1

Тема: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Қалыптастырушы бағалау дегніміз не?

2

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы,  білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу,   оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау  дағдылары.

3

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Қалыптастырушы бағалаудың тағы бір маңызды компоненттерінің бірі - кері байланыс әрекеті деуге болады. Кері байланыс әрекеті ауызша және жазбаша түрде жүзеге  асырылады. Қателіктер болған жағдайда мұғалімге өзінің жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныс бере алады.

4

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Бағалау жаппай тәжірибеде мұғалімнің қалыптастырушы бағалаудың теориялық негіздерін және оны ұйымдастырудың алгоритмін меңгерген кезде ғана жүзеге асады.

5

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделінде бағалаудың үш түрі қолданылады: қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау және сыртқы жиынтық бағалау.

6

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Қалыптастырушы бағалау тоқсан ішінде кездесетін іріктелген оқу мақсаттарына негізделіп жасалған. Бұл оқу мақсаттары пән бойынша білімін жан-жақты көрсете алуына мүмкіндік береді.

7

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Қалыптастырушы бағалау сабақ берудің және оқытудың бөлінбейтін бөлігі болып табылады,ол жеке қосымша тапсырма немесе ретінде қаралмайды. Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасының оқыту мақсатының бәрін қамтуы керек.

8

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін. Бағалау үдерісі қолайлы және басқарылатын болуы үшін әр тоқсанда қалыптастырушы бағалаудың мақсатын іріктеп алу керек. Осы оқу мақсаты мұғаліммен оқушыға дағдының және түсініктің прогресін пәндер бойынша анықтауға мүмкіндік береді.

9

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Қалыптастырушы бағалаудың іріктелінген оқу мақсаттары бойынша шешім қабылдағаннан кейін,мұғалім өз оқушыларының нәтижелерін сараптауы маңызды. Оқушылардың бастапқы білімдері негізінде күтілетін нәтижелердің
қандай болытыны туралы ойланыу қажет.

10

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Қалыптастырушы бағалау өткізу кезінде оқушыларға оқу мақсатын бағалайтын жетістік критерийлерін беру қажет. Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері тіркеу журналында белгілеуі тиіс.Мұғалім оқушының аты жазылған әр жұмыстың бағалау нәтижесін жазатын дәптер жүргізуі мүмкін.

11

12

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Тоқсан басында мұғалім қалыптастырушы бағалау үшін іріктелінген оқу мақсаттары оқу жоспарында қамтылғанын анықтауы қажет. Бұл оған қалыптастырушы бағалауда өз жұмысын ертерек жоспарлауға мүмкіндік береді.

13

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Қалыптастырушы бағалау
оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім
тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, бал
қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі.

14

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны тузетуге
құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң
нәтижеге қол жеткізуіне  көмектесуге, деркезінде оқу үдерісін түзетуге  мүмкіндік
береді.

15

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу
жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей əсер ететін үдеріс болып табылады.

16

Re: "Дүниежүзі тарихы" және "құқық негіздер пәні бойынша"жаңартылған білім

Оқу материалын игеру,оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелеу