К
Интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2019 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясын бастамасымен өткізуде.
Аталған іс-шара мақсаты оқушыларды смартфондардан, компьютерлерден және жаһандық желіден алшақтату, бұл күнді тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақын адамдармен коммуникативтік қарым-қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектеседі.