмысын жетілдіру маңыздыпедагогикалық үдеріс болып табылады. 
«Өлкетану»
курсының негізгі аймақтық құрамының аспектілерін оқытуға арналған әдістемелік
ұсыныстар арқылы мектеп мұғалімдеріне өлкетану жұмысын жетілдіруге
көмектесу.

5

Re: Өлкетану

Өлкенің тарихын   білу-өзінің отбасының, әулетінің, туып өскенөлкесінің тарихын білуден басталады. Өзінің тегін оның тарихын білмеген адам өз халқының тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды. Ал мұндай адам басқа халықтарды, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрыпын құрметтей де сыйлай да алмайды. Осы жағдайлардың бәрі туған өлкенің тарихын зерттеудің, оған оқушыларды белсене қатыстырудың қажеттілігін дәлелдейді.

6

Re: Өлкетану

Отансүйгішұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді.

7

Re: Өлкетану

Мектептеөлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстарда оқыту керек.

8

Re: Өлкетану

Өлкетану пәніарқылы мектепте мұражайлар ұйымдастыруға да болады.Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.

9

Re: Өлкетану

Өлкетану – белгілі бір жердің, қаланың, елдімекеннің бір бөлігін оқып білу. Мұндай жұмыспен жергілікті тұрғындар
айналысады, себебі бұл аймақ оқушылар мен мамандар үшін (тарихшылар, биологтар, геологтар, архитекторлар, этнографтар, экологтар) туған өлке болып саналады.  Мектептегі өлкетану пәні білімберу мен тәрбиелеуді өмірмен байланыстыратын маңызды құрал болып табылады. Өз өлкесінің бұрынғы және қазіргі өмірін білу, өлкенің жаңаруына тікелей атсалысуымыз үшін қажет, өйткені туған өлке – шегі жоқ әлемнің бір бөлігі.

10

Re: Өлкетану

Өлкетануотансүйгіштік сезімді – Отанға деген терең махаббатты тудырады. Мектептегі өлкетану, жалпы өлкетанудың бір бағыты болғандықтан, оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық, еңбексүйгіштік, тұлғалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Туған өлкенің өткенімен, қазіргі кезімен және жорамалды болашағымен, табиғи, экономикалық, тарихи, мәдени және басқа да ерекшеліктерімен танысу оқушының дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл оқушының өзінің бір нақты ұлт өкілінің қатарына жататындығын түсінуіне және ол үшін мақтаныш сезімінің туындануына көмектеседі.

11

Re: Өлкетану

Өлкетанужұмыстарын жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ерекшеліктері: 
– тарихимәліметтермен тығыз байланыста болғандықтан, тарих ғылымдары және тарих оқу пәнінің негізгі ұстанымдары, әдістері, құралдарымен сипатталады; 
–оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары жетекші фактор болып табылады; 
– өлкетанужұмыстары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жаратылыстану пәндерімен, әсіресе географиямен, биологиямен және экологиямен тығыз байланыстылығымен сипатталады;
– өлкетанужұмыстарының ерекшелігі топонимика (гректің «топос» – орын, жер, «онома» – атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз), ономастика (гректің onomastike – ат беру өнері, тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы)
сияқты ғылымдардың, білімдердің өзгешеліктерімен анықталады.

12

Re: Өлкетану

Өлкетануматериалдары арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу педагогикалық үдерістің: түсінік қалыптастыру – білім беру – біліктілік – практикалық ісәрекетке баулу атты тізбегін құрастыруды көздейді. Мұғалім алдымен оқушылардың бойында:
‒ Отанадамның дүниеге келген жері ретінде, туған жердің табиғаты, ана тілі, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, тарих, туған өлке тұрғындарының өміріндегі ұлттық ерекшеліктер, отансүйгіштік сезім туған өлкеге деген көзқарас түсініктерін қалыптастыру;
‒ ұжымдажәне өздігінен жеке жұмыс істеу барысында оқушы «Отан», «туған жер» ұғымдарын меңгеруі тиіс, оқушыны туған өлкенің тарихын, өзінің ата-тегін, олардың тарихын өз бетімен оқып-білуге, Отанға, еңбек етуге, қоршаған адамдарға қарасты өзінің көзқарасын анықтауға, саралауға қажетті білімді қалыптастыру;
‒ оқушысаралау, түсініп оқу, ерінбей тірнектеп материал жинау, мұрағатта жұмыс істеу, экскурсияны жүргізуші дағдыларын үйрену арқылы біліктілігін арттырады;
‒ өлкетанужұмысының түрлері: саяхат, экскурсия, бақылау жүргізу, кеппешөп жинау, тәжірибелер жасау, мамандық иелерімен кездесулер тағы басқа практикалық іс-әрекеттерді оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, құндылық
көзқарастарын қалыптастыруға, білуге деген қызығушылықтарын арттыруға бағыттау.

