1

Тема: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Қысқа мерзімді сабақ жоспарлауда, саралау әдістерінің әрбір оқушыға мақсатқа жетуге қалай көмектесетіні көрсетілген бе?

2

Re: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің сабақты тиімді құрылымдауына көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктейді. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасайды.

3

Re: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Оқу мақсатын ашу үшін жоспарды саралап алу керек.Саралап оқытуда ұйымдастырудың негізгі шарты күрделілігі ,танымдық деңгейі ,мұғалім тарапынан берілетін көмектің сипаты жағынан ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады.

4

Re: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Қысқа мерзімді жоспар дайындау барысында мұғалім әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен нұсқауларды, материал мен әдіс-тәсілдерді іріктеп  қолдану үдерісі, оқушыларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.

5

Re: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Қысқа мерзімді сабақ жоспарлауда сабақ мақсатын анықтаған соң осы мақсатқа қол жеткізу барысында мұғалім сабақты қалай жоспарлау керектігін шешеді.Сабақ мақсатына жету үстінде мұғалім бірқатар белсенді оқу тəсілін қолдана алады.Сабақ барысында оқушылардың жеке ерекшеліктерімен қажеттіліктерін ескеру үшін оқу үдерісін ұйымдастыруда мұғалімнің табыстылығы оқушылардың оқу үлгеріміне оң əсерін тигізу үшін мұғалім іштей саралау жұмыстарын жүргізеді.Оны қысқа мерзімді жоспардың құрылымында жазып қою шарт емес.

6

Re: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің шығармашылық шеберлігін қажет етеді. Оқыту мақсаты нақты, айқын болғанда ғана оқушы бойында қалыптасады. Оны оқушыларға жеткізу үшін белсенді оқу әдіс тәсілдері қолданылады. Таңдалған әдіс тәсілдер оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, білім деңгейлеріне қарай алынады. Оқу үлгеріміне оң ықпалын тигізу үшін мұғалім өзінше саралау жұмысын жүргізеді.

7

Re: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Сабақтың әр кезінде саралап оқыту өте ұтымды нәтижелі әдіс.Әр түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу,қандай деңгейде болса да қарым-қатынас жасай білу,қажет жерде өз көз-қарасын өзгерту, топ алдына шығып өз тұжырымын айта білу, ойын қорғай білу қабілетін дамытады
.Ендеше әрбір мұғалім қысқа мерзімді жоспарлауда сабақ мақсатын анықтаған соң ,осы мақсатқа қол жеткізуде қалай жоспарлау керектегін саралап,тапсырмалар деңгейін дайындайды.Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілмеген ,бірақ  рефлексия жасағанда мұғалім Мен жоспарлаған саралау шаралары қаншалықты тиімді болды деп өзіне рефлексия жасай алады

8

Re: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Саралап оқытуды ұйымдастырудың негізгі шарты күрделілігі, танымдық деңгейі, мұғалім тарапынан берілетін көмектің сипаты жағынан ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады.

9

Re: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Саралап оқыту үшін және нетижесі биік дәрежеде болуы үшін, көркем әдебиет мәтінін оқып меңгеру үшін оқушылардың оқырмандық қызығушылығын ояту маңызды болып табылады.

10

Re: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Cаралап оқыту тәсілі  оқу үдерісін оқушылардың әр түрлі топтарына арнайы бағдарлауды, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында түрлі топтар үшін әр түрлі нысанда ұйымдастыруды көздейді. Көркем әдеби шығармаларды  талдау барысында көркем шығарманың сюжеттік негізін, сюжет пен фабуланың  мәндерінің үйлесуін немесе үйлеспеуін танып білу,  көркем шығарма кейіпкерлерінің мінездемелеріне жүйелік салыстыру, өзара байланысын  анықтау, шығармадағы сипаттамалардың, диалогтердің  монологтердің  автор бейнесінің рөлдерін анықтау, лирикалық шығарманың  және поэззиялық туындылардың  көңіл-күйін  анықтау т.с. болып табылады.

11

Re: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Қысқа мерзімді жоспарды дайындау барысында  мұғалім оқушыларлыңоқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тəсіліне ерекше назар ауларғаны жөн.Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің  сабақты тиімді құрылымдарына көмектеседі.

12

Re: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Кыска мерзімді сабак жоспарлау барысында мугалім окушылардын жеке кажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеріп, саралап окыту тасіліне ерекше назар аударганы жон.Ар сабактан кейін мугалім окушылар менгере алмаган немесе тусінбеген жерлерін аныктау максатында сабакты талдап, рефлексия жасайды.

13

Re: Сабақ жоспарлауда саралау тапсырмалары көрсетілген бе?

Бүгін курстың басталғанына бесінші күн.Осы күн аралығында өзін-өзі тану дан  көптеген маліметтермен таныстым."Өзін-өзі тану мен басқа пәндердің интеграциясы " тақырыбында топқа бөлініп постер қорғадық.Біздің топқа ағаштың өзін-өзі танумен интеграциясын жасап қорғадық.Шынайы көшбасшының адамгершілік сапасы тақырыбында "менің шынайы көшбасшым" тақырыбында эссе жаздық. "Өзін-өзі тану" пәнінің құрылымдық - мазмұндық және әдістемелік аспектілері" тақырыбында жоспар құруды үйрендік. "Өзін-өзі тану рухани адамгершілік бағдарламасының тарихи негіздері"  тақырыпта презентация жасадық.