Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study - оқушылардың білімдерін көтеру мақсатында өткізіледі.Lesson Study барысында мұғалімдер:
Мұғалімдер тобы /кем дегенде 3 мұғалімнен/ қатысады;
Сабақ жоспарларын бірлесе құрады;
Үш деңгейдегі оқушыларды анықтайды;
Зерттеуді, бағалауды, бақылауды, талдауды бірлесе жүргізеді.
Оқушылармен сұхбат жүргізеді;
Әріптестерімен бөліседі.
Маған берілген 11 «А»,11 «В», 11 «С», 7 «А»-сыныптары болды.Біздің мектебіміз – физика және математика бағытындағы мектеп болғандықтан жаратылыстану бағытындағы сабақтарда оқушылар топқа бөлініп оқытылады. Барлық сынып бөлмелері қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Оқушылардың саналы да, тиянақты білім алуына барлық жағдай жасалынған.
Жұмысымның алғашқы күні менде пайда болған алғашқы сұрақ: Неден бастау керек?
7 «А»сынып оқушылары мектепке жаңадан қабылданғандықтан болар, алғашқы кезде оқушылар арасында адаптацияда жүрді. 11 сынып оқушылары таңдау пәндері бойынша оқытылатын болғандықтан, оларды бағыт бойынша сыныптарға бөлінген. Әрине топқа бөлініп оқыту оқушылардың білім деңгейін анықтауда қиындық туғызған жоқ. Енді не істеуім керек? Оқушылардың жақсы көрсеткіш көрсетпеуіне не себеп болып жатыр? деген сұрақтар туындады. Мен олай болса,Ұлыбритания мектептеріндегі сияқты «оқушы үніне» құлақ салудан бастауды қажет деп таптым. «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы Джин Раддок «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты –қабылдаушының көзқарасы түрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазған.
Мен 11 А,В,С, 7А сыныбындағы бірнеше оқушылармен сөйлесіп, мынадай қортынды шығардым:
Жазғы демалыстан келгендіктен оқушылар, бұрынғы білгендерін ұмытып қалған.
7-сыныптар үшін жаңа мектепке келген оқушылар және 11-сыныптар үшін бір сыныптан басқа сыныпқа ауысқанына байланысты адаптациядан өтіп жатыр.
3.Бұрынғы мектебіндегі (7-сыныптар үшін) талап басқаша болған.Оқушыларды тек жаттандылыққа тәрбиелеп, сабақты өмірмен байланыстыруға, өз білімін практикада қолдана білуге мән берілмеген. Сондай қалыпқа дағдыланған балаларға алған білімін практикамен ұштастыру қиындық туғызды. Әріптестер арасында жобадан кейін осы кедергіні жою мәселесін талқыладық.
Осы ретте, желтоқсан айында сыныбында метапәндік сипатта сыныптағы білім сапасын көтеру, сонымен қатар пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында сынып жетекшісімен, мектеп психологымен, мектеп модераторымен бірлескен түрде Lesson Study өткізілді.
Неге осы сынып таңдалып алынды? Себебі 7 «А» І оқу тоқсанның қорытындысы бойынша 7-сыныптар арасында ең төменгі білім сапасын көрсетіп отырған 7 «А» сыныбы болды. Зерттеу жүргізу үшін қазақ тілі, ағылшын тілі және физика пәні мұғалімдерінің бірлесуімен Lesson Study-ді өткізу жоспары құрылды.
Ең алдымен «Зерттеуді қандай бағытта жүргіземіз? деген сұрақ туындады. Ол үшін мектеп психологымен бірлесе отырып, оқушыларға сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысында «Саған сабақтың қай бөлігі қиындық тудырады?» деген сұрақ басымдыққа ие болды. Себебі, аталған сұраққа жауап беруде оқушылардың 71% «Өз бетімен жұмыстан» қиналатындықтарын атап көрсеткен.Нәтижесінде Lesson Study өткізу үшін «Білім сапасын арттыру мақсатында оқушылардың өз бетімен жұмысын жетілдіру» тақырыбы таңдалып, келесідей күтілетін нәтиже анықталды:
Берілген мәтіннен негізгісін сұрыптай алады;
Өз бетімен тірек-сызбалармен, кестелермен, суреттермен жұмыс жасай алады;
Оқыған материалдарына сүйене отырып, жоспар құра алады;
Қосымша алынған материалдарды тақырыппен байланыстырып, өз бетімен талдай алады;
Білім сапасы артады.
Lesson Study үш цикл бойынша өткізілді. 1-циклде алғашқы зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланып, өткізілді, сабақ соңынан оқушылармен сұхбат жүргізіліп, олардың пікірлері ескеріле отырып, зерттеу жүргізуші мұғалімдер бірлесе талдау жасап, келесі зерттеу сабағы бірлесе жоспарланып отырды. Осындай іс-әрекет әрбір зерттеу сабағынан кейін қайталанып отырды.