26

Re: Тілдік дағдылар

Айтылым дағдысында – тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейіне бағытталады. 
     Оқылымның мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әр түрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы.Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады: түсініп оқу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау,негізгі аргументті анықтап,дәлелдеу; 
     Жазылым әдісі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: тақырыпты аша білуі, грамматикалық сауаттылығы, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеуі, қорытынды шешім шығарып,өз көзқарасын дәлелдеуі; 
     Тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады;

27

Re: Тілдік дағдылар

Тілді оқытуды оқу бағларламасының басқа салалармен байланыстырудың артықшылығы,оқушының  жан-жақты ойлау қабілеті мен сауаттылығы артады.

28

Re: Тілдік дағдылар

Пəнаралық байланысты нығайту арқылы білім сапасы арттыру

29

Re: Тілдік дағдылар

Қосымша ақпаратпен таныс болады, жан-жақты мағлұмат алады.

30

Re: Тілдік дағдылар

Тыңдалымның мақсаты оқушыны: аудиожазбаның мазмұнын түсінуге, белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды толық түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық құрылмаған сөйлеу тілін өзге адамдардың көмегінсіз түсінуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадиобағдарламаларды еркін, түсініп қабылдауға, таныс және бейтаныс тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге, т.б. үйрету.

31

Re: Тілдік дағдылар

Тілдік дағдылар арқылы ынтымақтастыққа үйренеді, жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді, өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді, өзіне-өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді, бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.