26

Re: Бағалау критерийлері

Жобалау жұмысы Оқушы мұғаліммен зерттеу мәселесін, мақсатын  анықтап, зерттеу әдістемесін таңдайды, өз қызмектін жоспарлап, қорытынды шығарады, алынған нәтижелерді өз бетімен бағалай алады.

27

Re: Бағалау критерийлері

Ақпаратты өңдеу
  Оқушы барлық мәліметтерді жинақтап, жаза алады;  қажет болған жағдайда СИ жүйесіне келтіріп, сәйкестендіреді,мәліметтерді жүйелеп, сызбанұсқа түрінде және кесте түрінде жаза алады; нәтижені талдап,
  қорытынды жасайды

28

Re: Бағалау критерийлері

Тәжірибе жүргізу Оқушылар лабораториялық құралдарды дұрыс  пайдалана алады; байқаудағы және өлшеулердегі нәтижелерді дұрыс ала алады; техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

29

Re: Бағалау критерийлері

Критериалды  бағалаудың басты ерекшелігі —  алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы,  анық, айқындылығы,  бағаның әділдігі, баланың  өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Бұл тәсіл баланың күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін
анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына  дейін білімін жүйелейді. Қателіктерден сабақ алуды үйретеді.

30

Re: Бағалау критерийлері

Критериалды бағалаудыңфункциялары:
-        бақылау;
-        дамытушылық;
-        оқытушылық;
-        мотивациялық;
-        тәрбиелік;
-        диагностикалық.

31

Re: Бағалау критерийлері

Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, соныменқатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.