26

Re: жаңартылған бағдарлама бойынша "География" мен "Жаратылыстану"

Географиялықкарталармен жұмыс жүргізу барысында оқушыларға Ұлы Жібек жолымен жүріп өткен
керуендер, ежелгі қалалар мен қорғандар туралы тарихи деректерді зерделеуге
мүмкіндік беру арқылы тарих пәнімен тығыз байланыс орнатуға болады.

27

Re: жаңартылған бағдарлама бойынша "География" мен "Жаратылыстану"

Пәнаралық байланыс зерттеу жұмыстарын жүргізубарысында маңызды орын алады. Мәселелерді шешу қабілеті оқушылардың ғылыми
танымдық тұрғыдан ойлауды үйренуіне мүмкіндік береді. Олардың алдында
кішірейтілген үлгідегі танымдық үдеріс көрініс табады, оның логикалық құрылымы:
мәселені қою – болжамдар жасау – оны тәжірибе жүзінде тексеру – қорытындылар
(немесе жаңа мәселе). Оқушылар ғылыми білімнің қандай жолмен игерілетінін
көріп, дүниенің танымдық сипатына көз жеткізеді. Проблеманы шешуге арналған
тапсырмалар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамтып, білуге құмарлықты,
жаңа  нәрсені/ жаңалықты ашуға және оны негіздеугеынталандыруы керек.

28

Re: жаңартылған бағдарлама бойынша "География" мен "Жаратылыстану"

Мұндай тапсырмалар оқушыларды стандартты рәсімдердіқолданбай, белсенді оқуға ықпал ете отырып, шешімдерді іздестіруге және
өңдеуге, үлгілерді зерттеуге итермелейді.