376

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Отбасындағыжылылықпенмейірімдіешнәрсемен-басқажерлерде жүзесеартықматериалдықжағдайжасалсадаалмастырумүмкінемес.Отбасыныңбірлігіұрпақтәрбиесінде өтеқажет.Бұл- өтеқымбатұлттыққұндылық.

377

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Отбасындағы жылылық пен мейірімді ешнәрсемен-басқа жерлерде жүзесе артық материалдық жағдай жасалсада  алмастыру мүмкін емес.Отбасының бірлігі ұрпақ тәрбиесінде өтеқажет.Бұл- өтеқымбат ұлттық құндылық.

378

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Адам баласының  өмірде бақытты боламын деген құлшынысы дұрыс. Алайда жолында кезіккен қиындықтардың бәрін бақытсыздық деп қабылдауға болмайды. Бақыт қиындық пен тапшылықтың болмаған жерінде емес, барлық қиындықтарға қарамастан жүрегімізде жарастық таба білуде. Әрдайым ақиқатты тани біліп, ішкі тыныштығымызды сақтап, дұрыс әрекет жасап жүрсек сол біз аңсаған бақыттың ауылы алыс болмас.

379

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсатруға ықпал ететін бірден- бір қасиеттер.

380

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ұзақ жолдағы ізденісімізді, жиған тергенімізді, тәжірбиеміз бен біліктілігімізді шәкірт санасына жеткізе біліу міндетіміз деп білеміз.

381

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. 
                                                                                                                                            В.А.Сухомлинский

382

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Галия Райымбекова пишет:

Нұр беруші әріптестер! Қалдарыңыз қалай? Бастап жатқан жұмыстарыңыз сәтті өтсін.

Рахмет!

383

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл- әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
                                                                                                                                         Я.А.Коменский

384

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ұстаз оқушыны білім нәрімен сусындатушы. Болашақ өміріне бағыт, бағдар беруші. Келешегіне ықпал ететін жол сілтеуші. Ендеше сол бағытты дұрыс бере алсақ нұр үстіне нұр болар еді. Айтқым келгені шәкірт бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыта білсек. Өмірде наның табудың жолдарын  ғана емес, нанның қасиетін түсіндіре білу.

385

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Оқу, білім- жанған шырақ ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең, қалмасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қуанарсың, тоймасаң.
                                          Ж. Аймауытов

386

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Сіздерден алдыңғы сұраққа жауап күтемін

387

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға - демекші үйренейік жиренейік ең бастысы болашақ жастарымызға рухани адамгершілігі мол жан болуға , өзін-өзі тануға  жол ашайық.

388

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Білім алутек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет 
                                                                                             
  Я. А.Коменский

389

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қуан жаным, өмір барда,
            Ғұмыр барда, арман барда,
            Талпын биік тұғырларға, 
            Бөлене бер абройға. 
                           Күләш Ахметова
Құрметті Әріптестер! Әр бастаған істерінізге сәттілік тілеймін!

390

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Біреудің куанышын өзіңнің куанышындай шаттана білу -- жан емі , тазалығыңның дәлелі"
                                                         С. Оспанұлы.

391

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.

392

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы кеш, әріптестер! Жұмыстарыңыз қалай жүріп жатыр? Баршаңызға сәттілік тілеймін.

393

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бастаған істеріңіз әркез сәттілік әкелсін.Амандықпен жүздесіп, практикадағы жинақтаған ой- пікірімізбен бөлісейік.

394

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы кеш әріптестер

395

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Өзін-өзі тану"пәнінен сабақ беру- сыры терең, жұмбақ, қаусар бұлаққа барар жол екнін түсіндім. Бүгінгі күнде оқушыларға жан қажеттілігі мен қызыгушылығына көніл аударуды күшейтіп, білім мен өмір сүруді әсем үйлесімдікке келтіргенде ғана  оқушылар үшін мектеп рухани  ошағына айналатыны сөзсіз.

396

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Істеріңізге сәттілік тілеймін. Сіздер рухани-терең ойларды тәжірибемен, өмірмен терең байланыстыра алатыныңыздарға сенімдімін!

397

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

арай пишет:

Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.

Жан сұлулығы барлық адамдарда бар, бірақ оны өзінің істерімен көрсету, өзгелердің жан сұлулығын көре білу барлық адамда байқалмайды. Дидар Какенова

398

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Мысалы Сызу пәні "Геометриялық фигуралар"тақырыбың өту барысында "шаршы","үшбұрыш", тіктөртбұрыш" т.б. - фигуралардың пішіні әртүрлі болғанымен бәрін бір сөзбен "көпбұрыштар" дейміз. Ендеше, бізде осы көпбұрыштар секілді дініміз, тәніміз, әртүрлі болғанымен рухымыз бірдей біз АДАМБЫЗ. Мәңгілік құңдылықтар білім беру ошағына айналу керек. қорыта айтқанда, біз оқытатың нәрселеріміздің барлығының біртүтас екендігін көрсетуіміз керек- деп білемін. Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті әріптестер?
Менде ертен тест, нұр жібергендерінізге көп рахмет!!!

399

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Дидар Бериковна пишет:

Әріптестер, барлықтарыңыз тамаша ойларды жаздыңыздар. Осы ойларыңызды өзін-өзі тану және өзіңіз оқытатын басқа пәндерде қалай пайдаланар едіңіздер? Идеяларыңызды бір-екі сөйлеммен жазып жіберсеңіздер.

Сәлеметсіздерме, әріптестер! Бұл жазылған ойларды, мағынасы терең пікірлерді, үлгі болар оқиғаларды біз әрбір басымыздан өткен жағдайда, өзімізді де рухани дұрыс жолға салуда сонымен қатар мотивация ретінде пайдалана аламыз. Өзін-өзі тану пәнінде бұл өте пайдалы кеңестер болып табылатынын білеміз. Бірақ басқа пәндерде бұл пікірлердің ,цитаталардың үлкен мәнге ие екенін білгеніміз жөн. 
Мен өзін-өзі тану сабағынан басқа, музыка пәнінен де дәріс беремін және сабақ барысында дәл оысндай нақыл сөздерді жиі қолданамын. Өзін-өзі тану пәні адамды, тұлғаны тануға арналғандықтан барлық сабақтармен де ұштасып жатыр деген пікірдемін.

400 (2015-11-19 18:57:19 отредактировано Айнаш Батталова)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Үлгерімі төмен, отбасында қиындықтары бар оқушылар сырт көзге тұйық, өмірге қызығушылығы аз болып келеді. Барлығымыз білетіндей, өзін-өзі тану пәні рухани құндылықтарды дәріптеп, адамға бұл өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Ал ұстаздар, яғни, біз де осындай көмекке зәру  оқушыларға қол ұшын созып, осындай жауапкершілікті мойнымызға ала аламыз ба? 
Егер алатын болсақ, қалай көмектессек болады?