526

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Динара Сагимбекова пишет:

Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекеткеүйретудің мақсаты  - рухани адамгершілік
құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген
мінезі бар адамды қалыптастыру. Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы текжақсылыққа, қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса,
ұстаздың, ата-анасының да болашағы зор болмақ.

Мәңгілік Елдің болашағы жарқын болады! Адамзаттың мұратына жетуіне ықпалы мол болады.

527

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Шаймардан Ариуна пишет:

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрініс болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады. 
Адамның ішінде болмайды аласы, 
Оларды бұзатын нәпсінің таласы демекші бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді көбейтіп, рухымызды биікке көтерейік.

Ия, ал біздің ұрпақ осы руханилылықты тыныс алысы сияқты сезініп, әр ісінде ар-ұятына жүгінсе, болашағымыз жарқын болады. Ізгі ойыңызға рахмет!

528

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Bekbosyn Jaidarman пишет:

Қайырлы күн әріптестер! Ариуна сізбен келісе отырып, қазір ұл- қызымыздың білімді, әдепті, тәртіпті, мәдениетті болуын армандаймыз. Ұрпақтың бойында біліммен қатар адами жақсы қасиеттерді меңгерту үшін ең алдымен ата- ананың, ұстаздардың, әсіресе өзін- өзі тану пәні мұғалімдерінің орны зор екенін айтқым келеді.

Ия, сондықтан, барлық педагогтердің ізгі істеріне сәттілік тілеймін!

529

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы күн әріптестер. Жұмыстарыңызға табысты болсын! Әрқашан игі істер істеп жүрейік.

530

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бiр патша өзінe ұдайы кeңeс бeрeтін төрт данасын шақырып: «Әркім бiр-бiрдeн нақыл айтсын, oлар өнeгeлi тәрбиeнiң нeгiзi бoлсын», - дeптi. Сoнда бiрiншiсi: «Тiршiлiктe eң лайықты қылық – үндeмeу»,- дeптi. Eкiншiсi: «Ең пайдалы iс – өз ақылыңның шама-шарқын аңғармай тұрып, сөзгe кiрiспeу», - дeгeндi айтыпты. Үшiншiсi: «Адам үшiн eң пайдалы iс - алды-артын oйламай сөйлeмeу», - дeптi. Төртiншiсi: «Адамға eң жайлы жағдай – тағдырдың дeгeнінe көну» дeгeн eкeн.

531

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені. Қиыншылықтың бәрі соның басында.  Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды.
                                                                                                 Абай

532

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы кеш, құрметті әріптестер!

533

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бала тәрбиесі - өзекті мәселе. Бала білуге жаны құмар, көргеніне еліктегіш, түсінбесе сұрағыш келеді. Баланың көкірегі таза сыншыл және шыншыл болады. Баланың сол қасиетін сақтау үшін оған тура, шыншыл, адамгершілік тәрбие керек.

534

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Күнделікті жанталасқан өмір ағысында санамызды ыс баспауын қадағалап отыру оңай емес екен. Соған күнде бірнеше мәрте көзім жетуде.

535

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ия, соны ұғыну, қолға алу, ол туралы ойлану - нағыз білім!

536

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Мәңгілік рухани құндылықтарғадеген қажеттілік әр адамға тән қасиет.                                                                                                       А. Маслоу

537

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. 
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

538 (2015-11-23 20:02:15 отредактировано Дайырова Айгуль)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Ьілім-таусылмайтын кен".Іздеген сайын молайып,тереңіне тарта түседі,ал білім қуған адам тереңірек үңілген сайын,азаматттық,адамдық  тұрғыда бейіктей берері хақ.

539

540

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Адам баласы байлығынан, бақ - дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақытының мән - мағынасыз  өтіп жатқанын елең қылмайды.  Абул - Фарадж

541

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Бір уәзірдің баласы ақымақ екен. "Тәрбиеленсін " деп бір ғалымға беріпті.Ғалым уәзірдің баласын ұзақ оқытыпты.Бір күні әкесіне хабар жіберіп:"Балаң ақылды болатын емес, оның есесіне өзім ақымақ болуға айналдым", - депті.
   Адам ақымақ болса, темірді қанша ысқыласаң да, жалтырамайды, ол да сондай.Итті суға бір апта салсаң да, күннен- күнге кір болуын қоймайды. Иса мінген есекті Меккеге неше апарсаң да, Меккеден бәрібір есек болып оралады.

542

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы кеш, әріптестер!
Менің осы құндылықтар практикасында өткізіп жүрген жұмыстарымнан әр күн сайын өзімнің еңбегімнің жемісін көріп, ұстаздар мен шәкірттерімнен, ата-аналарымнан алған алғыстарым мен олардың жүздерінен төгілген  шуақтарынан осы  өзін-өзі тану пәнінің кереметтігін , құдіретін сезіндім.  Осы пәннің тәтті дәмін  біздің  жан дүниемізге жеткізе алған ұстазымыз Дидар  Бекрікқызына деген алғысым шексіз.

543

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

 Білім-ең сенімді байлық! Оны ешкім тартып ала алмайды. Адам бойындағы талапты жетілдіре білу абыройлы іс болмақ. Ұстаздар, оқушының бойындағы артықшылығын дер кезінде жандандырып, жетілдіре білсе, ол оқушының қарым-қабілеті артып, жұлдыздар жарқырайды. Осы ретте "Өзін- өзі тану"  пәнінің орны ерекше....Ендеше әріптестер! Бірге ат салысайық.

544

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Адамды тәрбиелеу-демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
                                                                                    А.С.Макаренко

545 (2015-11-24 01:42:14 отредактировано Галия Райымбекова)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
                                      Төле би

546

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы түн, әріптестер! Жайлы жатып, жақсы тұрыңыздар! 

547

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы таң,құрметті әріптестер! Күніміз нұрға толсын.Жұмыстарыңызға сәттілік, жүректеріңізге тыныштық тілеймін!

548

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.Сол ұмтылыс барысында бойымызда сіңіп қалған ысымызды тазалау бізге оңайға түспейді, дегенмен оның барлығын істеу өз қолымызда екендігін осы РАББ курсын өту арқылы түсіндім.

549

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы таң, әріптестер! Сәлеметсіз бе Дидар Бериковна! Барлықтарыңызға нұр жібердім. Жүректеріңіз нұрға толсын. Бастаған жұмыстарыңызды сүйіспеншілікпен бастап, лайым сәтті өтсін!  

550

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

 "Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ол үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың" дегендей бала жүрегіне адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру -ата -ана мен мектептің жүрегі. Сол арқылы жас шыбыққа тәрбие беруде ата -ана мен мектептің арасында ортақ мейірімділік, сыпайылық, сүйіспеншілік, бауырмалдылық  кішіпейілділік сынды қасиеттерді баланың жан дүниесіне сіңіру біздің міндетіміз.Ендеше балаға деген сүйіспеншілігіміз арта берсін!