1

Тема: ҚМЖ 1класс Дауыссыз дыбыстар.Түйе.Бота

[table]
 
  Пәні   
 
  Сауат ашу 
 
  Класс                            
 
  Күні                           22.01.2014ж 


 
  Тақырып  
 
  Дауыссыз дыбыстар. Түйе. Бота. 


 
  Сабақтың  мақсаты 
 
  Дыбыстардың ішінен дауыссыз дыбыстарды танып, ажырата білуге, өлеңді  түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.   Өзінің де, өзгенің де пікірлеріне сыни тұрғыдан қарай отырып, ойлауын  дамыту және тұжырымды ой айтуға,   топпен жұмыс жасауға үйрету; Жас ерекшеліктерін ескере отырып,  тапсырмаларды іріктеп беру арқылы   топтық жұмысқа дағдыландыру; 


 
  Күтілетін  нәтиже 
 
   Жануарларға қамқор болатын, бағалай  білетін азамат қалыптасады; Тапсырмаларды орындау арқылы сыни ойлауға   және өзін-өзі бағалауға үйренеді; Өзгенің пікірін құрметтеуге және  қорытынды ой айтуға үйренеді;   Ғаламторды пайдаланып, мәлімет жинақтауға үйренеді;   


 
  Кезеңдері 
 
  Мұғалім  әрекеті 
 
  Оқушы  әрекеті 
 
  Ресурстар 


 
  Қызығушылын  ояту 
 
  -Ұйымдастыру бөлімі"Шырылдады қоңырау"  -Амандасу"Сәлем-Привет-Hello"  -Жағымды атмосфера қалыптастыру  -Психологиялық тренинг жаттығу өткізу  -"Мен саған ...тілеймін"  -Таңдаған түсті қағаздағы төрт түліктің төлдерінің аттары арқылы топқа  бөлу. "Қозы-лақ,бұзау,бота,құлын" сөздері  -Марапаттау 
 
        -Амандасады  -Ынтымақтастық қатынас қалыптастырады  -Мыс: "Мен саған денсаулық тілеймін" т.с.с.   -Төлдердің аттарын табу арқылы топқа бөлінеді: құлын,бота,бұзау, қозы-лақ;  -"От шашуды" орындайды; 
 
     Слайд /суреттер/  Төлдердің суреттері  -Әр топтың қай мүшесі жауап беретіндігі белгісі ауысып тұрады.  -Бағалау смайликтермен жүзеге асырылады. 


 
  Мағынаны  тану 
 
  - "Сиқырлы сұрақтарына" жауап берейік  -Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? Дыбыс немен таңбаланып жазылады?Сөз  нелерден құралады? Сөйлем неден құралады? Сөйлемдегі сөздер өзара байланыса
  ма? Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады? Сөйлем аяқталған
  соң қандай тыныс белгісі қойылады?  -Төлін табайық. Пірін атайық.  -"Венн диаграммасы"  -Бейнеролик "Төрт түлік"  -"Миға шабуыл"  -Не көрдік?  -Төрт түлік туралы не білеміз?  -"Төрт түлік" сөзіне ассоциация құру,пысықтау.  қой-қозы         ешкі-лақ                      түйе-бота                                               
   
   
   
   
   
   
   
       
       
   
   
   
 
