1

Тема: Критериалды бағалау

Критериалды бағалауды енгізу қажеттілігі

2

Re: Критериалды бағалау

Оқушыға критериалды бағалауда өзінің жұмысын жəне достарының жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.

3

Re: Критериалды бағалау

Өткізілген бағалаудағы нəтіжені тиімді қолдану қажеттілігі ескеріледі

4

Re: Критериалды бағалау

Критериалды бағалау оқыту мақсатына бағытталады. Тапсырманы орындауда аса мұқияттықты қажет етеді және тапсырманы орындауда  нақты талаптар көрсетіледі.

5

Re: Критериалды бағалау

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардыңбілімін критериалды   бағалау
 ШҚО, Бородулихаауданыныңқазақ тілі және әдебиет мұғалімі – Бохаева АнаргульСагатбековна; Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнынасәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші
болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық
қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін
салыстыруға негізделген процесс.Халықаралық тұрғыдан оқу маңыздылығының және оныңнәтижелерін өлшеудің қажеттілігінің мойындалғанына қарамастан тиімді бағалау
жүйесі бар мемлекеттер көп емес [Кларк, 2011]. Бұл елдердің (Ұлыбритания,
Сингапур, Финляндия, Канада және т.б.) бағалау механизмдерінде елеулі
айырмашылықтар бар, дегенмен олардың жетістіктіктерін қамтамасыз ететін ортақ
тұжырымдамалық тәсілдемелер қатары анықталады:- бағалау критерийлерге негізделеді;- бағалау оқу барысындағы үздіксіз мәліметтерді жинауды қарастырады; - бағалау нәтижелері оқытуды түзету, оқушыларды ынталандыру, баға қою, есепберуге дайындалу, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жетілдіру, басқарушылық
шешімдерді қабылдау үшін қолданылады.Жаңа жүйені қалыптастыру кезінде біз төмендегідей негізгібасымдықтарды бағдарға алдық: Біріншіден, оқушылар үшін оқу үдерісінің құндылығына қолжеткізу, яғни, оқу баға алу үшін емес, білім мен дағдыны меңгеруге бағытталуы
тиіс.Екіншіден, үлгерімі төмен оқушылардың, психикалықдамуында тежелуі бар балалардың саны азаяды; оқушылардың бұрын алған
нәтижелеріне қарамастан жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндіктері болады.
Олай болса,оқушы бір қанағаттанарлықсыз баға алғандықтан жақсы тоқсандық бағаға
үміттене алмайтын жағдайлар туындамайды. Үшіншіден, объективтілікке қол жеткізу – бұл бірыңғайталаптар, бағалау критерийлері және сапалы бағалау құралдары бар жүйе. Баға
балаларға оқуды дамытуға және жоғары көрсеткіштерге жетуге көмектесуі қажет. Ол
үшін оқушылар баға қалай және не үшін қойылатынын, қандай критерийлер қолданылатынын
түсінуі керек. Сыныптағы тиімді бағалау балаларға еңбексүйгіштік, әділдік,
адалдық, жауапкершілік, өзін-өзі реттеу және т.б. сияқты дұрыс қасиеттерді
дарытады. Төртіншіден, баға мемлекеттік органдарды дер кезіндебілім беру қызметі сапасының жағдайы туралы, білім беру бағдарламаларын қалай
дамыту, педагогтерді кәсіби тұрғыда қалай және неге дайындау керектігі туралы
ақпараттандырып отырады.Оқу үрдісінде оқушылардың білімін критериалды бағалауүшін, әрбір сабақтың басында оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстырып, олармен
бірге талқылап, келісемін. −      бағалаукритерийлері оқушылардың оқу мақсаттарына жетуі үшін  бағытталады; −оқушыларды өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауүрдісіне қатыстырады; −оқушылардың келесі қадамдарын анықтау үшін керібайланысты қамтамасыз етеді; −әр оқушының жақсы жетістіктерге жетуіне болатындайсенімділігін шыңдайды; −мұғалімдер меноқушыларды бағалау мәліметтерін қарастыружәне рефлексиялау үдерісіне қатыстырады.         Қалыптастырушы бағалау керібайланыспен тығыз, біртұтас бөлінбейтін үдеріс. 
Тиімді оқу» бағдарламасында «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс метафорасы
оқушының оқу сапасын жақсартуда кері байланыстың маңыздылығы атап көрсетілген.         Сабақта мақсатқа жету үшінкері байланысты пайдалану  өте тиімді.         Мысалы, кері байланыс «Миғашабуыл» оқушылардың өткен сабақта алған білімдерінің деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақтың басында «Таяқ тастау», «Асық ату»,
«Сақина тастамақ» және т.б. ұлттық ойындарды кірістіре отырып, кері байланысты
қызықты да тиімді етіп өткізуге тырысамын.            Жоғары сыныпта сабақтықызықты және тартымды етіп өткізу үшін, көбінесе қазақ тілі мен әдебиеті пәнін
Қазақстан тарихы сабағымен кіріктіріп өткізу өте қолайлы.Мұғалім үшін қалыптастырушы бағалаудың негізгі мақсатыоқыту мен оқуды жетілдіру болып табылады. Күнделікті сабақта қалыптастырушы
бағалау арқылы оқушылардың белгілі бір тақырыпты меңгеру кезінде кездесетін
қиындықтарын анықтап, оқушылармен бірге оны шешудің жолдарын қарастырамыз және сабақты
зерттейміз.  Қолданылған әдебиеттер: smk.edu.kz сайты