1

Тема: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Құрметті әріптестер! Педагогтердің желілік қауымдастығына қош келдіңіздер!

2

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми әдіснамалық негіздері аясында жүргізілген курста өзін-өзі тану мен басқа пәндер мен интеграциясы тақырыбында көптеген мәлімет алдық.Сонымен қоса өзін-өзі тану мен басқа пәндер мен интеграциялау аясында сабақ жоспарларын құруды меңгердік.5т ережені басшылыққа алу ала отырып өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспарларын құруды үйрендік.

3

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Курс барысында әлемде болып жатқан дағдарыстар туралы анықтама алдым. Орын алып жатқан дағдарыстарға тікелей адамзаттың қатысы бар екенін білдім. Өзін-өзі тану сабағын басқа пәндермен интеграциялау сабақты қызықты өткізетінін білдім. Өзін-өзі танудағы 5 құндылықты өз бойына сіңіріп, болашақ ұрпаққа осы құндылықтарды дарыта алатыныма сенімдімін!

4

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

"Өзін-өзі" тану оқулығы да, жұмыс дәптеріндегі берілген тапсырмаларда баланың тұрақты зейіні мен ойын жинақтауға, рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі қажетті жағдайды қалыптастыруға терең мән береді. Сабақ барысында оқушы жан-жақты ашылып, өзінің нәзік ішкі дүниесінің құндылығын көрсетуге тырысады. Өзін-өзі жеке тұлға ретінде сезінеді. Мұғалімнің басшылығымен білім алушының жеке тұлғасының дамуымен қатар оның рухани - құндылық қасиеттері де дами түседі. Білім алушылар шығармашылық жұмыстардың көптеген түрлерін пайдалану барысында, өздерінің шығармашылық қабілеттерімен бірге белсенділігін, өз бетінше ойлауын қалыптастырады. Сонымен қатар, әр бала өз пікірін еркін айтып, оны қорытындылап, нәтиже жасауға үйренеді, өз мүмкіндігін бағалауға тырысады. Осы сабақта үйренгенін әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану сабақтарында да пайдалануға бейімделеді. Сонымен қатар "Өзін-өзі" тану сабағы баланың іздену, зерттеу қабілеттерінің дамуына өз әсерін тигізеді. Сондай-ақ, білім алушылардың жан-жақты ойлауы, көз алдына елестетуі, қиялы жақсарады. Оқулықтың дидактикалық негізі ұлттық педагогикамен байланыса отырып, баланы мейрімділікке, сүйіспеншілікке, ізеттілікке, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Достыққа, адами қарым-қатынасқа баулиды. 

5

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

" Өзін- өзі" тану"пәнін оқытудың ғылыми- әдіснамалық негіздері" тақырыбында өтіп жатқан курс барысында рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы, заманауи  білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдері,"өзін- өзі" тану рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық- педагогикалық негіздері,"өзін-өзі" тану мен басқа пәндердің интеграциясы ,шынайы көшбасшының адамгершілік сипаты туралы таныстық.Әрбір дәрісіміз практикалық жұмыстармен, тренингтермен, сабақ жоспарын құрастыру,шығармашылық жұмыстармен, ұштасты. Жан- жақтан келіп,аз ғана уақыт ішінде бір ортада құйылып жауапкершілік танытқан әріптестеріммен танысқаныма өте қуаныштымын!Еңбекқор,өз ісінің маманы Рыскүл Жұмажанқызы бізді әр дәрісіңізбен нұрға бөледіңіз,рахмет сізге!

6

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Ақтау қаласы,Өрлеу базасында 05.08.2019-17.08.2019 аралығында  "Өзін өзі тану пәні" бойынша өтіліп жатқан курс жоғарғы деңгейде өтіп жатыр.Алғашқы күннен бастап тренеріміз Рысгүл Жұмажанқызы барлығын түсіндіріп,меңгертуде.

7

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Қыздар! Бүгін 10.30-да тест тапсырамыз. Барлығыңызға сәттілік тілеймін!

8

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Ақтау қаласында, "Өрлеу біліктілікті арттыру" орталығында 05.08-17.08.2019ж.аралығында Рысгүл Жұмажанқызы  "Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми әдіснамалық негіздері" тақырыбында курс жүргізуде. Курс өте жоғары деңгейде өтуде. Атап айтсам, рухани адамгершіліктің адам өміріндегі маңыздылығы туралы айтылған лекциялары өте ұнады. 
"Ой ексең - әрекет орасың, 
Әрекет ексең - әдет орасың. 
Әдет ексең - мінез-құлық орасың, 
Мінез - құлық ексең тағдырыңды орасың деп дәрістерінің бірінде айтып өткеніндей. Ойымызды реттеу арқылы, тағдырымыздың реттелетінін түсіндім АҒАЙЫН!