13

Re: Өлкетану

Өлкетанукурсын оқу барысында пәнаралық байланыс жүзеге асырылады, тек география, биология, тарих, әдебиет, тілдер, музыка пәндері ғана емес, сонымен қатар бейнелеу өнері, технология, дене шынықтыру пәндерімен де байланыс бар. Оқушылар табиғатқа саяхат кезінде жинақтаған материалдарын альбомда безендірген кезде, жүрген жолдың планын сызған кезде бейнелеу өнері мұғалімінің көмегі қажет. Ол альбомды әдемі безендіруге қажетті пайдалы кеңестер бере алады. Ал дене
шынықтыру мұғалімі жүру ережелерімен таныстырады.

14

Re: Өлкетану

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы біздің еліміз азаматтарының тарихи білімін көтеруге ерекше көңіл бөлінуде. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі болған жас ұрпақты тәрбиелеу, олардың  санасына ұлттық рух пен патриоттық тәрбие қалыптастыруда. Отан тарихының орны мен мүмкіншіліктері шексіз. Өйткені, тарих халықтың рухани мұрасы, Отанымыздың өткені, ұрпақтарымыздың мектебі саналады.

15

Re: Өлкетану

Қазақстан тарихын мектепте оқыту Қазақстан тарихын көне заманнан бүгінге дейін мекендеп келген халықтың, адамзаттың тарихи жолын, тарихи білімдер негізін игеруге, оқушылардың санасында ұлттық бірлікті қалыптастыруға, азаматтық пен елжандылыққа, өз халқының келісім мен төзушілікке тәрбиелеуге, өз халқының және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін құрметтеуге және жеке тұлғаның қалыптасып дамуына септігін тигізеді.

16

Re: Өлкетану

Елінің, халқының өткенін анық білетін, рухани дүниесі бай азаматтарды қалыптастыру бүгінгі күннің талабы жəне ондай азамат елтірегі болмақ. Бүгінгі таңда азаматтарда тарихи сананы қалыптастыру қоғамның сұранысы нан туындап отыр. Оған жаңа үрдістердің қалыптасуы, көп ұлттылық тағы басқалар жатады. Азаматтарымызда кең тарихи сананы қалыптастыруға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстан тарихының əртүрлі-деңгейдегі оқу орындарындағы оқыту дəрежесін үнемі жетілдіріп отыру осы ған дəлел болады.

17

Re: Өлкетану

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпы адамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып мектепте Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, өлке тарихы отан тарихының құрамы ретінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы танудың негізін  қалайды

18

Re: Өлкетану

«Өлкетану» сабағы мұғалім мен оқушылардың ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделіп жасалынады. Бұл оқушылардың қызығушандығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытады, жиналған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды.

19

Re: Өлкетану

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы : Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» деген еңбегінде орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Өлкетануды» міндетті оқу курсына енгізу туралы тапсырма берген болатын. Туған жерге деген құрмет отаншылдықтың негізі болып табылады. Сондықтан да өлке тарихынан мәліметтер беру және өлкетануды оқыту әдістемесіне енгізу арқылы жастарымызды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелей аламыз. Өйткені, өз отанын шын сүйген, өз елінің нағыз патриоты болған ұрпақтан жақсы нәтиже күтуге болады

20

Re: Өлкетану

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпы адамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып мектепте Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді.

21

Re: Өлкетану

Өлкетану - Отан тарихының құрамдас бөлімі ретінде белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеу және білімдерді жинақтау ісі. Өлкетану туған елмен жердің тарихын зерттеуден басталады. Мұндай зерттеуге туған өлкенің әлеуметтік-экономикалық, саяси, тарихи және мәдени дамуы, сондай-ақ, оның табиғи сипаты нысан болады.

22

Re: Өлкетану

Өлкетануды бейнелі түрде - кіші Отанды зерттеу пәні деуге болады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінде, оқу-тәрбие ісінде практикалық жағына көңіл бөлуді, соның ішінде «Өлкетану» сияқты пәнді мектептерде оқыту көкейкесті екеніне назар аударды.

23

Re: Өлкетану

Бірде-бір ұлт өз елінің тарихын, мәдениетін сыйламайынша, өз өлкесінің тарихи және рухани мұрасын қайта қалыптастырып өркендетпейінше, азаматтық және рухани тәрбие жүргізбейінше дамып, өмір сүруі мүмкін емес. Өлкетану деректерін оқыту мәселесінің тарихынан  сөз қозғағанда, алдымен ауызға, әл-Фараби, М. Қашқари,  Ж.Баласұғын, Асан Қайғы, Бұхар жырау, Я.А. Коменский, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М. Жұмабаев секілді ойшыл ғалымдар түседі. Бұл ғұлама ғалымдар туған өлкені балаларға таныту арқылы олардың Отанға сүйіспеншілігін, қызығушылығын ояту мәселесі тұрғысында маңызы мен мәні жайында жоғары пікірлер мен ой-тұжырымдар айтқан.

24

Re: Өлкетану

«Өлкетану» курсы мектеп оқушыларыныңфункционалдық сауаттылығын дамытуға, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарының өз халқының, мемлекетінің тарихын, өлке
табиғатының ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін, экономикалық даму келешегін білуге деген қызығушылығы артуда, сол себепті мектепте туған өлке жайлы терең білім беру және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің маңызы арта
түсуде.