426

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Сәлеметсіздер ме әріптестер? Рухани-адамгершілік білім- бұл жанның түпкі тереңінде болып жатқан ішкі құбылыс. Кез-келген адамның жан дүниесі тек Сүйіспеншілікке ғана құшақ жаяды.

427

Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.

428

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Адамның пейілі таза, көңілі кең, мейірімі мол, әр нәрсені қанағат ынсап тұта алу қасиетінің көптігі ниетке байланысты екендігін Шәкәрімнің «Мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншыл харакет – түп қазығы ақ ниет», – деген нақыл сөзі дәйектей түседі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.

429

Қайырлы күн құрметті, әріптестер! Барлығынызға нұр жібердім.

430

қайырлы таң

431

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Алтынай Аманжол пишет:

Әріптестер,  менің сабағымның тақырыбы "Отбасы жарастығы",   шығармашылық тапсырмаға "махаббат гүлін" алдым.  гүл жапырақшасы түрінде қиылған түрлі түсті қағазға , ата-аналарының бойындағы не ұнайды соны жазып, тақтаға іліп, әдемі лала гүлінің бейнесін шығарайық - деп алдым дұрыспа? Сіздердің пікірлеріңіз қандай? Сұраққа байланысты.

Сәлеметсіз бе? Сұрақты дұрыстаңыз (не ұнайды деген болмайды).

432

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Шаймардан Ариуна пишет:

Адамның пейілі таза, көңілі кең, мейірімі мол, әр нәрсені қанағат ынсап тұта алу қасиетінің көптігі ниетке байланысты екендігін Шәкәрімнің «Мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншыл харакет – түп қазығы ақ ниет», – деген нақыл сөзі дәйектей түседі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.

Жарайсыз Ариуна! Айналаңыз тек жақсы, ақ ниетті адамдарға толсын...

433

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Дидар Бериковна қалыңыз қалай? Уайымдамаңыз барлығы жақсы болады.  Сіз жылы жүректі, мейірімді жансыз.  Бізге жасап отырған қамқорлығыңыз үшін сізге шексіз ризашылығымызды білдіремін.Әрқашанда осылай жүзіңізден күлкі кетпесін, отбасы амандығын тілеймін. Биіктерден көріне беріңіз!

434

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Шаймардан Ариуна пишет:

Адамның пейілі таза, көңілі кең, мейірімі мол, әр нәрсені қанағат ынсап тұта алу қасиетінің көптігі ниетке байланысты екендігін Шәкәрімнің «Мейірім, ынсап, әділет, шыдам, шыншыл харакет – түп қазығы ақ ниет», – деген нақыл сөзі дәйектей түседі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.

Осы ойыңыз бойынша керемет мақала жазуға болады

435

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Жас ұрпақтың рухани әлемінің жағдайы бүкіл қоғам өмірі үшін маңызды орыналады, өйткені жастар біздің болашағымыз. Адамның адамгершілігі – оның жоғары
қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін
өмір сүру, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу, алған білімдерін халықтың игілігі үшін пайдалану. Сол үшін біз күнделікті сабақта беріп жатқан білімімізбен қатаррухани құндылықтарды оқушы бойына сіңдіруіміз қажет.
           Мысылы: Бүгін мен дүниетану сабағында «Су.Судың қасиеті» тақырыбында сабақ өткіздім. Судың қасиеттерін, адам өміріне
маңызын, суды қалай қорғау керектігін түсіндіре келе, оқушыларға мынадай
тәжірибе жасаттым. Екі кесе алып, біреусіне таза су, ал екіншісіне лас су
құйып, екі кесеге де губка салдық. Губкалар суды сорып алды. Сосын ол
губкаларды сықтық. Таза суды сорған губкадан таза су шықты, ал лас суды сорып
алған губка лас суды сыртқы ортаға шығарды. Яғни бұл жерде, оқушыларға адамның
санасы да дәл осындай. Егер біз санамызды үнемі тазалап, жақсы ойлармен
толтыратын болсақ, онда сыртқы ортаға тек жақсылықты ғана шығарамыз. Әр адам
жақсылық ойлап, жақсы істер істесе, онда әлем өзгеретіні анық,- деп сабағымды
қорытындылап кеттім.

436

Салеметсіздер ме құрметті әріптестер! Арайдың пікірімен толық келісемін. Оқушыларға жанды білім беруді қолға алуда барлық пәндерді өзін-өзі тану пәнімен интеграциялаудың тиімділігі өте зор. Мен де бүгін  физика пәні мұғалімімен бірлесе отырып "Бірқалыпты емес қозғалыс" тақырыбында интеграцияланған сабақ өткіздім. Физика пәнінің мұғалімі бірқалыпты қозғалысқа бейнебаян арқылы мысал келтірген соң, мен өмірмен байланыстыра отырып тұйін жасап кеттім. Мысалы: дененің тең уақыт аралығындағы жүріп өткен жолын адамның өлшеп берілген өмірі деп қарастырайық. Осы өмір жолында адамға әр түрлі жағдайлар кездесуі мүмкін. Сондай кездерде болмашы нәрселерге ашу шақырмай, өз эмоциясын басқара біліп, бір қалыпта ұстай алса, ондай адамның рухани дұниесі яғни адамгершілігі жоғары болады. Ал рухани жан дүниесі жоғары адам ақ пен қараны ажырата алатын, ешкімге қиянат жасамай, сүйіспеншілікпен өмір сүретін болады. Олай болса ондай адамның өмірі де "Бірқалыпты қозғалыс" ережесіндегідей бірқалыпты болып, ішкі тыныштығымыз орнайды. Ендеше ішкі тыныштығымыз болса біз толерантты әрі кешірімшіл де бола аламыз деп түйін жасадым. Осыған керісінше бірқалыпты емес қозғалысқа да өмірмен байланыстыра отырып мысал келтірдім.  Балалар салыстырмалы түрде келтірілген мысалды тез түсініп, қызығушылықпен іліп әкетіп өз ойларын қосты. Сабақ соңында физика пәні мұғалімі сабаққа рефлексия жүргізгенде оқушылар физиканы өмірмен байланыстыра отырып,жалпыадамзаттық құндылықтарға мысал келтірудің қатты ұнағаны жайлы өз өмірлерінен мысалдар келтіре отырып, жауап бергенде жанды білім берудің баланың табиғатына тән, жанына жақын, қабылдауына жеңіл екенін аңғардым. Ашық сабаққа қатысқан өзге де пән мұғалімдері өз сабақтарында осындай интеграцияланған сабақ өткізуге ұсыныстар жасады.

437

Галия Райымбекова пишет:

Дидар Бериковна қалыңыз қалай? Уайымдамаңыз барлығы жақсы болады.  Сіз жылы жүректі, мейірімді жансыз.  Бізге жасап отырған қамқорлығыңыз үшін сізге шексіз ризашылығымызды білдіремін.Әрқашанда осылай жүзіңізден күлкі кетпесін, отбасы амандығын тілеймін. Биіктерден көріне беріңіз!

Көп-көп рахмет! Тілектеріңіз орындала берсін, әлемдегі бақытты жандардың бірі болыңыз!

438

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Symbat Ilyashova пишет:

Салеметсіздер ме құрметті әріптестер! Арайдың пікірімен толық келісемін. Оқушыларға жанды білім беруді қолға алуда барлық пәндерді өзін-өзі тану пәнімен интеграциялаудың тиімділігі өте зор. Мен де бүгін  физика пәні мұғалімімен бірлесе отырып "Бірқалыпты емес қозғалыс" тақырыбында интеграцияланған сабақ өткіздім. Физика пәнінің мұғалімі бірқалыпты қозғалысқа бейнебаян арқылы мысал келтірген соң, мен өмірмен байланыстыра отырып тұйін жасап кеттім. Мысалы: дененің тең уақыт аралығындағы жүріп өткен жолын адамның өлшеп берілген өмірі деп қарастырайық. Осы өмір жолында адамға әр түрлі жағдайлар кездесуі мүмкін. Сондай кездерде болмашы нәрселерге ашу шақырмай, өз эмоциясын басқара біліп, бір қалыпта ұстай алса, ондай адамның рухани дұниесі яғни адамгершілігі жоғары болады. Ал рухани жан дүниесі жоғары адам ақ пен қараны ажырата алатын, ешкімге қиянат жасамай, сүйіспеншілікпен өмір сүретін болады. Олай болса ондай адамның өмірі де "Бірқалыпты қозғалыс" ережесіндегідей бірқалыпты болып, ішкі тыныштығымыз орнайды. Ендеше ішкі тыныштығымыз болса біз толерантты әрі кешірімшіл де бола аламыз деп түйін жасадым. Осыған керісінше бірқалыпты емес қозғалысқа да өмірмен байланыстыра отырып мысал келтірдім.  Балалар салыстырмалы түрде келтірілген мысалды тез түсініп, қызығушылықпен іліп әкетіп өз ойларын қосты. Сабақ соңында физика пәні мұғалімі сабаққа рефлексия жүргізгенде оқушылар физиканы өмірмен байланыстыра отырып,жалпыадамзаттық құндылықтарға мысал келтірудің қатты ұнағаны жайлы өз өмірлерінен мысалдар келтіре отырып, жауап бергенде жанды білім берудің баланың табиғатына тән, жанына жақын, қабылдауына жеңіл екенін аңғардым. Ашық сабаққа қатысқан өзге де пән мұғалімдері өз сабақтарында осындай интеграцияланған сабақ өткізуге ұсыныстар жасады.

О, жарайсыз! Сіздер осындай ойлар жазғанда барлық әріптестер осылай ой бөліссе екен деп тілеймін! Парасатты ойларыңыз арта берсін!

439

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

арай пишет:

Жас ұрпақтың рухани әлемінің жағдайы бүкіл қоғам өмірі үшін маңызды орыналады, өйткені жастар біздің болашағымыз. Адамның адамгершілігі – оның жоғары
қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі – өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін
өмір сүру, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу, алған білімдерін халықтың игілігі үшін пайдалану. Сол үшін біз күнделікті сабақта беріп жатқан білімімізбен қатаррухани құндылықтарды оқушы бойына сіңдіруіміз қажет.
           Мысылы: Бүгін мен дүниетану сабағында «Су.Судың қасиеті» тақырыбында сабақ өткіздім. Судың қасиеттерін, адам өміріне
маңызын, суды қалай қорғау керектігін түсіндіре келе, оқушыларға мынадай
тәжірибе жасаттым. Екі кесе алып, біреусіне таза су, ал екіншісіне лас су
құйып, екі кесеге де губка салдық. Губкалар суды сорып алды. Сосын ол
губкаларды сықтық. Таза суды сорған губкадан таза су шықты, ал лас суды сорып
алған губка лас суды сыртқы ортаға шығарды. Яғни бұл жерде, оқушыларға адамның
санасы да дәл осындай. Егер біз санамызды үнемі тазалап, жақсы ойлармен
толтыратын болсақ, онда сыртқы ортаға тек жақсылықты ғана шығарамыз. Әр адам
жақсылық ойлап, жақсы істер істесе, онда әлем өзгеретіні анық,- деп сабағымды
қорытындылап кеттім.

Көп-көп рахмет! Шығармашыл педагогтерге шабыт тілеймін! Губканы - Сусорғыш, сосын суды сорды дегеннің орнына - суды сіңірді деп жазсаңыз тіпті керемет болады. Жарайсыз!

440

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Нурбакыт Сапарова пишет:

Сәлеметсіздер ме әріптестер? Рухани-адамгершілік білім- бұл жанның түпкі тереңінде болып жатқан ішкі құбылыс. Кез-келген адамның жан дүниесі тек Сүйіспеншілікке ғана құшақ жаяды.

Рахмет, адамдарға сүйіспеншілік нұрын шаша берейік!

441

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бекишева Жулдыз пишет:

Қайырлы күн құрметті, әріптестер! Барлығынызға нұр жібердім.

Сізге шығармашылық шабыт тілеймін!

442 (2015-11-20 21:46:00 отредактировано Дидар Бериковна)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Мәңгілік Елді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға бай, парасатты ұрпақ қана көркейте алады. Дидар Какенова

443

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Сүйіспеншілік - өзін-өзі танудың негізін қалаушы құндылық" , деген сөздеріңізді жадымызда сақтап жүрміз.

444

Мысалы: Математиканы жақсы көру керек... Куанышты көбейтіп, қайғыны бөлісіп, өткенді алып тастап, келешекке үмітті қосып  және жүректің тереніне үңіліп, қалауымызды есептей алуымыз керек...

445

Кеш жарык  әріптестер

446

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

[table]
 
Адамгершілікке тәрбиелеу  құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі
 
Ыбырай  Алтынсарин
 
[/table]Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани байадамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

447

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Кеш жарық!Сәлеметсіздер ме ,Әріптестер!
Жоғары ізгілік мұраттардың ен құндысы-руханилық.Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойына шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.
Әр нәрсені өз бойыңнан  өткізсең ғана, екінші   адамнан сол нәрсені  талап ете аласың.

448

Карибаева Гульнара пишет:

Мысалы: Математиканы жақсы көру керек... Куанышты көбейтіп, қайғыны бөлісіп, өткенді алып тастап, келешекке үмітті қосып  және жүректің тереніне үңіліп, қалауымызды есептей алуымыз керек...

Дұрыс айтасыз! Жақсы идея, жақсы қасиеттеріміз істерімізден көріне берсін!

449

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Bekbosyn Jaidarman пишет:

"Сүйіспеншілік - өзін-өзі танудың негізін қалаушы құндылық" , деген сөздеріңізді жадымызда сақтап жүрміз.

Барлық қиындықты да жеңетін - Сүйіспеншілік!

450

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Жабагина Жайдарман пишет:

Кеш жарық!Сәлеметсіздер ме ,Әріптестер!
Жоғары ізгілік мұраттардың ен құндысы-руханилық.Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойына шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.
Әр нәрсені өз бойыңнан  өткізсең ғана, екінші   адамнан сол нәрсені  талап ете аласың.

Ия, осындай нұрлы ойдың иесінің істері де нұрлы болады