9

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Осы жылдың 5 шілде мен 17 шілде аралығында "Өзін-өзі тану пəні оқытудың ғылыми əдіснамалық негіздері"  атты екі апталық курс болып өтті. Алғашқы күні біз курс тыңдаушы əріптестермен танысып,тренингтер өткізіп өзін-өзі тану пəнінің мақсат міндеттерімен таныстық. Келесі күндері адами құндылықтар жайлы өттік жəне ұлы адамдардың өмірі мен дəйексөздерімен танысып болып,шығармашылық жұмыстармен айналысып,видеобейнелер көріп, аңыз əңгімелерді талдап жеке-жеке өз ойларымызбен бөлістік.Курстан сабақ берудің əдіс-тəсілдерін үйреніп, бұл сабақтың жүрекпен берілетін сабақ екенін түсіндік.Балалаларға мейірімділікпен сабаққа кіру мұғалімнің парызы екенін, оқушы өзін еркін жəне сенімділікпен шабыттана алатынын білдік. Өзін-өзі тану пəніне қазіргі кезде ерекше мəн берілуде, алдағы мектеп тəжірибемде оқып үйренгендерімді қолданып, сабақ барысында əдіс-тəсілдерді қолданамын деген ойдамын.

10

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Ақтау қаласы, "Өрлеу біліктілiктi арттыру ұлттық орталығы" 5.08-17.08.2019ж аралығындағы "Өзiн-өзі тану пәнiн оқытудың ғылыми әдіснамалық негіздері" тақырыбындағы курсқа қатысып көптеген мәліметтер алдым. Бұл курста дөңгелек үстел өткізілді , топпен жұмыстар және шығармашылық жұмыстар жасалды. 5Т ережесін үйрендік. Алғашқы күннен бастап, тренерiмiз Рысгул Жумажанкызы курс барысындағы тақырыптарды жоғары деңгейде түсіндірiп меңгерттi.

11

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Мен Тулешова Назира Қажымұханқызы,Ғ.Айдаров атындағы мектеп-лицейден келдім.Өрлеу біліктілікті арттыру орталығына өзін-өзі тану курсына  келдім.Кешегі сабағымыздан  өте керемет әсер алдым. Жалпы адамзаттық құндылықтар туралы тақырыпта  "Ақиқат " сөзіне өлең шығардық. Болашақта осы өзін-өзі тану курсынан үйренген көптеген жақсы дүниелерді ,тәжірибелерді шәкірттеріме үйретемін

12

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Мен 05.08.2019-17.08.2019 аралығында білім мазмұнын тереңдету, біліктілігімді арттыру мақсатында курстан өткен болатынмын. Курстан алған әсерім де, тәжірибем де мол болды. Курс барысында  жоспар құруды, сабақ мақсаттарын дұрыс анықтауды, әртүрлі қызықты әдіс-тәсілдерді сабақ барысында орынды қолдануды үйрендім. Болашақ педагогикалық қызметімде осы жинақтаған тәжірибемді барынша қолдануға тырысамын. Ерекше алғысымды тренеріміз Нұрова Рыскул Жұмажанқызна шексіз  алғыс білдіргім келеді, бізге барлығын жете түсіндіріп, қателескен жерімізде түзеп, өзінің мол тәжірибесімен бөлісіті.Барлығымыз ризамыз!

13

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Өзін-өзі тану пәнінің  оқытудың ғылыми әдіснамалық негіздері тақырыбында курстан өттік. Курс барысында көптеген тақырыптармен  таныстық. Білмеген  сұрақтарымызға жауап алдық.

14

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Өзін-өзі тану пәнән оқытудың ғылыми әдіснамалық негіздері курсына  қатысып жаныма рухани азық алдым. Курста рухани адамгершілік білімнің басымдылығы тақырыбында, дағдарыстардың шешілуіне әрбір адамның үлес қоса алатыны туралы мәлімет алдым. Рухани бай ұрпақ қана жарқын болашақ құра алады. Әр адамзат тіршілігіндегі ең маңызды нұрды өз бойындағы рухани әлемнен алады екен.Ал өзін-өзі тану пәні білім алушылардың өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталған пән.

15

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Ақтау қаласы "Өрлеу біліктілік арттыру ұлттық орталығы" 5.08-17.08.2019ж "Өзін-өзі тану пəнін оқытудың ғылыми əдіснамалық негіздері" тақырыбындағы курсқа қатыстым. Рысгул Жумажанқызы курсты өте жоғары деңгейде өткізді. Көптеген мəліметтер алдым.

16

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Мен Нурбердиханова Назгул  Тупкараган ауданы, Форт -Шевченко каласындагы Тупкараган гуманитарлык-техникалык колледжинде окытушысы болып кызмет аткарамын. "Озин -ози тану "пани колледждерде факультативтик сагат болып саналады. Бул курска катысу максатым осы панди практикалык жагынан уйрену. Бул курста " Озин -ози тану" рухани адамгершилик билим беру багдарламасынын психологиялык -педагогикалык негиздерин",  адам тулгасынын барлык аспектилерин,интеграция жане де " Озин -ози тану" сабактарындагы жагымды ойлаудын роли жане т.б такырыптармен таныс болдык. Курс барысында топпен бирге ан айту, олен шыгару жане де нурга болену секилди студенттеримизге керекти маглуматтарды алдык.

17

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Мен Тумышева Аксулу Ақтау қаласы N28 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімімін.«Өзін,-өзі тану пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері »тақырыбында өткен курс барысында «Рухани-адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы тақырыбын өткенде әлемде болып жатқан дағдарыстың болуы тікелей әр адамның өзінен басталатынын ұғындым.Сол сабақта «Шәкәрім Құдайбердіұлына хат» жаздық.Шәкәрім Құдайбердіұлы өз заманында мектепте ар-ұждан ілімін оқыту туралы пікір білдірген болса,бүгінгі таңда Шәкәрім атамыздың арманы орындалып,білім беру орындарының барлығында «Өзін-өзі тану»пәнін оқыту енгізілді.Курс барысында ізгілендірудің жаңа тәсілдемелерімен,психологиялық,-педагогикалық негіздерімен,«Өзін-өзі тану»пәні мен басқа пәндердің интеграциясы,жалпыадамзаттық құндылықтармен таныстық.Осы тақырыптар аясында эссе жаздық,тренингтер өткіздік,өлең шығарып,ән айттық.Курс әсерлі,тартымды өтті.Курсты қызықты өткізген Рыскүл Жұмажанқызына алғысым шексіз.

18

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Өзін-өзі тану пәнінін оқытудың ғылыми әдіснамалық негіздері курсына қатыстық. Курста рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі басымдылығы, қазіргі замандағы жаhандық мәселелерімен таныстық.Курста үйренгеніміз көп болдық. Өзіміз рухани байып қалдық. Нұрова Рысгул апай сабақ түсіндіруі өте жоғары деңгейде.

19

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Мен Өзбекбаева Рая Сражадинқызы.  "Осы өзін-өзі тану пәнін оқытудың үылыми әдіснамалық негіздері" курсында өзіме көптеген құнды деректер алдым. Адамның өмірге көзқарасын өзгертетін, жанына рухани күш беретін керемет курс. 5-Т ережесі мен 5 құндылықты өзімнің өміріме де , оқушыларыма да ұстанатын боламын. Рақмет көп көп!

20

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Сәлеметсіздер ме Мен Бейнеу ауданы Абай атындағы орта мектебінен келдім. "Өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдіснамалық негіздері" тренері Нұрова Рысгүл Жумажанқызының курсына келдім. Курста өзімізге жұмыс барысында қажетті тақырыптар өттік.Сонын ішінде "Дұрыс әрекет-өмір негізі", "Ақиқат өзін-өзі тану мақсаты" т.б, постер қорғадық, жоспар құруды үйрендік,тест тапсырдық

21

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Курс барысында рухани адамгершілік, адамзат құндылықтар, заманауи ғылымдағы рухани бастауларды жаңғырту мəселелері жайлы кеңінен түсінік алдым. Рысгуль Жұмажанқызына алғысым шексіз !

22

Re: "Өзін-өзі тану" пәні, тренер Нұрова Рысгүл Жұмажанқызы (5-17.08.19)

Мен Ильясова Меруерт Ильяскызы, Тупкараган ауданы, Форт-шевченко каласын жагы Е. Омирбаев мектебинде педагог - психолог кызметин а караймын. 05.08. 2019 жылы "Озин - ози тану панинин гылыми - адиснамалык негиздери" такырыбында курсымыз басталды. Курс бары сында Заманауи билим кенистигин изгилендирудин жана тасилдемелери, Озин, - ози тану мен баска пандердин интеграциясы, Шынайы кошбасшынын адамгершилик саласы жане Жалпыадамзаттык кундылыктар туралы такырыптармен таныс болдык.. Бул курстан алган тажирибелерим коп болды, озимнин бойыма бириншиден рухани байлык алдым. Алдагы уакытта окушыларыма уйрететиним коп болады деп ойлаймын. Курста озиме  жагымды конил куй алдык.