@elena-1973 Добрый день.Добавьте, пожалуйста, материалы исследования (план, список литературы, методы исследования, сценарии занятий, выступления по теме, отчет о проведенном исследовании и ссылку на публикацию, если она уже отправлена куда либо.
Білім беру ұйымы «Лисаков қаласы №3 ЖББМ»КММ
Бөлімі Парасаттылық және әдеп
Педагогтің аты жөні: Тайманова А.Ж
Күні: 7.11.2023ж
Сынып: 7 А,Б Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Жаһандық құзіреттілік деген не?
Сабақтың мақсаты: Термин сөздермен таныстыра отырып,Жаһандық сөзінің мағынасын ашу.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі (уақыты) Педагог әрекеті Оқушының әрекеті Ресурстар
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Амандасу.
Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.
Жаһандық құзыреттілік – бұл белгілі бір нақты дағдылар емес, басқа мәдени ортаға жататын адамдармен тікелей немесе виртуалды әрекеттестік барысында және жекелеген тұлғалардың қатысуымен жаһандық проблемаларды шешуде (яғни, адамның қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін, ұлттық шекаралары жоқ проблемаларды түсінуін талап ететін жағдайларда) табысты қолданылатын білімнің, дағдылар мен көзқарастардың, қарым-қатынастар мен құндылықтардың жиынтығы.
Курстың юниттері
Оқушылар жаһандану сөзіне талдау жасайды.