1

Тема: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту технологиясының білім беру жүйесіндегі маңызын түсіндіріп өтсеңіздер

2

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі.

3

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

4

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту бірнеше сатыдан тұрады: проблемалық жағдайды аңғару, жағдайды талдау негізінде проблеманы тұжырымдау, болжаулар ұсынуды, оларды алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау актісінің үш фазасымен ұқсастық бойынша өрістейді (С.Л. Рубинштейн бойынша), ол проблемалық жағдайда пайда болып, проблеманы аңғаруды, оны шешуді және соңғы ой тұжырымын қамтиды.

5

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
·Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
·Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
·Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;

6

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау. Міндеттер: мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.

7

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту — мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.

8

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2.Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу. 
4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

9

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Қазіргі  заманғы  білім  берудің  басты  мақсаты-мамандарды  әлемді шығармашылық  тұрғыдан  өзгертудің  әдістемесімен  қаруландыру.  Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы 
ретінде  проблемалық  оқыту  жүйесі  ұсынылуы  заңды  құбылыс.  Проблемалық оқытудың күшті жақтары:  
- оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;  
- оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;  
- берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді;  
- оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді.

10

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық  оқытудың  артықшылығы:  зейіннің  дамуына  мүмкінщілік жасайды, байқампаздықты танытады, оқушының танымдық іскерлігін белсенді 
дамытады,  жауаптылық,  сыншылдық,  өзін  сынау,  бастамашылдық  және  өзіне баға  беру  әрекетін  дамытады.

11

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқытуда -тапсырмаларда  проблема  қою  міндет емес, проблеманы шешу міндеті  тұр. 
Тапсырмалар оса бағытта беріліп, олар дербес  ізденіс,  зерттеушілік  еңбекті талап етеді. 
Жауабы оқулықтарда, мұғалім түсінігінде бар .Дайын  жауабы  жоқ.  Проблемалық ситуацияны  шешуді  қажет  ететін 
тапсырмалар .Оқушы-обьект Оқушы- субъект. Ол белсенді -тұлға. Орындаушы,  жауап  беруші,  дайынды 
қайталап айтушы Білімді  өз  ізденісімен  алушы  және зерттеуші. «Жаңалық»  ашу,  жаңа  өнім  жасау міндетті емес 
Жеке  тұлғаны  дамытуға,  ғылыми  – ізденіске  жетелейтін  шығармашылық бағыттағы тапсырмалар.

12

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық  оқытудың  жаңа  әдістері  мен  түрлері:  іскерлік  ойындар, баяндамалар  мен  ақпараттық  хабарлар,  кері  байланысты  дәрістер,  дәріс  – диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, пікірталас, ұжымдық танымдық оқу және тағы  басқалар.  Сонымен  проблемалық  оқыту  оқушының танымдық  көкжиегін кеңейтеді,  шығармашылық  белсенділігін  арттырады,  білім  игеру  қарқынын 
тездетеді, тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді, оқуға  деген  ынта-ықыласын  оятады.  Ерекшелігі  мұғалім  білімді  дайын  түрде 
баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

13

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық  оқытудың  негізгі  ерекшелігі  оқушының  білетіні  мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалы міндетті шешуге  дайын  тәсіл  болмағандықтан,  проблемалы  жағдаят  пайда  болады, 
осыған  орай,  оқушының  ізденушілік  әрекеті  мен  ынтасы  күшейе  түседі.

14

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық  оқыту  технологиясы мұғалім  басшылығында  өтетін  оқушылардың  оқу  міндеттерін  шешуге 
орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу 
ізденістері  барысында  оқушыларда  жаңа  білім,  ептілік  және  дағдылар 
қалыптасып,  қабілеттері,  танымдық  белсенділігі,  қызығуы,  ой-өрісі, 
шығармашыл  ойы  және  басқа  да  тұлғалық  маңызды  сапалары  дамиды

15

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту технологиясында  стандартқа  ай баланың рөлі, қарым – қатынас стилі өзгереді. Өз іс – әрекетін бақылап, бағалай алатын  оқу процесінің  белсенді, ойшыл, ізденімпаз қатысушысын тәрбиелейді

16

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Менің проблемалық және кейс әдісімен оқытудағы мақсатым – оқушыға ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгертіп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолын меңгерту, таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Осы әдістер арқылы оқу мен оқытуда оқушылардың ойлау, талдау, қорытындылау, ізденіс әрекеті, проблемалық ситуация мен танымдық қызығушылығын іске асырамын.Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін оқушыларға проблемалық сұрақтар ұсынамын. Проблемалық сұрақтың жауабын оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Проблемалық және кейс әдісімен оқыту барысында оқушы ойына дұрыс бағдар жасап, жауап табу әдістерін үйренеді.

17

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Балалармен жұмыс жүргізу барысында проблемалық  жағдайды  енгізу  әдісі :

  • Балаларды проблемалық сұрақтарды қою арқылы салыстыра білуге, қорытынды жасай білуге, талдай  білуге  үйрету.

  • Әртүрлі жағдайда кездесетін қандай да бір проблемалардың шешімін  қарастыру.

  • Проблемалық жағдайдағы қарама – қайшылықты жасау.

  • Балалардың практикалық іс әрекетіндегі қарама – қайшылықты ұйымдастыру

  • Балаларға сұрақ-жауап,ойын,логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар арқылы проблема тудырып, шешімін табуға ұмтылдыру.

18

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

19

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқыту əдісі негізінен екі функциясы: 
1. Ақыл-ой ізденісінің бағытын анықтау, яғни оқушылардың проблемаларды шешудіңамалдарын іздестіруі.
2.Оқушының жаңа білімді меңгерудегі танымдық қабілетін дамыту, оқу əрекеті белседілігін қалыптастыру.

20

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
·Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
·Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
·Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
·Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
·Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
·Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

21 (2020-02-25 12:42:56 отредактировано Нургайша Елемесовна)

Re: Проблемалық оқыту технологиясы

Проблемалы оқыту технологиясы бұл роблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. 
Проблемалық оқытудың жалпы міндеттері:
- оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызмет тәсілдерін меңгеру;
- танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамыту.