601 (2015-11-25 09:06:26 отредактировано Галия Райымбекова)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  Қайырлы таң, әріптестер!  Барлықтарыіызға нұр жібердім. Бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін. 

602

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы тан, әріптестер!

603

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы таң, әріптестер! Бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілеймін.

604

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  Э.Хемингуэй: "Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өмірінде өз міндеттері бар" деген екен.  Сондықтан да әрбір адам өмірге келгеннен кейін оның артында ізі қалардай мәнді өткізе білуі қажет. Адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын, дүниенің көкжиегі  де соғұрлым кеңейе бермек. Ендеше, әрбір жасаған жұмыстарымыз сүйіспеншілікпен басталсын. 

605 (2015-11-25 10:07:47 отредактировано Галия Райымбекова)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар бізді біріктіреді, біздің жүрегімізде өмір сүреді.
 "Ізгілік! Ізгілік!" деп ұранымыз,
  Ізгіліксіз мәнді өмір сүре алмаймыз,
  Ісіміз-ақ, ниетіміз пәк болмаса,
  Жүректегі ізгілікті аша алмаймыз!    Расында да бойымыздағы ізгілік қасиетті аша алмасақ, онда біздің өміріміз мәнсіз болмақ. Ал оны ашуды әр адам өзінен бастайды. Осы орайда маған түрткі болған ізгі педагог Ш.А.Амонашвилидің еңбектері, өзінің ой-пікірі. Менің  түсінуімше әрбір баланың жеке қабілеттері мен бойындағы жеке дара қасиеттерін ашып, дамытуды бізге мақсат етеді. Ол кісінің пікіріне сүйенсек: "Балалар білімді аңсайды, бірақ жанды білімді аңсайды" дейді.  Сонда білім беру дұрыс дамуы үшін зияткерлік білім мен рухани-адамгершілік білім үйлесімді болуы керек. Осы орайда "Өзін-өзі" тану пәнінің орны ерекше. Ендеше іске сәт, бізідің нұр жіберуші әріптестер! Барлығыңызға ақ жол тілеймін. Күніміз нұрлы, ашпанымыз ашық болсын. Ақиқат жолында дұрыс әрекет жасайық.

606

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.

607

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен–     тарихтағы ең ұлы істің бірі"                                                                                                               Ушинский Константин Дмитриевич

608

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы күн, әріптестер! Бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін. Күндеріңіз шуақты болсын!

609

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ұстаз - барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Ұстаздың  негізгі мақсаты рухани бай ізденімпаз, адамгершілігі мол шәкірт  тәрбиелеу.

610

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Cабыр деген әр іске шыдамдылық,
Өте керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талай жан ізденеді.
Осыдан кеп шығады адамшылық.
 Ә р істеріңізге сабырлық тілеймін

611

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы күн әріптестер. Бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілеймін!

612

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Галия Райымбекова пишет:

  Э.Хемингуэй: "Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өмірінде өз міндеттері бар" деген екен.  Сондықтан да әрбір адам өмірге келгеннен кейін оның артында ізі қалардай мәнді өткізе білуі қажет. Адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын, дүниенің көкжиегі  де соғұрлым кеңейе бермек. Ендеше, әрбір жасаған жұмыстарымыз сүйіспеншілікпен басталсын. 

Сүйіспеншілікпен жасаған ісіміз көбейген сайын сол істің берекесі арта түседі

613

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

"Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар-адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек"
                                                                                                             Ш.Құдайбердіұлы

614

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың: "Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады", деген аталы сөзі әр қазақтың санасында сақталуы керек.

615

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Әр бала өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Ендеше олардың бойындағы сол талантты дамыту біздің үлесімізде.

616

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Дүние базарына бардым... Мейірімділік бағасы көтеріліп кетіпті, ала алмадым... Намыс арзан, көбісі оны сатуда... Шүкіршілікті мүлдем таба алмадым... Достық деген маскалар көп екен... Махаббат деген ойыншықтардың талайы тұр... Адамдардың аяқтарының астында Қадір деген топырақ шашылып жатыр... Көлеңкеде Жүрек деген қайыршыны көрдім... Олар адамдарға қарап "Мейірім садақа қылыңызшы" деп жалынуда..."-деген смс келді таңертен. Шынымен мына өмірде осындай масқаралар орын алып барады. Сондықтан өмірді, әлемді жақсылыққа, мейірімділікке толтыру өз қолымызда. Біздің қолымызда, ұстаздар. Олай болса мейірімімізді, сүйіспеншілігімізді жан жарымыздың, балаларымыздың, мектептегі әрбір әріптестерімізге, оқушыларымызға, олардың ата-аналарының  бойына ұялата білейік. Біздің жүрегімізден шыққан сүйіспеншілікті және мейірімділікті олар да өздерінің туыстарына, достарына, таныстарының бойына дарыта алады. Сонда ғана жүрегі сүйіспеншілікпен мейірімділікке толы адамдар жер бетін жақсылыққа, игі істерге толтыра алады. Ендеше, мейірімділікке, сүйіспеншілікке толы нұр жібердім сіздерге, әріптестер!

617

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

арай пишет:

Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.

Ия, осы ой барлық әрекеттің шегі бар екендігін нұсқайды

618

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Өзін-өзі білген -ер бақытты,
Өзін-өзі билеген- ел бақытты.
                          Халық мақалы

619

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді.
                                                                                     Л.Н.Толстой

620 (2015-11-25 15:38:25 отредактировано Бекишева Жулдыз)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр,
Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр.
Тағдырдың  қиын,сырлы сиқырымен
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.
                                                               
                                              
                                                         Шәкәрім

621

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Сіздердің ізгілікке толы ойларыңызды оқыған адамның рухани жан дүниесіндегі ар-ұжданның үнін есту мүмкіндігі арта түседі. Рахмет!

622 (2015-11-25 19:56:10 отредактировано Галия Райымбекова)

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Әр бала-керемет рухани күш иесі. Олар шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Сондықтан кез келген ұстаз,мұғалім әр балаға рухани күш ретінде қарау керек. Әріптестер, біздің пән рухани байлығы мол, жалпыадамзаттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген болашақ азаматтарын тәрбиелеу болса, сол күрделі де игілікті іс Сіздердің қолдарыңызда, қадірлі нұр жіберуші әріптестер! Сіздердің қиын да қызыққа толы ұстаздық қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Әр оқушыңыз бақыт шуағына бөлене берсін!

623

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Қайырлы кеш  әріптестер!  Мұғалімдерге арналған семинарларың қалай өтіп жатыр?

624

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Кеш жарық, әріптестер!
Адам,ғалам ғажайып жеке дана,
Жан құмары ізденген мәңгі сана.
Өзіңді-өзің танысаң-істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
                                         Әл-Машани

625

Re: "Өзін-өзі тану" РАББ бағдарламасы. Базалық деңгей. Қарағанды.

Өз бетімен танып білуге құштарлану,талпыну,іздену адам еркі мен мінезін шынықтырып ,шыңдайды.Өмірдегі әр түрлі жағдайлардағы қиындықтарға қарамай мақсатқа жетуге көмектеседі.Ізденіс алдыңа қойған мақсатқа жетуге ұмтылдырып,талпындырады.

Сондықтанда  ізденіс үстінде шыңдала түсейік.Жалтырауымызды тоқтатпайық!
Істеріңіз сәтті, еңбектеріңіз жемісті болсын!