401

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Кеш жарық әріптестер! Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға деп дана Абай айтпақшы, шәкірттеріңізге сүйіспеншілікпен рухани адамгершілік құндылықтардың нәрін берейік.

402

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Адам тәрбиелеу  - демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.   А.С Макаренко

403

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қара сен ой көзіңмен  дүниеге бұл
Қарама күнде көрген көзіңмен құр.
Дүние-ол бір теңіз ақ ниетпен,
Кеме істеп сол теңізді аралай біл.
                                         Әбілхасан Рудаки

404

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Карибаева Гульнара пишет:

Мысалы Сызу пәні "Геометриялық фигуралар"тақырыбың өту барысында "шаршы","үшбұрыш", тіктөртбұрыш" т.б. - фигуралардың пішіні әртүрлі болғанымен бәрін бір сөзбен "көпбұрыштар" дейміз. Ендеше, бізде осы көпбұрыштар секілді дініміз, тәніміз, әртүрлі болғанымен рухымыз бірдей біз АДАМБЫЗ. Мәңгілік құңдылықтар білім беру ошағына айналу керек. қорыта айтқанда, біз оқытатың нәрселеріміздің барлығының біртүтас екендігін көрсетуіміз керек- деп білемін. Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті әріптестер?
Менде ертен тест, нұр жібергендерінізге көп рахмет!!!

Жарайсыз, рахмет! Өте жақсы ой. Сәттілік серігіңіз болсын!

405

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Карибаева Гульнара пишет:

"Өзін-өзі тану"пәнінен сабақ беру- сыры терең, жұмбақ, қаусар бұлаққа барар жол екнін түсіндім. Бүгінгі күнде оқушыларға жан қажеттілігі мен қызыгушылығына көніл аударуды күшейтіп, білім мен өмір сүруді әсем үйлесімдікке келтіргенде ғана  оқушылар үшін мектеп рухани  ошағына айналатыны сөзсіз.

Бұл пән мұғалімді де ізгілік жолында шыңдай түседі

406

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қателесіп, қайғы шекпеген, қиындық көрмеген кісі ақиқаттыңда бақыттыңдане екенін білмейді.                                                                                                                                                          Мырзагелді  Кемел
Қазақтың амандығы, тәуелсіздігі жолында  өздерін құрбан еткен зиялыларымыздың тағдыры барлығымыз үшін үлкен қайғы. Зайырлы мемлекетімізде өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу - нағыз бақыт!

Бақытымыз баянды болсын құрметті әріптестер! 

407

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Жабагина Жайдарман пишет:

Қара сен ой көзіңмен  дүниеге бұл
Қарама күнде көрген көзіңмен құр.
Дүние-ол бір теңіз ақ ниетпен,
Кеме істеп сол теңізді аралай біл.
                                         Әбілхасан Рудаки

Сол кеме ізгіліктен жасалуы керек.

408

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Индира Сейфуллина пишет:

Адам тәрбиелеу  - демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.   А.С Макаренко

Әр сәттің бақытын сезіне білетін адам ғана бақытты ұрпақ тәрбиелей алады. Ішкі тыныштығын сақтай алмаған, эмоциясын тізгіндей алмаған адам өзі қандай мазасыз болса, балалардың да мазасын алып, нәтижесінде тура сондай тұлғаны дайындап шығарады. Ол бақытты болашақ құруға кедергісін тигізетін қауіпті іс. Өйткені, ондай педагогтің шәкірті өзіне сенімсіз, ойын жинақтай алмайтын, әлжуаз адамға айналады.  Дидар

409

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

кулжанбекова а. пишет:

Кеш жарық әріптестер! Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға деп дана Абай айтпақшы, шәкірттеріңізге сүйіспеншілікпен рухани адамгершілік құндылықтардың нәрін берейік.

Ия, сүйіспеншілік нұрымен сусындаған ұрпақ, сол нұрды басқаларға да шаша алады.

410

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Өзін--өзі тану" пәнінің әр тарауы, әр тақырыбы баланың бойында рухани- адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез құлқын тірбиелейді, жалпыадамзаттық құндылықтардың адамгершілік принциртері мен мұраттарында ғұмыр бойы  басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға  негізделген. Біздің міндетіміз осы құндылықтарды оқушылар бойына дарыта дамыту. Ендеше, әріптестер, іске сәт!...

411

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Галия Райымбекова пишет:

Оқушылардың бойында бар құндылықтарды жарыққа шығаруына көмесктесу арқылы жақсы мінезді ұрпақ тәрбиелейік

412

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

М. Монтень: «Ізгілік ғылымын түсінбегендерге кез келген ғылым әрдайымзиян әкеледі» - деп айтып өткен.
    Білім тек қана адамның қажетін өтеу үшін емес,өмір сүру үшін қажет.
    Әрбір пәннің мазмұнына рухани – адамгершілік тәрбиенің мазмұнын енгізуіберілген білімді ізгілендіруге мұғалімнің қосатын үлесі мол. Өзін - өзі тану
мен рухани – адамгершілік білім беруді ықпалдастыру ең алдымен беріліп отырған
білімді жандандыру, яғни оның рухани байлығын кеңейту болып табылады.

