201

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Әріптестер ашып қарап оқып отырсам, не деген дана, керемет сөздер маржандай тізілген. Рахмет сіздерге! Сіздерге алланың нұры жаусын. 

202

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Ар ма өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған!
Әлем-дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.
Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!
                                                        Мұқағали Мақатаев

203

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Барлығыңызға қайырлы түн!  

204

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы таң! Барлықтарыңызға нұр жібердім, әлемде барлық адам бақытты болса екен!

205

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Кептербаева Айгуль пишет:

Амонашвилиді тереңірек танығандаймын, біз көп нәрсеге мән бермеген екенбіз. Менің ойымша, бұл әкеміздің жан - дүниесі өте бай адам, тегін адам күлкінің құпиясын қайдан біледі?!

Сәлеметсіз бе? Ия, бейнематериалдарды толық көрсеңіздер бұдан да үлкен әсер аласыздар, ал дәрісіне қатысу тіпті керемет!

206

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Құрметті, үздіктер!Бүгінгі күндеріңізге тыныштық, сәттілік тілеймін!

207

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы таң әріптестер

208

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Үздіктер! Өткен күндер- бақытымыз,
                Келер күн-шаттыққа толы болсын!

209

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы тан! Үздіктер!Бүгінгі күндеріңізге  сәттілік тілеймін!

210

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Адамның басшысы - ақыл, жетекшісі - талап, шолғыншысы - ой, жолдасы - кәсіп, қорғаны - сабыр, қорғаушысы - мінез.                                                                                                                                                         Би-шешендер

211

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Қай істің болмасын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ол үшін ниет, күш, тәртіп керек" - деп Мұхтар Әуезов айтқандай күшіміз арта бесін, ниетіміз жақсы әрекеттерге жетелей берсін және де жасаған жұмысымыз жемісін бере берсін, әріптестер! Бүгінгі күн сәтті болсын!

212

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы таң әріптестер!
Сіздердің жазған ойларыңызды оқып, өміріме біраз азық жинағандаймын...
Әр-бір істеріңізге сәттілік тілеймін

213

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Өзін - өзі тану" пәнінің руханиадамгершілік, танымдылық білім беру бағдарламасының орны ерекше."Өзін - өзі танудың" басқа пәндерден ерекшелігі- бұл пән баланы намысшылдыққа, адалдыққа, айналадағы адамдармен ашық қарым - қатынаста болуға тәрбиелейді.

214

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ұлы бабамыз А.Байтұрсынов "Біз әрқашанда білімге үмтыламыз.Негізінде ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек.Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет.Міне адам!міне түлға!"- деген асыл сөзі кәзіргі заманда да өзекті мәселе деп білемін.

215

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ұлы гуманист Конфуций "Даналыққа үш түрлі жолмен жетеміз,ең ізгі жол -санамен саралау,ең оңай жол - еліктеу,ең қиын жол - тәжірибеден тәлім алу"демекші, рухани адамгершілік білім берудегі ең ізгі жол сананы тазартып,эмоциямызды басқара отырып, интуициямыздың жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп,жоғарғы санадан келетін саналы ойларды тәжірибеміз арқылы іске асырайық.

216

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Айтар болса, әр ойынды қадап айт,
Бір сөзіңді мың толғамға балап айт, 
  Әр сауалың асыл болсын жасындай,
  Ауыр тисін диірменнің тасындай.
                        Жүсіп Баласағұн

217

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Галия Райымбекова пишет:

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Ар ма өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған!
Әлем-дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар.
Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!
                                                        Мұқағали Мақатаев