    
               сиыр-бұзау                   жылқы-құлын  -Оқулықпен жұмыс  20-жаттығу.  -Төлдерді қалай шақырады?  Сөйлемдерді оқимыз.  4-топқа бір-бірден сөйлемдерді көшіріп жаздыру. Дауыссыз дыбыс әріптерін таптыру.  -"Үй жануарларының дыбыстарын тыңдайық"  21-жаттығу.  "Өз жұбыңды тап" ойыны.  -Бүгінгі өтетін өлеңдеріміз "Түйе.Бота"  -Түйе туралы не білеміз?  Түйенің дене тұрқы ірі, оның салмағы 700-800 кг  мойыны иір және ұзын. Құрғақ далалы, шөлейтті аймақта тіршілік етуге
  бейімделген.Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.  Түйенің  терісінен аяқ киім тігеді,таспа, қайыс жасаған,ер қаптайды. Жүнінен жылы
  киімдер тоқылды.Көрпеге салады.Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді.Түйенің
  бірнеше түрі болады. Айыр түйе- қос өркеш түйе тұқымының бір
  түрі.Аруана-сыңар, яғни жалғыз өркешті түйе.Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа
  төзімді,сүті де мол, бірақ жүні аз болады.  Түйе  сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Шұбат-өкпе,асқазан,ішек
  ауруларына ем. Шудасы-буын, құяң, бүйрек ауруларына ем.Радиациялық сәулелерді
  өткізбейтін қорғаныштық қасиеті мол түйе жүні ғарышкерлерімізге қорған болып
  ғарышты да шарлап жүр.  Шұбат-өте нәрлі және емдік қасиеттерге толы  сусын. «Ақ тұрған жерде ауру тұрмайды» дегендей шұбат дертке дауа болсын
  демекпіз  -"Түйе. Бота" өлеңдеріне көшу.  -Мен оқып беремін. Оқушыларға тізбектеп оқытамын.Мазмұнын талдау.  -Марапаттау 
 
  -2 сұрақтан  топта талдап,  тұжырымды ой айтады  -көреді-ой түйеді-тақырып-мақсаты айқындалады  -Әр топ талқылайды, білім деңгейі төмен оқушы пікірін қорғайды, басқа  оқушылар толықтырады  -Оқиды, талдайды, өз ойларын ортаға салады  -Басқа топ мүшелеріне түсіндіреді        Түйе боздайды. Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Жылқы кісінейді.  -Бір-бірінің дәптерін бағалайды.  -Бейнеролик     -Әр топ қорғайды.        "Қай мал қайтеді?" сұрағына жауап береді, топтан 1 оқушыдан  шығып, тақтада  орындайды.  -Әр топтан бір оқушыдан шығып айтады.     Түйе иесі-Ойсылқара-Түйенің тобы-келе  Төлі-бота     -тыңдайды.                                         Мазмұнын айтады.  -тізбектеп оқиды.  3 шапалақ 
 
  Интерактивті тақта  Слайд      Бейнеролик     Слайд         Сызба     "Айголек" т.б. журналдардан оқығандары,оқушылардың шығармалары                                Слайд 


 
  Сергіту  сәті 
 
  "Төлдер" әніне сергіту сәті  -марапаттау 
 
  -Балалар экранға қарап, би қимылдарын қайталайды  -3 шапалақ 
 
  Видеоклип 


 
  Топтық  жұмыс 
 
  "Суретті сөйлету" ойыны  1-топ  "Арбаға жегілген  ат"  2-топ   "Лақ пен балапан"  3-топ   "Қыз бен қошақан"  4-топ    "Түйелер" 
 
  -Топпен талдайды, ортаға шығып құрастырған әңгімелерін айтады.  -3шапалақ 
 
  Интер. тақта  Суреттер  Слайд 


 
  Ой  толғаныс 
 
  Кері байланыс  "Машинка"  -Әр балаға өзіне берілген сөздегі аталған дауыссыз дыбыстары болса,  орындарынан тұрады.  Сәйкестендіру кестесі тапсырмаларын орындау.  -"Сөздер банкін" құру  Үйге тапсырма  -Ғаламтордан үлкендердің көмегімен түйе, бота туралы мәлімет жинақтау. 
 
     Өткенді пысықтау.  "Сөздегі дауыссыз дыбыстарды анықтау"  "Төрт түлік төлдері"  "Қай мал қайтеді?"     -Жаңа білген сөздерін айтады  -Өлеңді жаттау. 
 
  Слайд 


 
  Бағалау 
 
  -Бүгінгі сабақ ұнады ма?  "Бағдаршам" түстерімен берілген жетондармен сабақты қалай  түсінгендерін көрсетеді.  Мұғалімнің бағалауы.  Сабақ аяқталды! 
 
  -Қолдарымен көрсетеді.  Түсіну деңгейін көрсетеді.  Жасыл--толық меңгердім,сары- толық емес,  қызыл- түсінбедім 
 
  Слайд 

[/table]

2

Re: ҚМЖ 1класс Дауыссыз дыбыстар.Түйе.Бота

Жоспарыңыз жақсы екен. Қолданатын қосымша тапсырмаларыңызды салып жіберіңіз.