413

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Әріптестер,  менің сабағымның тақырыбы "Отбасы жарастығы",   шығармашылық тапсырмаға "махаббат гүлін" алдым.  гүл жапырақшасы түрінде қиылған түрлі түсті қағазға , ата-аналарының бойындағы не ұнайды соны жазып, тақтаға іліп, әдемі лала гүлінің бейнесін шығарайық - деп алдым дұрыспа? Сіздердің пікірлеріңіз қандай? Сұраққа байланысты.

414

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

“Адамға қандайда болса көмек келтіретін ой мен іс ізгілік әкеледі.Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе”
Мағжан Жұмабаев 
Қазіргі білім үдерісін рухани адамгершілік және жалпы адамзаттық құндылықтар
арқылы  ізгілендіруді қажет етеді.Ендеше ойымыз, сөзіміз, ісіміз үйлесімді болып, өз бейнемізді оқушыларымыздан көретін болайық.

415 (2015-11-20 02:25:54 отредактировано Галия Райымбекова)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы түн, әріптестер! Ұйқыларыңыз тыныш болсын! Менің шабытым тасып, бір жұмысымды аяқтадым-ау, әйтеуір. Лайым, Дидар Бериковнаның алдынан  сәтті оралуын тілеймін! Сіздерге де соны тілеймін!

416

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ғалияның айтқанындай, түн менің шабытымды келтірсе, күн сол шабытымды жандандырып,қуат беріп, сабақтарды абыройлы өткізуіме көмектесіп жатыр. Жалпы, беталысым жаман емес, әйтеуір, эмоционалдық деңгейге бірде түсіп, ақыры ажырату деңгейіне жеткенімді жұртшылыққа дәлелдеп жүрмін. Рухани деңгей төбемнен қарап тұр: "Қашан маған келесің?" деп. Оған бір ғана қадам қалғанына кәміл сенемін! Сіздерде қалай, әріптестер?

Бәріңізге қайырлы түн!

417

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы таң! Нұрлы күніміз нұрлы істерге толы болсын!

418

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы таң! Құрметті әріптестер! Жұма күнгі жасаған істеріңізге сәттілік тілеймін!
     Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылық, қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың да, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

419

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ардак Хабдолда пишет:

“Адамға қандайда болса көмек келтіретін ой мен іс ізгілік әкеледі.Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе”
Мағжан Жұмабаев 
Қазіргі білім үдерісін рухани адамгершілік және жалпы адамзаттық құндылықтар
арқылы  ізгілендіруді қажет етеді.Ендеше ойымыз, сөзіміз, ісіміз үйлесімді болып, өз бейнемізді оқушыларымыздан көретін болайық.

Барлық ізгі тілектеріміз орындала берсін!

420

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы таң,  нұр жіберуші әріптестер! Жасап жатқан жұмыстарыңыз сәтті болсын. Гүлнар апай тестті жақсы тапсыруыңызға тілекпеспін! Барлықтарыңызға нұр жібердім...

421

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Өзін - өзі тану" пәні - пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейрімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді.

422

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  Көптеген белгілі тұлғалардың атап айтқанда Әбу-Насыр әл-Фараби, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Лев Толстой, Терезе Ана, Махатма Ганди т.б. өмірілері, өздерінің айтуы бойынша балалық шақта естіген әңгімелері мен оқиғалары да балалардың танымдық қабілетінің дамуына зор ықпал етеді деп ойлаймын.

423 (2015-11-20 10:01:07 отредактировано Дайырова Айгуль)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы таң, Құрметті әріптестер! Бастаған істеріңізге сәттілік ! Жүздеріңіз нұрға толсын, қадамдарыңыз гүлге толсын. Әрбір жасаған ісіміздің,артында  бір қайырымы  бар жәнеде  жақсылығы тағы бар.

424

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  "Өзін-өзі тану" пәні өзге пәндерден ерекше.  Байқағаным, әрбір сабақта сыныпқа кіріп келгенде оқушылардың қуанып қарсы алатындығы мені қатты қуантады, өйткені балаларға да бұл пән ұнайды. Барлығы өз ойларын айтып ортаға салады.Бұл пән адамның өзі және ішкі жан дүниесі туралы пән. Адам бола білу керек! "Адам болу!" қағидасын мұрат еткен Абай атамыз өзінің он төртінші қара сөзінде: "Адам бойындағы ең қымбат-оның жүрегі. Мейірімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдай білу, оған өзіне тілейтін игілік тілеу-мұның барлығы жүректің қалауы" деген екен. Міне, сондықтан біздің жүректен шыққан риясыз сүйіспеншілігіміз әрқашан арта берсін деп тілеймін.

425

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Сәлем, құрметті әріптестер!!! ертеңге сәттілік, нұр жіберулеріңізді сұраймын, ата-аналар жиалысы, алдын ала, РАХМЕЕТ!!!