Өлең 86400 секунд туралы мысалды есіме түсірді.
Банкте есеп-шотың бар делік. Сол шотыңа күн сайын таңертең 86400 доллар түседі және түскен ақшаны сол күні кешке дейін тиімді жұмсап бітіруің қажет. Бір шарты тағы бар: ол ақшаны басқа банкке аудару мүмкін емес және түгесілмеген жағдайда шоттағы сома келесі күні нөлге айналады. Ал енді не істейсің? Әрине, әйтеуір сол ақшаны не болса да жұмсауға, өз игілігіңе пайдалануға тырысасың.
Бір сөткеде 86400 секунд бар. Мінеки, барлығымыз да “Уақыт” атты банкінің тұтынушыларымыз.
Сондықтан, әр секундта адамдарға жақсылық тілеп, қолдан келгенше көмектесіп, ой арқылы сүйіспенішілігімізді жер бетіндегі барлық адамдардың жүрегіне жеткізіп, алтын уақыттың қадірін білейік.

218

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны іледі
Егер баланы міней берсең, ол сынауды, кінә тағуды үйренеді.
Егер баланы кемсіте берсең, қысылып ұялуды үйренеді.
Егер бала дүрдараз ортада өссе, бұзақылықты үйренеді.
Егер баланы үнемі ұялта берсең, ол үнемі өзін кінәлі сезінетін болады.
Егер бала ақ пейілді ортада өссе, сабырлы болуды үйренеді.
Егер баланы қолдай жүрсең, өзіне сенімді болуды үйренеді.
Егер баланы дәріптей жүрсең, алғыс білдіруді үйренеді.
Егер бала өз пікіріне құрмет көрсетілгенін көрсе, әділетті болуды үйренеді.
Егер балаға сеніммен қарасаң, адамға сенімі молая түседі.
Егер баланы мақұлдап, жасағанына оң баға беріп өсірсең, өзін сүйіп өседі.
Егер бала отбасы ішінде қолдау мен достық көрсе, өмірде бақытты болуды үйренеді.
Қысқасы, біз қандай болсақ, балаларымыз сондай болады.

219

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Кулжанбекова.А.Н пишет:

Айтар болса, әр ойынды қадап айт,
Бір сөзіңді мың толғамға балап айт, 
  Әр сауалың асыл болсын жасындай,
  Ауыр тисін диірменнің тасындай.
                        Жүсіп Баласағұн

Сәлеметсіз бе? Дұрыс әрекет жасау керектігін нұсқап тұр.

220

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Гульнара жарайсыз, репутацияны жақсы орындап жатырсыз! Рахмет!

221

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Шаймардан Ариуна пишет:

Ұлы гуманист Конфуций "Даналыққа үш түрлі жолмен жетеміз,ең ізгі жол -санамен саралау,ең оңай жол - еліктеу,ең қиын жол - тәжірибеден тәлім алу"демекші, рухани адамгершілік білім берудегі ең ізгі жол сананы тазартып,эмоциямызды басқара отырып, интуициямыздың жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп,жоғарғы санадан келетін саналы ойларды тәжірибеміз арқылы іске асырайық.

Ариуна, терең ойыңыз үшін рахмет! Сыртқы дүние - адамның ішкі дүниесінің айнасы ғой. Сондықтан, сананы тазалау маңызды.

222

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Дидар Бериковна сәлеметсіз бе?  Ой бөліскеніңізге рахмет.

223

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

арай пишет:

Қайырлы таң әріптестер!
Сіздердің жазған ойларыңызды оқып, өміріме біраз азық жинағандаймын...
Әр-бір істеріңізге сәттілік тілеймін

Сәлеметсіз бе? Көп-көп рахмет! Сіздің де терең ойларыңыз көп еді ғой, күтеміз. Жақсылықты көп айтсақ, жамандық әлсірейді.

224

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ә.Тәжібаев

Өзіңне сен,өзіңнің күшіңе сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысың да сыйлайды,жақының да,
Өзіңді-өзің төменге түсірмесең.  
             Осы бастаған ісімізді аяғына дейін, жұмылып ауыз біршілікпен біріге жеткізсек ,бізге дәріс оқыған Дидар Бериковнаның бізге деген еңбегінің  жанғаны.

225

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

“Қалай десек те,ең мықты, табиғи мектеп-отбасы”
                                                                              М.Арын